О мерах по организации приписки граждан к призывному участку отдела по делам обороны Мунайлинского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.02.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мұнайлы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. «Мұнайлы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі, 2011 жылғы ақпан - наурызда, 1994 жылы туған, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын және бұрын тіркеуден өтпеген, Мұнайлы ауданының аумағында тұрып жатқан ересек жастағы еркек жынысты азаматтардың әскерге шақыру учаскесіне тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Меншік нысандарына қарамастан кәсіпорын, мекеме, ұйым және оқу орындары басшыларына ұсынылсын:
Тармақша 1
1) тіркелуге жататын азаматтарды ауданының шақыру учаскесіне шақыру жөнінде құлақтандыруын және шақыру бойынша уақытында келуін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) тіркелуге дейінгілерді әскери есепке қою үшін қажетті уақытқа, жасөспірімдерді жұмыс (оқу) орындарындағы жалақыларын (стипендияларын) сақтай отырып, жұмыстан (оқудан) босату.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Ондабаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Мұнайлы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Г.Мендбаев 22 ақпан 2011ж.