Об установлении водоохранной зоны и полосы реки Аят на четырех земельных участках, предназначенных для ведения горных работ по разработке золотомедного месторождения «Варваринское», расположенных в Асенкритовском сельском округе района Беимбета Майлина, режима и особых условий их хозяйственного использования Күшін жойған
Басқа 0
Бейімбет Майлин ауданының Асенкритов ауылдық округінде орналасқан «Варварин» алтынмыс кен орнын әзірлеу жөніндегі тау жұмыстарын жүргізуге арналған төрт жер учаскілерінде Аят өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Уәкілетті органдармен келісу бойынша, бекітілген жобалау құжаттамасы негізінде Бейімбет Майлин ауданының Асенкритов ауылдық округінде орналасқан «Варварин» алтынмыс кен орнын әзірлеу жөніндегі тау жұмыстарын жүргізуге арналған төрт жер учаскілерінде Аят өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Бейімбет Майлин ауданының Асенкритов ауылдық округінде орналасқан «Варварин» алтынмыс кен орнын әзірлеу жөніндегі тау жұмыстарын жүргізуге арналған төрт жер учаскілерінде Аят өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің Қостанай облысы бойынша
департаменті" мемлекеттік мекемесінің
директоры
________________________ Г. Естекбаев
"Қазақстан Республикасы жер ресурстарын
басқару агенттігінің Қостанай және
Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша
өңіраралық жер инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________________________ М. Дихаев
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Су ресурстары комитетінің Су
ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау
жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________________________ Г. Оспанбеков
"Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
қорғау министірлігі Экологиялық реттеу
және бақылау комитетінің Тобыл-Торғай
экология департаменті" мемлекеттік
мекемесі бастығының міндетін атқарушы
________________________ М. Орынбасаров
"Қостанай облысы әкімдігінің табиғи
ресурстар және табиғат пайдалануды
реттеу басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
______________________ Қ. Төлеубаев
Қостанай облысы
Таран ауданының әкімі
_______ А. Бондаренко
Басқа 4
Әкімдіктің
2011 жылғы 17 ақпандағы
№ 71 қаулысына
1-қосымша
Бейімбет Майлин ауданының Асенкритов ауылдық округіндегі
төрт жер учаскілерінде орналасқан "Варварин"
алтынмыс кен орнын әзірлеу жөніндегі тау
жұмыстарын жүргізуге арналған Аят өзенінің су
қорғау аймағы мен белдеуі
Су объектісі,
оның телімі
Су қорғау аймағы
шекараның
ұзақтығы,
ұзындығы
(метр)
шекараның
ұзақтығы,
ауданы,
(гектар)
шекараның
ұзақтығы,
ені (метр)
Аят өзені
Бейімбет Майлин ауданының
Асенкритов ауылдық
округіндегі
"Варварин" алтынмыс
кен орнын әзірлеу
жөніндегі тау
жұмыстарын жүргізуге
арналған төрт жер
учаскесі:
№ 9 жер учаскесі
№ 4 жер учаскесі
№ 5 жер учаскесі
№ 6 жер учаскесі
(су қорғау аймағы
мен белдеуін
белгілеу жобасына
тапсырыс беруші –
"Варварин"
акционерлік қоғамы)
150
1200
680
570
7,5
42,5
34,0
28,5
500
500
500
500
кестенің жалғасы:
Су объектісі,
оның телімі
Су қорғау белдеуі
шекараның
ұзақтығы,
ұзындығы
(метр)
ауданы
(гектар)
ені (метр)
Аят өзені
Бейімбет Майлин ауданының
Асенкритов ауылдық
округіндегі
"Варварин" алтынмыс
кен орнын әзірлеу
жөніндегі тау
жұмыстарын жүргізуге
арналған төрт жер
учаскесі:
№ 9 жер учаскесі
№ 4 жер учаскесі
№ 5 жер учаскесі
№ 6 жер учаскесі
(су қорғау аймағы
мен белдеуін
белгілеу жобасына
тапсырыс беруші –
"Варварин"
акционерлік қоғамы)
35
650
680
570
0,35
6,5
6,8
5,7
100
100
100
100
кестенің жалғасы:
Су объектісі,
оның телімі
Су қорғау белдеуі
орташа көп
жылдық судың
сабалық
кемері
(метр)
Аят өзені
Бейімбет Майлин ауданының Асенкритов
ауылдық округіндегі "Варварин"
алтынмыс кен орнын әзірлеу
жөніндегі тау жұмыстарын
жүргізуге арналған төрт жер
учаскесі:
№ 9 жер учаскесі
№ 4 жер учаскесі
№ 5 жер учаскесі
№ 6 жер учаскесі
(су қорғау аймағы мен белдеуін
белгілеу жобасына тапсырыс
беруші – "Варварин"
акционерлік қоғамы)
174,85
174,85
174,85
174,85
Басқа 5. Бейімбет Майлин ауданының Асенкритов ауылдық округінде орналасқан «Варварин» алтынмыс кен орнын әзірлеу жөніндегі тау жұмыстарын жүргізуге арналған төрт жер учаскілерінде Аят өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары
Әкімдіктің
2011 жылғы 17 ақпандағы
№ 71 қаулысына
2-қосымша
Бейімбет Майлин ауданының Асенкритов ауылдық округінде орналасқан «Варварин» алтынмыс кен орнын әзірлеу жөніндегі тау жұмыстарын жүргізуге арналған төрт жер учаскілерінде Аят өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары
Тармақ 1
1. Су қорғау белдеулерінің шегінде мыналарға жол берілмейді:
Тармақша 1
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық және өзге де қызметке;
Тармақша 2
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға;
Тармақша 3
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
Тармақша 4
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қымтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
Тармақша 5
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
Тармақша 6
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
Тармақша 7
7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Су қорғау аймақтарының шегінде мыналарға жол берілмейді:
Тармақша 1
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және қайта жаңғыртылған объектілерді пайдалануға беруге;
Тармақша 2
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
Тармақша 3
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 4
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 5
5) жұмыс істеу нормасынан артық мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
Тармақша 6
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
Тармақша 7
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.