О внесении изменений и дополнений в Правила выдачи банкам второго уровня согласия на осуществление брокерской, дилерской и кастодиальной деятельности на рынке ценных бумаг Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.09.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екiншi деңгейдегi банктерге бағалы қағаздар рыногында брокерлiк, дилерлiк және кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға келiсiм беру туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер қызметінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің Басқармасы Қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктерге бағалы қағаздар рыногында брокерлiк, дилерлiк және кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға келiсiм беру туралы ережені бекіту жөнінде" 1998 жылғы 26 желтоқсандағы N 290  қаулысымен  бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктерге бағалы қағаздар рыногында брокерлiк, дилерлiк және кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға келiсiм беру туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енгізілсін.
Тармақ 2
2. Банктерді қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 жылғы 26 желтоқсандағы N 290 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктерге бағалы қағаздар рыногында брокерлiк, дилерлiк және кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға келiсiм беру туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап екі апта мерзімде осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 жылғы 26 желтоқсандағы N 290 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктерге бағалы қағаздар рыногында брокерлiк, дилерлiк және кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға келiсiм беру туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Ұлттық банкінің облыстық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
Тармақ 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1998 жылғы 26 желтоқсандағы N 290 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктерге бағалы қағаздар рыногында брокерлiк, дилерлiк және кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға келiсiм беру туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсін. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 26 ақпандағы N 69 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1998 жылғы 26 желтоқсандағы N 290 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктерге бағалы қағаздар рыногында брокерлiк, дилерлiк және кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға келiсiм беру туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. 4-тармақтың 4) тармақшасындағы "пен бюджеттен тыс қорлар" деген сөздер алынып тасталсын;
Тармақ 2
2. Мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: "5-1. Ұлттық Банк бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыруға келiсiм беру туралы өтiнiштi осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген құжаттарды берген күннен бастап 3 апта iшiнде қарауға тиiс.".
Тармақ 3
3. Мынадай мазмұндағы 5-2-тармақпен толықтырылсын: "5-2. Бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыруға келiсiм алу үшiн Ереженiң 5-тармағында көзделген құжаттар Ұлттық Банктiң Банктердi қадағалау департаментiне берiледi.".
Тармақ 4
4. 7-тармақтың екiншi азатжолындағы "өзiнiң заңды күшiнде болады" деген сөздер "заңды" деген сөзбен ауыстырылсын.