Об утверждении Правил таможенного сопровождения Күшін жойған
Басқа 0
Кедендік алып жүру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 15.02.2001 N 149 бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 7 қарашадағы N 1479 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қаңтардағы N 63 қаулысын орындау үшін
Бұйырамыз:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Кедендік алып жүру ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Кеден комитетінің 1995 жылғы 7 желтоқсандағы N 193-П;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің "Кедендік алып жүру туралы" ҚР КК 1995 ж. 7.12 N 193-П бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар туралы" 1997 жылғы 25 шілдедегі N 191-П бұйрықтарының күші жойылды танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті (М.О. Нүкенов) заңмен белгіленген тәртіппен: осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Бірінші Вице-Министрі Р.К. Тоқсейітовке жүктелсін.
Басқа 5. Кедендік алып жүру туралы ереже
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 29 наурыздағы 2000 жылғы 31 наурыздағы
N 266 бұйрығымен N 152 бұйрығымен
бекітілген бекітілген
Кедендік алып жүру туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк алып жүру және кедендiк алып жүру үшiн кедендiк алымдарды төлеу тәртiбiн айқындайды.
Ереже "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ 1995 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң) сәйкес әзiрленген.
Тармақ 2
2. Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк алып жүру - Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды тұлғаларының (бұдан әрi - кеден наряды) тауарлар мен көлiк құралдарын алып жүруi.
Тармақ 3
3. Кедендiк алып жүру Кеден iсі туралы заңы мен халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Кедендiк алып жүру туралы шешiм
2. Кедендiк алып жүру туралы шешiм
Тармақ 4
4. Егер тасымалдаушы Кеден iсi туралы заңның ережелерiнiң сақталуына кепiлдiк бере алмаса не кеден органында тауарлар мен көлiк құралдарының тағайындалған жерiне дейiн жеткiзiле алмайды деп пайымдауға негiзi болса кеден органы кедендiк алып жүрудi жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Кеден органының транзиттiк тауарларды кедендiк алып жүру туралы жөнiндегi шешiмi тауарларды тасымалдаушы үшiн мiндеттi болып табылады.
Тармақ 6
6. Тасымалдаушы кедендiк алып жүрумен байланысты туындаған шығыстарын кеден органдары өтемейдi.
Тармақ 7
7. Кедендiк алып жүру туралы шешiмдi жөнелтушi, алушы кеден органының басшысы не оларды алмастыратын тұлғалар қабылдайды.
Тармақ 8
8. Кедендiк алып жүру мен алып жүрудi тiкелей ұйымдастыру туралы шешiм қабылдау тауарларды тасымалдаудың кеден заңдарымен белгiленген мерзiмдерiн ұзартпауға тиiс.
Тармақ 9
9. Кеден органы тауарлар мен көлiк құралдарын алып жүрудi тасымалдаушы, жөнелтушi немесе алушы Кеден iсi туралы заңына сәйкес өзiне жүктелген барлық мiндеттемелердi орындайтын және кедендiк алып жүру үшiн кеден алымдарын төлейтiн шартпен кедендiк алып жүру туралы шешiм қабылданғаннан кейiнгi күннен кешiктiрмей жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Көлiк құралы тиiстi түрде жасақталған:
кеден баждары мен салықтарды төлеу тиiстi сомаларды уәкiлеттi банктiң кепiлдiктерi түрiнде немесе Қазақстан Республикасының кеден органының депозитiне енгiзумен қамтамасыз етiлген жағдайда қолданылмайды.
Тармақ 11
11. Кедендiк алып жүру туралы шешiм қабылданған кезде:
Тармақша 1
1) тауардың сипаты мен мәртебесi;
кеден төлемдерi мен салықтар салынатын тауарлар;
акцизделетiн тауарлар;
әкелуге өзге мемлекеттiк органдардың рұқсаты, осындай рұқсаттар (лицензия, малдәрiгерлiк куәлiк, карантиндiк сертификат және т.б.) болмау шартымен талап етiлетiн тауарлар;
Тармақша 2
2) тасымалдаушы туралы мәлiметтер (кеден ережелерiн бұрын орын алған бұзушылықтар, тауарларды, оның iшiнде МДП кiтапшаларын пайдаланумен жүктердiң халықаралық тасымалдаулары туралы Кеден конвенциясына сәйкес өткiзiлетiн тауарлардың жетiспеушiлiк фактiлерi туралы) ескерiледi.
Тармақ 12
12. Тауарлар Жүктердi халықаралық тасымалдау туралы кеден конвенциясына сәйкес МДП кiтапшалары, 1975 пайдаланыла отырып тасымалданған жағдайда, еге бiр көлiк құралымен тасымалданатын тауардың кеден төлемдерi мен салықтарының сомасы кепiлдi сомадан елу мың АҚШ долларынан асса кедендiк алып жүру туралы шешiм қабылданады.
Тарау 3. 3. Кедендiк алып жүру үшiн кеден алымдарын төлеу тәртiбi
3. Кедендiк алып жүру үшiн кеден алымдарын төлеу тәртiбi
Тармақ 13
13. Кеден органы кедендiк алып жүру үшiн алымдарды кедендiк алып жүру басталғанға дейiн кедендiк алып жүру туралы шешiм қабылданғаннан кейiн тасымалдаушыдан алады.
Тармақ 14
14. Кедендiк алып жүру үшiн алымдар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 120-бабына сәйкес тауарларды кедендiк алып жүру жүзеге асырылатын қашықтыққа Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген мөлшерлерде алынады.
Тарау 4. 4. Кедендiк алып жүру кезiнде құжаттарды ресiмдеу
4. Кедендiк алып жүру кезiнде құжаттарды ресiмдеу
Тармақ 15
15. Кедендiк алып жүрумен тасымалданатын тауарлар мен көлiк құралдарын кеден органында жөнелтушi және тағайындалған кеден органында ресiмдеу Кеден iсi туралы заңның талаптарына сәйкес осы тарауда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүргiзiледi.
Тармақ 16
16. Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк алып жүру туралы шешiм қабылданған жағдайда мына құжаттар мiндеттi түрде жасалады:
кедендiк алып жүрудi қабылдау туралы шешiм (N 1 қосымша);
кеден нарядына жоспар-тапсырма, онда кедендiк алып жүрудi жүзеге асырушы инспекторлардың тегi, қарудың маркiсi мен нөмiрi не арнайы құралдардың атауы, қозғалыс маршруты, алып жүретiн көлiк құралдарының атауы мен мемлекеттiк нөмiрлерi, тауарға iлеспе құжаттардың нөмiрлерi (кеден жүк мағлұмадамасының, iшкi транзит құжатының және т.б.) (N 2 қосымша);
тауарлар мен көлiк құралдарын қабылдау-беру актiсi (N 3 қосымша);
iссапар куәлiгi;
көлiк құралын қайта қарау актiсi;
Сондай-ақ кедендiк алып жүру үшiн алымды төлеу туралы квитанцияның көшiрмесi қоса тiркеледi.
Тармақ 17
17. Кедендiк алып жүрудi жүргiзуге арналған шешiм тiркеу нөмiрi берiлiп Кедендiк алып жүрудi тiркеу журналында тiркеледi. (N 4 қосымша).
Тармақ 18
18. Тауарлар мен көлiк құралдарын қабылдау-беру актiсi екi данада ресiмделедi. Бiр дана қол қойылғаннан кейiн жөнелтушi кеден органында, ал екiншiсi алушы кеден органында сақталады. Актiде мiндеттi түрде барлық бағандар толтырылады, тауарлар мен көлiк құралдарын берген және қабылдаған кеден нарядының тегi мен аты-жөнi көрсетiледi. Қолдар тағайындалған және жөнелткен кеден органының немесе аға нарядтардың жеке нөмiрлi мөрлерiмен расталады.
Тармақ 19
19. Кедендiк алып жүрудi жүзеге асыруды бастағанға дейiн белгiленген тәртiппен қайта қарау актiсi жасалып пломбыланып көлiк құралын комиссиямен қайта қарау жүргiзiледi.
Тармақ 20
20. iссапар куәлiктерi алып жүрудiң барлық нарядына берiледi. Іссапар куәлiктерiнiң бағандарын толтыру белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Тармақ 21
21. Нұсқаулықты жүргiзу нұсқаулықтың арнайы журналында көрсетiледi.
Тармақ 22
22. Тағайындалған кеден органына тауарларды жеткiзудi бақылау тағайындалған кеден органына аталған құжаттар табыс етiлгеннен кейiн аяқталады.
Тарау 5. 5. Кедендiк алып жүру тәртiбi
5. Кедендiк алып жүру тәртiбi
Тармақ 23
23. Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк алып жүру тасымалдаушының, жөнелтушiнiң немесе алушының алып жүретiн көлiк құралында немесе кеден органының автокөлiгiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 24
24. Кедендiк алып жүру жөнелткен кеден органынан бастап тағайындалған кеден органына дейiн үздiксiз жүзеге асырылады.
Тармақ 25
25. Алып жүретiн тауарлар мен көлiк құралдары тасымалдау жолында орналасқан кеден органдарында кеден нарядын ауысуымен бiрге қабылдау алынған-берiлген жағдайда аталған кеден органдары транзиттік мағлұмдамалардың, тауарлардың жеткiзiлуiн бақылау құжаттарының және кеден құжаттарының барлық беттерiнде тауарларды жеткiзудiң белгiленген ережелерiне сәйкес белгiлер қояды.
Тармақ 26
26. Алып жүретiн көлiк құралдарының кеден нарядын ауыстыру қабылдау-беру актiсi мiндеттi түрде жасалып және кедендiк алып жүру туралы жаңа шешiм қабылдаумен кедендiк алып жүру бекеттерiнде ғана жүзеге асырылады. Кедендiк алып жүру бекеттерiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi белгiлейдi.
Тармақ 27
27. Авария немесе тежеусiз күш әрекетi кезiнде кеден наряды тасымалдаушыға оның мiндеттемелерiн орындауға жәрдемдеседi. Көлiк оқиғасы туралы хаттама аға кеден нарядының қатысуымен жасалады.
Тарау 6. 6. Тауарларды тасымалдау кезiнде кедендiк алып
жүрудiң ерекшелiктерi
6. Тауарларды тасымалдау кезiнде кедендiк алып
жүрудiң ерекшелiктерi
Тармақ 28
28. Көлiк құралдарымен тасымалданатын тауарларды кедендiк алып жүру кезiнде тасымалдау жағдайлары мен тауардың сипатына байланысты бiр кеден наряды 10 аспайтын автокөлiк құралын алып жүредi.
Кеден нарядының жеке құрамы бас және соңғы жол-көлiк құралында орналасады. Колонна тоқтаған кезде кеден наряды қарулы күзеттiң екi жағын бақылайды.
Тармақ 29
29. Көлiк құралдарының бiрi ақаулы болған кезде жөндеу аяқталғанға дейiн бүкiл колонна кiдіредi. Аварияның немесе көлiк құралының бұзылуы салдарынан тауар басқа көлiк құралына қайта тиелген кезде көлiк құралының жүк бөлiгiне мүмкiндiкке орай пломба салынады. Бұл ретте кеден наряды тауардың басқа көлiк құралына қайта тиелгенi туралы екi данада акт жасайды, онда тауарды қайта тиеу себептерi, тауардың мөлшерi мен басқа да ерекшелiктерi, ескi және жаңа пломбының нөмiрлерi көрсетiледi. Пломба салу мүмкiндiгiнiң болмауы актiде көрсетiледi. Актiге аға кеден наряды мен тасымалдаушы қол қояды. Актiнiң екiншi данасы тағайындалған кеден органына табыс етiледi.
Тармақ 30
30. Адамдардың өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауiптi болып табылатын тауарларды (химикаттарды, радиоактивтiк және жарылғыш заттарды және т.б.) кедендiк алып жүру жағдайында кедендiк алып жүру жеке көлiк құралында күшейтiлген кеден нарядымен жүзеге асырылады.
Тарау 7. 7. Кедендiк алып жүру кезiнде тасымалдаушының
құқықтары мен мiндеттерi
7. Кедендiк алып жүру кезiнде тасымалдаушының
құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 31
31. Тасымалдаушының:
кедендiк алып жүрудi жүзеге асыру үшiн, осы Ереженiң 16-тармағында көрсетiлген құжаттармен танысуға;
тауарлар мен көлiк құралын кедендiк алып жүру туралы кеден органының шешiмiмен келiспеген жағдайда, жоғары сатыдағы кеден органына немесе сотқа шағымдануға құқығы бар.
Тармақ 32
32. Тасымалдаушы:
- кеден органы белгiлеген орынға тауарларды тасымалдаудың қалыпты жағдайларын қамтамасыз етуге;
- жөнелтушi кеден органы белгiлеген транзиттiк және жеткiзiлетiн тауарларды тасымалдаудың мерзiмдерi мен қозғалыс маршрутын сақтауға;
- авария немесе тежеусiз күш әрекетi кезiнде тауарлардың сақталуын және оларды қалай да пайдалануына жол бермеудi қамтамасыз ету үшiн қажеттi барлық шараларды қолдануға;
- кедендiк алып жүрудi жүзеге асыру үшiн кеден нарядына қажеттi жағдайлар мен жеке орындар беруге және қызметтiк мiндеттердi орындауда оған жәрдем көрсетуге мiндеттi.
Тарау 8. 8. Кедендiк алып жүру кезiнде кеден нарядының
құқықтары мен мiндеттерi
8. Кедендiк алып жүру кезiнде кеден нарядының
құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 33
33. Кеден нарядын аға наряд басқарады. Егер кеден наряды бiр адамнан тұратын болса, ол бiруақытта аға кеден наряды болып табылады. Аға кеден наряды мен оның жеке құрамы "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ Қазақстан Республикасының Заңы мен осы Ережеде белгiленген өзiнiң мiндеттерiн мүлтiксiз орындауға тиiс.
Тармақ 34
34. Кеден наряды аталған тауарларды тағайындалған кеден органына жай-күйiн өзгертпей белгiленген мерзiмдерде және белгiленген маршруттармен жеткiзудi қамтамасыз ету үшiн транзиттiк және тасымалданатын тауарларды бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.
Тармақ 35
35. Аға кеден наряды:
кеден нарядының жеке құрамын кедендiк алып жүру тәртiбi туралы, сондай-ақ тауарларды кедендiк алып жүру кезiндегi олардың құқықтары мен мiндеттерi туралы нұсқаулық өткiзуге;
тауарларды тасымалдау маршрутының ерекшелiктерiн зерттеуге, маршруттағы ықтимал жағдайларды болжауға және тұтқиыл жағдайлар туындаған кезде нарядтың жеке құрамының iс-қимыл тәртiбiн айқындауға;
кедендiк алып жүру уақытында кеден нарядының жеке құрамының орналасу орнын және тасымалданатын тауарларға қадағалау жүргiзу тәртiбiн айқындауға;
кедендiк алып жүру кезiнде қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз етуге;
кеден нарядының жеке құрамының экипировкасын, оның байланыс құралдарымен жарақтандырылуын тексеруге;
кедендiк алып жүрумен тауарларды тасымалдау кезiнде кеден заңдарының сақталуына жалпы бақылауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тармақ 36
36. Кеден нарядының жеке құрамы кедендiк алып жүру кезiнде:
алып жүретiн тауарлар мен көлiк құралдарын қадағалауды жүргiзуге;
көлiк құралдарының жүк бөлiмшелерiне салынған кедендiк қамтамасыз ету құралдарының жағдайын, сондай-ақ тасымалданатын тауарларды бiрдейлендiрудiң басқа құралдарын тексеруге;
қолдануға тұрақты түрде даяр қару мен арнайы құралдар болуға;
қауiпсiздiк шараларын қатаң сақтауға;
алып жүретiн көлiк құралдарында бөгде адамдардың жүруiне жол бермеуге мiндеттi.
Тармақ 37
37. Кеден наряды кедендiк алып жүрудi жүзеге асырған кезде "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген ережелерге сәйкес жеке күшiн, арнайы құралдар мен атыс құралдарын қолдануға құқылы.
Тармақ 38
38. Адам өмiрiне қауiп, транзиттiк және тасымалданатын тауарлардың жойылуына немесе жоғалуына әкеп соқтыруы мүмкiн тежеусiз күш әрекетi туындаған жағдайларда кеден нарядының жеке құрамы зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету, кедендiк алып жүруге барлық қатысушылардың өмiрiнiң қауiпсiздiгi мен денсаулығын, аталған тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi өзiне байланысты барлық шараларды қолдануға мiндеттi.
Тармақ 39
39. Кедендiк алып жүру нарядын басқа бақылаушы органдар ұстаған кезде аға кеден наряды жөнелткен кеденге және тағайындаған кеденге арнайы хабарламаны дереу жiбередi. Хабарламада нарядты ұстаған орган туралы нақты деректер, ұстау себептерi, лауазымды тұлғалардың тегi болуға тиiс. Кеден бақылауындағы тауарларды жөнелткен кеден басшылығының нұсқауларын алғанға дейiн кеден наряд күзетедi.
Тарау 9. 9. Кеден нарядын қалыптастыру
9. Кеден нарядын қалыптастыру
Тармақ 40
40. Кеден наряды көлiк құралдарының саны мен тасымалдау жағдайларына, тасымалданатын тауарлардың сипатына, сондай-ақ нарядтың құрамына әсер етуi мүмкiн басқа да факторларға орай қалыптастырады.
Тармақ 41
41. Кеден нарядының жеке құрамын атыс құралдарымен, арнайы құралдармен және қорғаныстың жеке құралдарымен жарақтандыруды алып жүру маршрутындағы жедел жағдайға байланысты айқындалады.
Тармақ 42
42. Кедендiк алып жүру нарядында:
осы Ереженiң 16-тармағында аталған қажеттi құжаттар;
пломбылайтын қондырғы;
қажет жағдайда - екi жаққа жүру жолына арналған азық-түлiк немесе азық-түлiк-жолдық ақша, тамақ iшуге және оны даярлауға, сондай-ақ ауыз суды сақтауға арналған ыдыс аяқ, пост киiмiнiң жинақтары, жолда бiр тәулiктен астам болған кезде нарядтың барлық құрамына арналған төсек орын, медициналық аптечка, ракетницалар, дабыл беретiн қызыл жалаушалар мен қызыл түстi жарық сүзгiлi шамдар, байланыс құралдары болуға тиiс.
Тармақ 43
43. Егер тауарлар мен көлiк құралдарын тағайындалған кеден органы кедендік алып жүрген жағдайда мұндай наряд осындай шешiм қабылданып келiсiлгеннен кейiн барынша қысқа мерзімдерде жөнелтушi кеден органына келiп кедендiк алып жүру жөнiндегі өзінiң мiндеттерін орындауға кiрiсуге міндетті. Жөнелтушi кеден органы кеден нарядын қарсы алуды және нұсқаулық өткізудi ұйымдастыруға тиiс.
Тармақ 44
44. Кеден нарядын жiберер алдында нарядқа нұсқаулық өткiзiледi, нарядтың денсаулық жағдайы, жасақталуы, қызметтiк міндеттерiн бiлуi, қару мен арнайы құралдардың жай-күйi тексеріледi. Кеден наряды кедендiк алып жүруді белгіленген үлгідегі нысанды киiм киiп жүзеге асырады.
Басқа 1. Кедендiк алып жүру туралы шешім
Кедендiк алып жүру Ережелерiне
1 қосымша
Кедендiк алып жүру туралы шешім
2000 жылғы "__"_____________ (жасалған орны)
_______________________________________________________________________
кеден органының лауазымды тұлғасы
_______________________________________________________________________
_________________________________________________________________ қарап
БЕЛГІЛЕДI:
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Жоғарыда айтылғанның негiзінде "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi
туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасы
Кеден комитетiнің N ___ бұйрығын (күнi, бұйрықтың нөмірi), басшылыққа
ала отырып
ШЕШТI:
1. ____________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
2. ____________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_________________________
(лауазымды тұлғаның қолы)
Шешіммен таныстым: _____________________________________
Тегi, күнi, қолы
Басқа 2. ЖОСПАР-ТАПСЫРМА
Кедендiк алып жүру Ережелерiне
2 қосымша
БЕКIТЕМIН:
Аумақтық кеден органының
бастығы Тегi, аты, әкесiнiң аты
___________________________
200_ жылғы "__" _______ N ___
ЖОСПАР-ТАПСЫРМА
1. Кеден нарядының құрамы: ____________________________________________
2. Қару-жарақ, арнайы құралдар_________________________________________
3. Жұмыс уақыты 200_ жылғы "___ бастап 200_ жылғы "___ң дейiн
4. Кеден нарядының қозғалыс маршруты___________________________________
5. Іссапар тапсырмасы__________________________________________________
(Кедендiк алып жүру
қызметiнiң бастығы) Тегі, аты, әкесiнiң аты
Басқа 3. Кедендiк алып жүрудi қабылдау-беру актiсi
Кедендік алып жүру Ережелерiне
3 қосымша
Кедендiк алып жүрудi қабылдау-беру актiсi
_______________________ 2000 жылғы "__"__________
(елдi мекеннiң атауы)
_______________________________________________________________________
(көлiк құралының атауы, мем. нөмiрi N________)
_______________________________________________________________________
iлеспе тауар құжаттары бар
_______________________________________________________________________
(КЖМ, УКМ, iлеспе құжаттардың NN)
тасымалданатын тауарды (көлiк құралын) кедендiк алып жүруді тапсырған
_____________________________________________________________ аға наряд
(кеден органының атауы, тегi, лауазымы)
ал қабылдаған _______________________________________________ аға наряд
(кеден органының атауы, тегi, лауазымы)
Тауар (көлiк құралы) өзгерiссiз жағдайда, жүк бөлiктерi N _____________
пломба салынды.
Қосымша N_____________________ пломба салынды
Аға наряд ________________________________ ___________________________
(кеден органының атауы, (жеке нөмiрлi мөрi, қолы)
лауазымы, тегi)
Аға наряд ________________________________ ___________________________
(кеден органының атауы, (жеке нөмiрлi мөрi, қолы)
лауазымы, тегi)
Басқа 4
Кедендік алып жүру Ережелеріне
N 4 қосымша
-----------------------------------------------------------------------
N !Кедендік !Күні !Алып !Тауардың !Төлем !Жөнелтушінің !
!алып жүру ! !жүрген !атауы, !құжатының !деректері !
!туралы ! !автокөліктің !көлемі !нөмірі !(мекен-жайы, !
!шешімінің ! !мемлекеттік ! ! !атауы, есеп !
!нөмірі ! !нөмірі ! ! !шотының нөмірі !
! ! ! ! ! !мен т.б.) !
-----------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
-----------------------------------------------------------------------
Алушының деректері !Тағайындалған !Аға !Тауарлар мен деректері !
(мекен-жайы, атауы !кеден органы !наряд !көлік құралдарын кедендік !
есеп шотының ! !(тегі) !алып жүруге қабылдап алдым !
нөмірі мен т.б.) ! ! !(аға нарядтың қолы) !
-----------------------------------------------------------------------
Журнал істер номенклатурасында тіркелуге, жіп өткізіп тігінделуге,
нөмірленуге және кеден органының мөрімен мөрленуге тиіс.