Об утверждении Правил пребывания переселенцев в центрах адаптации и фильтрации Күшін жойған
Басқа 0
Қоныс аударушылардың бейімделу және іріктелу орталықтарында болу Ережесін бекіту туралы
"Халықтың көші-қоны туралы" Заңын іске асыру тәртібімен, Үкіметінің 1998-2000 жылдарға арналған Іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 4.6.1.1 т. орындау үшін, тарихи отанына қоныстанушы байырғы ұлт адамдарын және олардың отбасы мүшелерін алғашқы әлеуметтік қолдауды, жедел бейімдеуді, есепке алуды және ауыстырып орналастыруға бақылау жасауды реттеу және қамтамасыз ету мақсатымен, сондай-ақ көшіп-қонушылардың құқықтарын және Қазақстан Республикасының аумағынан баспана іздеген адамдарға адамгершілік қатынасты іске асыру үшін, Бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қоныс аударушылардың бейімделу және іріктелу орталықтарында болу Ережесі бекітілсін (Қосымшаны қараңыз).
Тармақ 2
2. Аумақтық көші-қон және демография органдары:
Тармақша 1
1) осы Ережені басшылыққа алып, мүлтіксіз орындайтын болсын. Бейімделу және іріктелу орталықтарының жұмысын бекітілген Ережеге сәйкес ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) бейімделу және іріктелу орталықтарымен байланысты барлық құжаттар бір ай мерзім ішінде бекітілген Ережеге сәйкес келтірілсін.
Тармақ 3
3. Осы Бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Агенттік Төрағасының орынбасары М.К. Ізбановқа жүктелсін.
Басқа 6. Қоныс аударушылардың бейімделу және іріктелу орталықтарында болу Ережесі
Қазақстан Республикасы Көші-қон
және демография агенттігі Төрағасының
Бұйрығымен бекітілді
2000 жылғы "____"_________
N ______
Қоныс аударушылардың бейімделу және іріктелу орталықтарында болу Ережесі
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қоныс аударушылардың бейімделу және іріктелу орталықтарында болуының осы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және қоныс аударушыларды аумақтық көші-қон қызметтері органдарының бөлімшелері болып табылатын және тарихи отанына қоныс аударушы репатрианттарды, босқындарды және олардың отбасы мүшелерін, басқа да қоныс аударушыларды әлеуметтік қорғау, жаңа жағдайға тездетіп бейімдеу, есепке алу және Қазақстан Республикасының аумағында оларды ауыстырып орналастыруға бақылау жасауды реттеу тәртібімен уақытша орналастыруға арналған бейімделу және іріктелу орталықтарына (бұдан әрі - орталық) қабылдау, уақытша орналастыру және олардың болу тәртібін белгілейді. Ережеде орталықтардың негізгі функциялары мен міндеттері де қамтылған.
Тармақ 2. 2. Орналастыру және болу тәртібі
2. Орналастыру және болу тәртібі
Тармақ 2
2. Қоныс аударушыны орталыққа орналастырудың негізгі шарты қоныс аударушының тиісті мәртебесін айқындауға өтініш беруі және Агенттіктің немесе оның аумақтық органының орналастыру үшін берілген жолдамасын алу болып табылады. Көшіп келушілерді орналастыру Агенттіктің немесе оның аумақтық органының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Орталықта болу мерзімі Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография агенттігі немесе оның аумақтық органдары қоныс аударушының өтінішін мәні бойынша қарау уақытымен белгіленеді және:
Тармақша 1
1) Қазақстанға келген репатрианттар (оралмандар) үшін - тұрғын үй мәселесін шешкенге дейінгі;
Тармақша 2
2) босқындар үшін - әрі кеткенде 3 (үш) ай мерзімнен аспауға тиіс.
Тармақ 4
4. Орталықта болу мерзімі аумақтық көші-қон органының шешімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
Тармақ 5
5. Аумақтық көші-қон органының және Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография агенттігінің жолдамасымен орталыққа орналастырылған адамдарды медициналық куәландыру, санитариялық-гигиеналық рәсімдер және олардың тұруы тегін жүзеге асырылады.
Тармақ 3. 3. Орталық әкімшілігінің құқығы мен міндеттері
3. Орталық әкімшілігінің құқығы мен міндеттері
Тармақ 6
6. Орталық әкімшілігінің міндеттері:
Тармақша 1
1) тұруға берілген үй-жайды санитариялық және техникалық нормаларға сай келтіру;
Тармақша 2
2) орталыққа орналастырылған адамдарды қажетті төсек-орынмен
қамтамасыз ету және оларды уақтылы ауыстыру;
Тармақша 3
3) үй-жайдың ылғалдап сыпырып-жинастырылуын қамтамасыз ету, орталық аумағын және қосалқы бөлмелерді таза ұстау;
Тармақша 4
4) үй-жайды және аумақты сыпырып-жинастыру үшін қосалқы инвентарьмен қамтамасыз ету.
Тармақ 7
7. Орталықта мыналар көзделуге тиіс:
Тармақша 1
1) аумақтың қоршауы;
Тармақша 2
2) күзет;
Тармақша 3
3) ұйықтайтын және тұрғын үй-жайлар;
Тармақша 4
4) ана мен бала бөлмесі;
Тармақша 5
5) науқастанып қалған адамдар үшін оқшауланған бөлме;
Тармақша 6
6) демалыс бөлмесі (балалар ойнайтын бөлме);
Тармақша 7
7) тұрмыстық және әжетхана бөлмелері;
Тармақша 8
8) қызметтік және қол жүктері мен адамдардың жеке заттарын сақтайтын қосалқы үй-жай;
Тармақ 8
8. Орталық әкімшілігі мыналарды қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) орталыққа келген және одан шығып кеткен адамдардың есебі;
Тармақша 2
2) қоныс аударушылардың тезірек бейімделуіне жәрдемдесетін шаралар жүргізу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарын зерделеу;
Тармақша 4
4) заң консультациясы;
Тармақша 5
5) мемлекеттік және орыс тілдерін үйрету;
Тармақша 6
6) санитариялық-гигиеналық нормалар талаптарын зерделеу;
Тармақша 7
7) репатриант (оралман) немесе босқын мәртебесін алған адамдарға тұрақты тұратын жеріне бару үшін жол жүру құжаттарын алуға жәрдемдесу;
Тармақша 8
8) көшіп-қонушылардың орын ауыстыруы туралы құқық қорғау органдарын дер кезінде хабардар ету;
Тармақ 9
9. ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін орталық әкімшілігі өз өкілеттігі шегінде орталыққа орналастырылған адамдарға қатысты тәртіптік жолмен шешім қабылдауға құқылы.
Тармақ 4. 4. Орталыққа орналастырылған адамдардың құқықтары мен міндеттері
4. Орталыққа орналастырылған адамдардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 10
10. Орталыққа орналастырылған адамдардың мынадай құқығы бар:
Тармақша 1
1) орталықтағы тұрғын және қосалқы үй-жайларды, төсек-орындарды пайдалануға және олардың ауыстырылуына;
Тармақша 2
2) өздерінің тезірек бейімделуіне жәрдемдесетін шараларға қатысуға;
Тармақша 3
3) тіл үйрететін курстарға қатысуға;
Тармақша 4
4) заң консультациясын алуға.
Тармақ 11
11. Орталыққа орналастырылған адамдардың міндеті:
Тармақша 1
1) медициналық куәландырудан және санитариялық-гигиеналық рәсімдерін өту;
Тармақша 2
2) орталық аумағында тәртіп пен тазалықты сақтау;
Тармақша 3
3) орталықта болудың ішкі тәртібі Ережелерінің талаптарын орындау.
Тармақ 12
12. Орталыққа орналастырылған адамдар еңбек келісімі негізінде қызмет көрсететін қызметкер ретінде жұмысқа тартылуы мүмкін.
Тармақ 5. 5. Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік
5. Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік
Тармақ 13
13. Осы Ережелерді бұзғандарға тәртіптік ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін (ескерту, қатаң ескерту және орталықта болуын мерзімінен бұрын тоқтату).
Тармақ 14
14. Орталықта болуды мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімді аумақтық көші-қоны органы қабылдайды.