Об утверждении Правил лицензирования туристской деятельности Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Туристік қызметті лицезиялау ережесін бекіту туралы "Туристiк қызметтi лицензиялау мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 ақпандағы N 179 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Туристiк қызметтi лицензиялау ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының туризм және спорт жөнiндегi агенттігінің 2000 жылғы 8 ақпандағы N 1-1-2/35 бұйрығының күші жойылды деп есептелсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 4. Туристiк қызметтi лицензиялау ережесi
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң 2000 жылғы 24 наурыздағы N 1-1-2/74 бұйрығымен бекiтiлген Туристiк қызметтi лицензиялау ережесi
Тармақ 1
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарын және шетелдiк туристердi Қазақстан Республикасының аумағында қабылдау мен қызмет көрсету, шетелге туристiк сапарларды ұйымдастыру, транзиттiк туристерге қызмет көрсету және жеке адамдардың гид-аудармашы, нұсқаушы, методист пен топты алып жүрушi қызметiн көрсету жөнiндегi туристiк қызметтi кәсiпкерлiк қызмет ретiнде жүзеге асыру құқығына мемлекеттiк лицензияларды берудiң тәртiбiн, тiркеу шарттарын және есепке алуды айқындайды.
Тармақ 2
Тарау 2. 2. Лицензия берудiң шарттары мен тәртiбi
2. Лицензия берудiң шарттары мен тәртiбi
Тармақ 2
2. Туристiк қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алуға үмiткер заңды және жеке тұлғалар (өтiнiш берушi) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен бiлiктiлiк талаптарына (бұдан әрi - бiлiктiлiк талаптары) сәйкес болуға мiндеттi.
Тармақ 3
3. Шетелдiк заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, лицензияны Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларымен бiрдей шарттар мен тәртiп бойынша алады.
Тармақ 4
4. Өтiнiш берушi Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiне (бұдан әрi - Агенттiк) мына құжаттарды бередi:
Тармақша 1
1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
Тармақша 2
2) лицензиялық алым төлегенi туралы түбiртек;
Тармақша 3
3) өтiнiш берушiнiң "Туристiк қызметтi лицензиялау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 ақпандағы N 179 қаулысымен бекiтiлген бiлiктiлiк талаптарына сай келетiндiгiн растайтын құжаттар. Өтiнiш берушi құжаттардағы ақпараттың дұрыстығы, толықтығы және уақтылы берiлуi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
Тармақ 5
5. Өтiнiш берушi ұсынған құжаттардағы мәлiметтердi тексеру қажет болған жағдайда, лицензия беру туралы шешiм тексеру өткiзiлгеннен кейiн, бiрақ лицензиар өтiнiштi тiркеген күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн он күннен кешiктiрмей қабылданады.
Тармақ 6
6. Лицензия Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" Заңында көзделген мерзiмде берiледi.
Тармақ 7
7. Лицензия, егер:
Тармақша 1
1) осы субъектi категориясына туристiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салынса;
Тармақша 2
2) осы Ереженiң 4-тармағында көрсетiлген құжаттар ұсынылмаса;
Тармақша 3
3) туристiк қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиялық алым төленбесе;
Тармақша 4
4) өтiнiш берушi бiлiктiлiк талаптарына сай болмаса;
Тармақша 5
5) өтiнiш берушiге туристiк қызметпен айналысуға тыйым салынғаны жөнiнде сот шешiмі болса берiлмейдi. Өтiнiш берушi лицензия беруден бас тартылған себептердi жойған жағдайда, өтiнiш жалпы негiздерде қаралады.
Тармақ 8
8. Егер лицензия осы Ережеде белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе лицензия беруден оны бас тартуды өтiнiш берушi негiзсiз деп таныса, ол бiр ай мерзiмде Агенттiктiң iс-әрекеттерiне сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
Тармақ 9
9. Лицензия беруден негiзсiз бас тартудан немесе лицензиаттың құқығын бұзудан туындаған шығынды өтеу заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Заңды тұлға таратылған, қайта ұйымдастырылған немесе жеке тұлғаның кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi жөнiндегi куәлiктiң күшi тоқтатылған жағдайда, оған берiлген лицензияның заңды күшi жойылады және ол Агенттiкке қайтарылуға жатады.
Тармақ 11
11. Лицензия өз күшiн тек мына жағдайларда жояды:
Тармақша 1
1) лицензияның берiлген мерзiмi аяқталғанда;
Тармақша 2
2) лицензия берiлген қызмет толық көлемде жасалғанда;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес лицензия керi қайтарылып алынғанда; 4) азамат кәсiпкерлiк қызметiн тоқтатқанда, лицензиат - заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылғанда. 12. Заңды тұлға қайта тiркелген кезде лицензия берiлген мерзiм аяқталғанға дейiн күшiнде болады. 13. Лицензияны қайта ресiмдеу оны алудың белгiленген тәртiбiне сәйкес жүргізiледi. 14. Лицензияның күшiн тоқтатуға байланысты даулар сот арқылы шешiледi. 15. Лицензияны басқа заңды және жеке тұлғаларға беруге тыйым салынады. 16. Лицензия сот тәртiбiмен мына жағдайларда: 1) лицензиат лицензиядағы шарттарды орындамағанда; 2) лицензиатқа оның жүзеге асыруына лицензиясы бар қызмет түрiмен айналысуға сот тыйым салғанда; 3) лицензия күшiн тоқтата түру себептерi жойылмағанда; 4) лицензия алу кезiнде лицензиат көрiнеу жалған ақпарат бергенде қайтарылып алынуы мүмкiн. 17. Лицензияның күшi оның тоқтатыла түру себептерi жойылғаннан кейiн, Агенттiк қорытындысының негiзiнде жаңғыртылады. 18. Лицензиат лицензияны жоғалтқан жағдайда лицензияның дубликатын алуға құқығы бар. Лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша Агенттiк он күн көлемiнде лицензияның дубликатын бередi. Бұл ретте лицензиат туристiк қызметпен айналысу құқығы үшiн алым төлейдi.
Тарау 3. 3. Есепке алу және бақылау
3. Есепке алу және бақылау 19. Агенттiк осы Ереженiң негiзiнде берiлген лицензиялардың бiрыңғай есебiн жүргiзедi. 20. Әрбiр берiлген лицензия бойынша Агенттiк өтiнiшпен бiрге берiлген барлық құжаттар сақталатын қадағалау, iс қағазын жүргiзедi. 21. Туристiк қызмет субъектiлерiнiң бiлiктiлiк талаптарын және белгiленген ережелердi орындалуына бақылауды Агенттiк жүргiзедi. 22. Агенттiк өз құзыретi шеңберiнде лицензиаттардан тиiстi бақылау функцияларын орындауға қажеттi құжаттарды жазбаша немесе ауызша ақпаратты алуға құқылы.