О рейтинговой системе оценки социально-экономического положения районов и городов Күшін жойған
Басқа 0
Аудан мен қалалардың әлеуметтiк-экономикалық жағдайын бағалаудың рейтингтiк жүйесi туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 01.10.2003 № 51 шешімімен.
Аудан мен қалалардың әлеуметтiк-экономикалық даму мониторингiн ұйымдастыру мақсатында:
Тармақ 1
1. Аудан мен қалалардың әлеуметтiк-экономикалық жағдайын бағалаудың рейтингтiк жүйесiн енгiзудiң Ережесi бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Облыс әкiмшiлiгiнiң қаржы, халықты еңбекпен қамту, кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту, денсаулық сақтау басқармалары, халықты еңбек және әлеуметтiк қорғау, ауылшаруашылығы, бiлiм беру, құрылыс және коммуналды шаруашылық департаменттерi, Оңтүстiк Қазақстан облыстық статистика басқармасы және Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша салық комитетi келесi есеп берiлетiн айдың 7-не дейiн тiзбеге сәйкес (N 2 қосымша) аймақтар бойынша көрсеткiштер жөнiнде облыс әкiмшiлiгiнiң стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi департаментiне ақпар тапсырсын.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Т.Қ. Дүйсеноваға жүктелсiн.
Басқа 4. Аудандар мен қалалардың әлеуметтiк-экономикалық
жағдайын бақылаудың рейтингтiк жүйесiн енгiзу туралы
тәртiбi
2000 жылғы 25 ақпанда
Оңтүстiк Қазақстан облысы
әкiмiнiң N 66 шешiмiмен
бекiтiлген N 1 қосымша
Аудандар мен қалалардың әлеуметтiк-экономикалық
жағдайын бақылаудың рейтингтiк жүйесiн енгiзу туралы
тәртiбi
Аталмыш тәртiп аудандар мен қалалардың әлеуметтiк- экономикалық жағдайын бағалаудың рейтингтiк жүйесiн енгiзудiң ұйымдық және әдiстемелiк негiздерiн айқындайды және оларды аймақтардағы экономикалық реформаларды iске асырудың барысына мониторингтi жүзеге асыру үшiн пайдаланудың тетiгiн ашып көрсетедi.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Рейтингтiк жүйенi енгiзудiң мақсаты аудан мен қалалардың әлеуметтiк-экономикалық дамуының мониторингiн жүзеге асыру болып табылады.
Тармақ 2
2. Аудан мен қалалардың әлеуметтiк-экономикалық жағдайының рейтингтiк бағасын айқындау үшiн құрал ретiнде статистикалық саралау әдiсi пайдаланылды.
Есептеулер қоса берiлiп отырған аймақтардағы реформалардың жай-күйiн сипаттайтын аса маңызды көрсеткiштердiң тiзбесiне (бұдан әрi - тiзбе) сәйкес ай сайын жүргiзiледi.
Тарау 2. 2. Рейтингтiк жүйе үшiн материалдарды берудiң
және қорытудың тәртiбi
2. Рейтингтiк жүйе үшiн материалдарды берудiң
және қорытудың тәртiбi
Тармақ 3
3. Қаржы басқармасы, еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау департаментi, тұрғындарды еңбекпен қамту басқармасы, ауыл шаруашылығы департаментi, Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша салық комитетi, Оңтүстiк Қазақстан облысының статистика басқармасы, қәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту жөнiндегi басқарма тiзбеге сәйкес әр ауданның көрсеткiштерi бойынша стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi департаментке ақпарат ұсынады.
Тармақ 4
4. Басқармалар, департаменттер, комитеттер берген мәлiметтер негiзiнде осы Ережеге сәйкес стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi департамент аймақтардың рейтингiн анықтау жөнiндегi есептеулердi жүргiзедi, 3 күндiк мерзiмде облыс Әкiмi аппаратына аудан мен қалалардың даму рейтингiн ұсынады.
Тарау 3. 3. Рейтингтiк жүйедегi талдау тетiгi
3. Рейтингтiк жүйедегi талдау тетiгi
Тармақ 5
5. Аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық жай-күйiнiң бiрдей емес бастапқы жағдайын, олардың халқының санын, ауа-райы географиялық, көлiктiк-коммуникациялық және өзге де елеулi ерекшелiктерiн ескерiле отырып абсолюттi көрсеткiштер емес, нақты бiр ауданның салыстырмалы көрсеткiштерiнiң ағымдағы жылдың алдындағы кезеңiне, немесе өткен жылдың тиiстi күнiне нақты (бастапқы емес) өсуiнiң немесе төмендеуiнiң (жақсаруының немесе нашарлауының) қарқыны салыстырылады.
Тармақ 6
6. Есептеулердiң негiзiне аудандар мен қалаларды рангi (орны) бойынша қоятын баллдық бағалау мен орташа безбенделген мәндi анықтайтын көрсеткiштердiң үш тобы (бюджеттiк, экономикалық, әлеуметтiк) бойынша саралау (орынды бекiту) әдiсi алынды.
Мысалы, өткен жылдың тиiстi кезеңiне пайызбен алғанда негiзгi капиталға инвестициялардың қарқыны бойынша аймақтардың рангiн белгiлеу үшiн аймақтардың нақты кезеңдегi көрсеткiштерi ең жақсы көрсеткiшке ие болған аймақтың көрсеткiшiмен салыстырылады және инвестицияларды игерудiң тиiстi пайызымен көрсетiлетiн ең жоғары көрсеткiшi бар аймаққа 15 балл, ал ең төменiне 1 балл берiледi.
Аймақтар бойынша саралау (яғни нақты кезең үшiн орын беру) және баллдық бағалау процестiң логикасына байланысты болады: баллдардың ең үлкен саны (15) проценттiң мәнiне байлнысты және ең үлкен көрсеткiшке берiледi, мысалы: бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң болжамдыдан көп толықтырылуы бойынша бiрiншi орын берiледi, яғни 15 балл есептеледi, ал мысалы, мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы бойынша берешектердi қараған кезде 15 балл осы берешектiң ең төмен деңгейiне төмендеуiнiң ең көп деңгейi бар аймаққа беріледі және т.с.с.
Топ бойынша қорытынды (мысалы-бюджетiк) осы топ бойынша көрсеткіштердің тізбесінде аталған барлық көрсеткiштер бойынша балдарды қосу жолымен шығарылады.
Қорытынды шығару кезiнде көрсеткiштердiң әрбiр тобының өз салмақтық маңызы болатындығын ескерген жөн. Өйткенi аймақтағы, тұтас алғанда елдегi халықтың игiлiгi, денсаулығын сақтау мен бiлiм беру және тағы сол сияқты ұйымдардың жұмыс iстеуi бiрiншi кезекте, бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң толықтырылуына байланысты болғандықтан аймақтардың бюджеттiк баллдары 40%-ке тең (яғни әрбiр аймақтың баллдары 0,4 коэффициентке көбейтiледi). Осыған ұқсас, барлық қалалар мен аудандардың баллдары экономикалық көрсеткiштер тобы бойынша 0,35 коэффициентке және әлеуметтiк көрсеткiштердiң тобы бойынша 0,25 коэффициентке көбейтiледi.
Осы арқылы көрсеткiштер топтарының маңыздылығы анықталады. Бұл коэффициенттер нақты аймақтың рангiне (орнына) әсер етпейдi. Аймақтың рейтингi жоғарыда көрсетiлген үш топ бойынша баллдарды қосу, яғни орташа безбенделген баллды шығарып және 1-ден 15-ке дейiн (аймақтардың саны бойынша) қосымша саралау жолымен шығарылады.
Басқа 14. Облыс әкiмшiлiгiнiң стратегиялық жоспарлау және
реформалар жөнiндегi департаментi ұсынатын реформалардың
жай-күйiн сипаттайтын аса маңызды көрсеткiштердiң
Тізбесі
Оңтүстiк Қазақстан облысы
әкiмiнiң 2000 жылғы
25 ақпандағы N 66 шешiмiмен
бекiтiлген N 2 қосымша
Облыс әкiмшiлiгiнiң стратегиялық жоспарлау және
реформалар жөнiндегi департаментi ұсынатын реформалардың
жай-күйiн сипаттайтын аса маңызды көрсеткiштердiң
Тізбесі
Көрсеткіштердің атауы Көрсеткіштер бойынша Тапсыру мерзімі
ақпарат беруші
жауапты органдар
Бюджеттік көрсеткіштер
1. Жылдық болжамға %-бен алғанда ОҚО бойынша салық Әр айдың 5-
республикалық бюджет бойынша комитетi жұлдызында
мемлекеттiк кiрiстер болжамының
орындалуы
2. Жергiлiктi бюджет бойынша Облыстық қаржы Әр айдың 5-
мемлекеттiк кiрiстер болжамының басқармасы жұлдызында
орындалуы
а) салықтық түсiмдер мен салықтық
емес түсiмдер
3. Мемлекеттiк кiрiстердiң барлық ОҚО бойынша салық Әр айдың 7-
түсiмдерi бойынша тұтастай комитетi жұлдызында
алғандағы бастапқысына қатысты
қаралатын кезеңнiң аяғына %-бен
есептегендегi кеш түсу
4. Жергiлiктi бюджет бойынша қаралатын ОҚО бойынша Әр айдың 7-
кезеңнiң соңының бастапқысына қатысты салық комитетi жұлдызында
%-пен есептегендегi кеш түсу
5. %-бен есептегендегi бастапқысына Облыстық қаржы Әр айдың 5-
қатысты қаралатын кезеңнiң аяғындағы басқармасы жұлдызында
жергiлiктi бюджеттiң жалпы
кредиторлық қарызы
6. Жергiлiктi бюджеттен Облыстық қаржы Әр айдың 5-
қаржыландырылатын бюджеттiк ұйымдарға басқармасы жұлдызында
еңбекақы төлеу бойынша қарыздың
төмендеуi немесе өсуi соның iшiнде
бюджеттiк мекемелер бойынша
7. Қаралатын кезең үшiн %-пен Облыстық қаржы Әр айдың 5-
есептегендегi жергiлiктi бюджеттiң басқармасы жұлдызында
кiрiс бөлiгiне түсiмдердiң жалпы
көлемiнен шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiнен салықтық төлемдердiң
түсу үлесi
8. Барлық шығындар, оның iшiнде Облыстық қаржы Бiр айға
мiндеттiк топтар бойынша: басқармасы кешiктiрiлiп
ай сайын
берiледi
-бiлiм беру-барлығы, оның iшiнде
"Мектеп" бағдарламасы
-денсаулық сақтау-барлығы
-әлеуметтiк қамту және әлеуметтiк
көмек-барлығы, оның iшiнде балалы
отбасыларға жәрдемақы
9. Салық агенттерiнiң болжамдық ОҚО бойынша салық Әр айдың 7-
жоспарды орындауы комитетi жұлдызында
10. Шағын және орта бизнестi қолдау Облыстық қаржы Әр айдың 5-
мен дамытуға берiлген несиелердi басқармасы жұлдызында
қайтару жөнiндегi мiндеттемелердiң
болжамдық жоспарының орындауы
Экономикалық көрсеткiштер
11. Өткен жылдың тиiстi кезеңiне %-пен ОҚО бойынша Әр айдың 7-
есептегендегi өнеркәсiптiк өнiмдердiң статистика жұлдызында
(жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) басқармасы
нақты көлемiнiң индексi
12. Тоқтап тұрған немесе жаңа Индустрия, көлiк Әр айдың 5-
кәсiпорындарды iске қосу, бiрлiк және жұлдызында
сауда департаментi
13. Өткен жылдың тиiстi кезеңiне %-пен Ауыл шаруашылығы Әр айдың 7-
есептегендегi ауыл шаруашылығының департаментi жұлдызында
жалпы өнiмi
оның iшiнде:
өсiмдiк шаруашылығы бойынша
мал шаруашылығы бойынша
14. Өткен жылдың тиiстi кезеңiне %-пен ОҚО бойынша Әр айдың 7-
есептегендегi iрi қара мал басының статистика жұлдызында
өсуi немесе кемуi басқармасы
Ауыл шаруашылығы
департаментi
15. Өткен жылдың тиiстi кезеңiне %-пен ОҚО бойынша Әр айдың 7-
есептегендегi қой мен ешкi басының статистика жұлдызында
өсуi немесе кемуi басқармасы
Ауыл шаруашылығы
департаментi
16. Өткен жылдың тиiстi кезеңiне %-пен ОҚО бойынша Әр айдың 7-
есептегендегi ет өндiру көлемi статистика жұлдызында
басқармасы
Ауыл шаруашылығы
департаментi
17. Өткен жылдың тиiстi кезеңiне %-пен ОҚО бойынша Әр айдың 7-
есептегендегi сүт өндiру көлемi статистика жұлдызында
басқармасы
Ауыл шаруашылығы
департаментi
18. Өткен жылдың тиiстi кезеңiне %-пен ОҚО бойынша Әр айдың 7-
есептегендегi ауыл шаруашылығы статистика жұлдызында
дақылдарын себу *) басқармасы
Ауыл шаруашылығы
департаментi
19. Өткен жылдың тиiстi кезеңiне %-пен ОҚО бойынша Әр айдың 7-
есептегендегi өсiмдiк шаруашылығы статистика жұлдызында
өнiмiн өндiру көлемi (дақылдар түрi басқармасы
бойынша)*) Ауыл шаруашылығы
департаментi
20. Ауыл экономикасының қаржылай Ауыл шаруашылығы Әр айдың 7-
сауығу көрсеткiштерi департаментi жұлдызында
оның iшiнде есептi кезеңнiң басымен
салыстырғандағы кредиторлық
қарыздардың өсуi
21. Өткен жылдың тиiстi кезеңiне %-пен ОҚО бойынша Әр айдың 7-
есептегендегi негiзгi капиталға статистика жұлдызында
инвестиция игеру басқармасы
22. Өткен жылдың тиiстi күнiне %-пен Кәсiпкерлiктi Әр айдың 7-
есептегендегi шағын кәсiпкерлiк қолдау мен дамыту жұлдызында
саласындағы жұмыспен қамту жөнiндегi
басқарма
23. Өткен жылдың тиiстi күнiне %-пен Кәсiпкерлiктi Әр айдың 5-
есептегендегi шағын кәсiпкерлiк қолдау мен дамыту жұлдызында
субъектiлерi өндiрген өнiмдердiң жөнiндегi
(жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) басқарма
көлемi
Әлеуметтiк көрсеткiштер
24. Өткен жылдың тиiстi кезеңiмен Еңбек және Әр айдың 5-
салыстырғанда жергiлiктi бюджеттен тұрғындарды жұлдызында
нақты жүргiзiлген әлеуметтiк әлеуметтiк қорғау
төлемдердiң (аз қамтамасыз етiлген департаментi
отбасыларға әлеуметтiк көмек) %-пен
алғанда
25. Жұмысбасты тұрғындардың жұмыспен ОҚО бойынша тоқсан
қамтамасыз етiлмеген тұрғындарға %-дық статистика сайын
қатынасы басқармасы
26. Еңбекке орналастыру мәселелерi Еңбекпен қамту Әр айдың 5-
бойынша өтiнiш бергендердiң қатарынан басқармасы жұлдызында
еңбекке орналастырылған азаматтар
санының оның бастапқысына қатысты
қаралатын кезеңнiң аяғына %-пен
алғандағы өсуi (кемуi)
27. Қоғамдық жұмыстарға жiберiлген Еңбекпен қамту Әр айдың 5-
жұмыссыз азаматтар санының оның басқармасы жұлдызында
бастапқысына қатысты қаралатын
кезеңнiң аяғына %-пен алғандағы өсуi
(кемуi)
28. Шаруашылық субъектiлерiне еңбекақы Еңбек және Әр айдың 5-
қарызының оның бастапқысына қатысты тұрғындарды жұлдызында
қаралатын кезеңнiң аяғына %-пен әлеуметтiк қорғау
алғандағы өсуi (кемуi) департаментi
29. Өткен жылдың тиiстi кезеңiне %-пен ОҚО бойынша
алғандағы орташа еңбекақының өсуi статистика басқармасы
30. Коммуналдық төлемдердiң түсу %-ы Құрылыс және Әр айдың 5-
коммуналдық жұлдызында
шаруашылық
департаментi
оның iшiнде: жылу
электр энергиясы
көгiлдiр отын
су
31. Жалпы бiлiм беру мектептерiнiң Бiлiм беру Әр айдың 5-
компьютерлендiрiлу %-ы департаментi жұлдызында
32. Түбiркүлезбен ауыратын тұрғындарды Денсаулық сақтау Әр айдың 5-
анықтау бойынша алдын-ала тексеру %-ы департаментi жұлдызында
*) Көрсеткiштер маусым бойынша көрсетiледi.
Ескерту: барлық көрсеткiштер өсу қорытындысымен, сондай-ақ Өткен
жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырылып берiледi.