Об охране нерестующих рыб в водоемах области Күшін жойған
Басқа 0
Облыстың су айдындарындағы уылдырық шашатын балықтарды қорғау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 16.08.2004 № 29 шешімімен
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 сәуірдегі № 414 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының балық қоры қорғау және су айдындарындағы балық аулауды реттеу туралы ереже" сондай-ақ Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 4 желтоқсандағы № 1480 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасындағы балық аулау және басқа су аңдарын өндіру ереже" негіздерінде ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Балық түрлері бойынша, мына мерзімде, облыс су айдындарындағы уылдырық шашатын балықтарды қорғау жариялансын:
- аққайран, көксеркеге - 20 сәуірден 20 мамырға дейін;
- сазан, тұқы балыққа - 20 мамырдан 30 маусымға дейін.
Тармақ 2
2. Балық аулауға тыйым салынсын:
Сергеев су қоймасының Козлов шығанағы маңындағы Марьевка және Октябрь аралдарында мұз түскеннен 1 шілдеге дейін;
мұз түскеннен 30 маусымға дейін: Кіндікті (Есіл ауданы), Кіші Торанғұл (Сергеев ауданы), Лебяжие (Қызылжар ауданы), Шалқар, Имантау, Байсары, Лобанов (Айыртау ауданы), Ұлы көл (Целиный ауданы) көлдеріндегі уылдырық шашылатын төлімдерінде;
20 сәуірден 30 маусымға дейін: үлкен Торанғұл көлінің барлық су айдыны бойында;
мұз түскеннен 20 мамырға дейін Есіл өзенінде.
Тармақ 3
3. Балықтар уылдырық шашатын кезде аспалы рөлді-моторлы жүзу кұралдарымен қозғалысқа тыйым салынсын.
Тармақ 4
4. Балық өндіретін ұйымдардың басшыларына, балық шаруашылығында пайдаланылатын су айдыны жалгерлеріне уылдырық шашатын балықтарды қорғау жөніндегі хабарландыру балық аулау бригадаларының азарына жеткізілсін және оның сақталуына бақылау қойылсын.
Тармақ 5
5. Облыстық ішкі істер басқармасына (Кильмашкин Н.Ф.), орман және биоресустар, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне мемлекеттік бақылау жөніндегі облыстық аумақтық басқармаларға (Бубнов Г.М., Балахонцев В.Н.) балықтар уылдырық шашатын кезеңде су айдындарындағы балықтар қорын қорғау және браконьерлерлікпен және балықты ұрлаушылармен күрес жөніндегі бірлескен жұмыс күшейтілсін.
Тармақ 6
6. Орман және биоресустар, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне мемлекеттік бақылау жөніндегі облыстық аумақтық басқармаларға (Бубнов Г.М., Балахонцев В.Н.) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы (баспа сөз, радио, телевизия) балықты қорғау заңдылықтары мен осы ережені сактау жөнінде халық арасында жүйелі түрдегі жалпы түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.
Тармақ 7
7. Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөліміне (Батырханов Т.Б.) қысқа мерзім аралығында осы шешімді мемлекеттік тіркеу камтамасыз етілсін.
Тармақ 8
8. Орман және биоресустар жөніндегі облыстық аумақтық басқармаға (Бубнов Г.М.) мемлекеттік тіркеуден өткізілгеннен кейін шешімді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қамтамасыз етілсін.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Ф.Вербнякке жүктелсін.