Об организации противопожарной службы на объектах хозяйствования в целях предупреждения пожаров Күшін жойған
Басқа 0
Өрттің алдын алу мақсаттарында шаруашылық жүргізу нысандарында өртке қарсы қызмет ұйымдастыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 16.08.2004 № 29 шешімімен
Облыстық шаруашылық жүргізу нысандарында өрт сөндіруді ұйымдастыруды жақсарту мақсаттарында және «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» 1999 жылғы 22 мамырдағы № 616 қаулысына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Петропавл қаласы мен аудан әкімдеріне:
- заңдылықтарға сәйкес өртке қарсы қызметтің қалалық және аудандық бөлімшелерін ұстау жөнінде тұрақты түрде материалдық-техникалық көмек көрсетілсін;
- қысқа мерзім аралығында Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерімен өрт сөндіру тегін негізде жүргізілетін нысандар тізбесі айқындалсын.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 01.02.2000 № 26 шешімімен
Тармақ 2
2. Бюджеттік мекемелерден басқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы № 616 қаулысы тізбесіне енгізілген меншік негіздеріне қарамастан, өзінің шаруашылық жүргізу принциптерінде жүзеге асыратын ұйым басшылары міндеттелсін:
- мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен келісілген нормативтерге сәйкес ведомстволық өртке қарсы қызмет құрылсын және ұсталсын, сондай-ақ әр жеке жағдайлар үшін «Өрт сөндіруші» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның жергілікті органдарымен қызмет көрсетуге келісім-шарт жасалсын;
- өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде өртке қарсы қызмет бөлімшелерін сумен өтеусіз және кедергісіз қамтамасыз ету мәселесі шешілсін;
- өртке қарсы қызмет талаптары, өрт сөндіру құрал-саймандарымен, мамандарды оқыту қамтамасыз етілсін және өртке қарсы қызмет органдарының басқа да заңды талаптары қатаң сақталсын;
- өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шығыстар сметасында қаржы көзделсін, өртке қарсы қызмет органдарымен есептер дер уақытында айырылыссын, өрт қауіпсіздігі мәселесі жүйелі түрде қаралатын болсын.
📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 01.02.2000 № 26 шешімімен
Тармақ 3
3. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бастығы Қ.С.Қанафинге, 1999 жылы Петропавл қаласы орталық өрт байланысы пункттерінде абоненттерді анықтау, оларды жауапкершілікке тарту және олар берген лақап шақырулар бойынша бос жүрістерді кеміту мақсаттарында номер аннықтаушы қондырғылар сатып алу және қою үшін қаржы бөлу көзделсін.
Тармақ 4
4. Облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры А.Ж.Шукеновқа, Петропавл қаласының орталық өрт байланысы пункттерінде телефон номерлерін анықтаушы аспап қойылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Ф.Вербнякке жүктелсін.
📌 Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 01.02.2000 № 26 шешімімен