Об утверждении порядка обеспечивающего право граждан, имеющих льготы на проезд Күшін жойған
Басқа 0
Жеңілдікпен жүретін азаматтардың құқығын қамтамасыз ететін тәртіпті бекіту турлы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы әкімінің 22.05.2007 № 2 шешімімен.
«Азаматтардың жеке топтарына жеңілдік беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңдылық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 17-сәуірдегі № 374-1 Заңына және Ақтөбе облысының 2000 жылға арналған бюджеті туралы» облыстық Мәслихаттың 1999 жылғы 17-қарашадағы № 1 шешіміне сәйкес облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Женілдікпен жүруге құқылы азаматтардың жүру тәртібі туралы қоса тіркелген Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Женілдікпен жүретін азаматтардың құқын қамтамасыз ететін тәртіпті бекіту туралы» облыс Әкімінің 1999 жылгы 16-қыркүйектегі № 159 шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің рынбасары А. Қ. Есіркеповке жүктелсін.
Басқа 4
Облыс Әкімінің 2000 жылғы
«24» қаңтардағы № 12
шешімінен бекітілді
Жеңілдігі бар азаматтардың көлікпен жүру тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Қалалық жолаушылар тасымалдайтын қатынас (таксиден басқа) көліктерінің барлық түрлерінде тегін жүруге белгіленген үлгідегі айлық жол жүру билеті негіз болып табылады.
Тармақ 2
2. Айлық жол жүру билеті бір ай бойына пайдаланылуымен қатар, қатаң есептегі құжат болып табылады және:
ішкі істер әскерлерінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілеріне;
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мерзімді кызметтегі әскери қызметшілеріне;
«Отан», «Даңқ» ордендерімен марапатталғандарға, «Халық қаһарманы», Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болғандарға беріледі.
Тармақ 3
3. Тегін жүруге женілдігі бар «Отан», «Даңқ» ордендерімен, «Халық қаһарманы», Қазақстан Республикасының құрметті атақтарымен марапатталғандардың тізімдерін облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы жасайды және бекітеді.
Тармақ 4
4. Айлық жол жүру билеті ай сайын қоғамдық көлікті басқару қызметінен әскери бөлімнің қолбасшыларының сенім хаты арқылы:
ішкі істер әскерлерінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілеріне 70 дана;
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілеріне 10 дана;
«Отан», «Даңқ» орденімен марапатталғандарға, «Халық қаһарманы», Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болғандардың әрқайсысына облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы беріледі.
Тармақ 5
5. Әскери бөлімнің қолбасшылары айлық жол жүру билетін әр ай басталар алдында алады және олардың пайдалануы қатаң түрде бақылап.
Тармақ 6
6. Пайдаланылған айлық жол жүру билеті әр ай басталар алдында қоғамдық көлік басқармасы қызметіне қайтарылып отырады.
Тармақ 7
7. Ай сайын қоғамдық көлік басқармасының қызмет орындары айлық жол жүру билеттерін жинап, олар өз кезегінде облыстық қаржы басқармасына жинақтау тізімімен бірге тапсырады.
Тармақ 8
8. Тасымалдаушылардың автомобиль көлігімен женілдік бергені үшін жұмсаған қаржысын өтеуді облыстық қаржы басқармасы әр айдың 15-і күні қамтамасыз етеді.