О создании комиссии по недропользованию Күшін жойған
Басқа 0
«Жер қойнауын пайдалану жөніндегі комиссия құру туралы»
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімиятының 2003.06.05 N 08/05 қаулысымен.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заң күші бір 1996 жылғы 27 қаңтардағы N2828 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына 1999 жылғы 11 тамыздағы N 467-І Қазақстан Республикасы Заңы енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды жүзеге асыру мақсатында:
Тармақ 1
1. N1 қосымшаға сәйкес облыс әкімі жанынан жер қойнауын пайдалану жөніндегі комиссия құрамы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі комиссия туралы Ереже бекітілсін. (N 2 қосымша)
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары В.И. Пригодинге жүктелсін.
Басқа 1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі комиссия
ҚҰРАМЫ
Қарағанды облыс әкімінің
2000ж. 03.03 N 24
шешіміне N 1 қосымша
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі комиссия
ҚҰРАМЫ
1.
Пригодин Виктор Иванович
Қағанды облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
2.
Сыздықов Елқайыр Қабылкәрімұлы
ЭКД бас басқармасының бастығы, Комиссия төрағасынынң орынбасары
3.
Жонкин Талғат Рысқұлұлы
ЭКД Бас басқарамасының орынбасары
4.
Қарасартов Дәурен Абзалұлы
Жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық комитеттің төрағасы
5.
Қожахметов Балташ Тілепбекұлы
Қарағанды облыстық айналадағы ортаны қорғау басқармасының бастығы
6.
Қаппасов Нақып Қаппасұлы
Төтенше жағдайды аодын-ала ескерту және мемлекеттік техниканы бақылау жөніндегі Қарағанды облысының мемлекеттік инспециясының бастығы
7.
Хамзин Берікбол Серікбайұлы
«Орталық Қазақстан жер қойнауы» АБ-ның бастығы
8.
Мұханова Светлана Николаевна
Қарағанды оьлыстық Әділет басқармасы бастығының орынбасары
9.
Профатило Вячеслав Михайлович
Қарағанды оьлысы бойынша ҚР салық комитетінің өнеркәсіп бөлімінің бастығы
10.
Каун Андрей Владимирович
ЭКБ Бас басқармасының экономика саласын дамыту бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы
Басқа 2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
Комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Қарағанды облыс әкімінің
2000ж. 03.03 N 24
шешіміне N 2 қосымша
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
Комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Жалпы ережелер
Тармақша 1.1
1.1. Осы Комиссия Қарағанды оьлысы шегінде кең тараған пайдалы қазбалары бар жер қойнауын пайдалану жөнінде операциялар өткізуге байланысты мәселелерді шешу қарау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады
Тармақша 1.2
1.2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасында Қолданылып жүрген заңдар мен осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 2
2. Комиссия міндеттері
Тармақша 2.1
2.1. Контракт жасау жөніндегі келіссөздер мен конкурстар өткізу, кең тараған пайдалы қазбаларды өндіруге және/немесе барлауға жер қойнауын пайдалану құқығына ие болу мәселесін қарау.
Тармақша 2.2
2.2. Коммерциялық мақсатта кең тараған пайдалы қазбаларды өндіруге және/немесе барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын алу конкрһурстарының ұсыныстарын бағалау және қарау.
Тармақша 2.3
2.3. Кең тараған пайдалы қазбаларды өндірумен және/немесе барлаумен шұғылданатын заңды және жеке тұлғалардың іс-қимылдарына байланысты мәселелерді қарау.
Тармақ 3
3. Комиссия құрамы
Тармақша 3.1
3.1. Комиссияны облыс әкімінің орынбасары (комиссия төрағасы) басқарады.
Тармақша 3.2
3.2. Комиссия құрамы мен Ережесін облыс әкімі бекітілді.
Тармақ 4
4. Комиссия қызметін ұйымдастыру
Комиссия тиімді қызиет үшін:
-Комиссия жүктелген міндеттерді шешуге сарапшылар мен мамандарды тартады;
- Отырыстар өткізіледі;
- өз құзыреттері негізінде әртүрлі ведомстволар мен жер қойнауын пайдаланушыларға қажетті ақпараттар алады;
- кокурстар жасау жөніндегі келіссөздер мен конкурстар ұсыныстарын бағалауға жұмысшы топ құрады;
- өз қызметін реттейтін ішкі құжаттарды өз бетімен қабылдайды.
Тармақ 5
5. Комиссия отырыстарын өткізу
Тармақша 5.1
5.1. Комиссия төрағасы немесе оның орынбасары белгіленген күні комиссия отырысы өткізіледі.
Тармақша 5.2
5.2. Комиссия отырысы комиссия мүшелерінің 2/3 бөлігі қатысқанда ғана өткізілген болып табылады.
Тармақша 5.3
5.3. Комиссия отырысын төраға немесе оның тапсыруымен төраға орынбасары өткізеді.
Тармақша 5.4
5.4. Комиссия мүшелерінің жалпы санының ашық түрде көпшілігі дауыс алғанда комиссия отырысының шешімі қабылдаған болып табылады. Егер дауыс берушілер саны тең болып шықса, онда төраға қолдаған жақтың шешімі қабылданады.
Тармақша 5.5
5.5. Комиссия отырысы негізінде отырысқа сай хаттама рәсімделеді. Хаттамаға комиссия төрағасы және комиссия хатшысы қол қояды, қажет жағдайда хаттамаға комиссияның барлық мүшесі қол қояды.
Тармақша 5.6
5.6. Комиссия мүшелері айрықша пікір білдіруге құқықты, егер ондай жағдай болса, пікірлер жазбаша түрде мазмұндалып, комиссия отырысының хаттамасына қосымша ретінде тіркеледі.
Тармақша 5.7
5.7. Комиссия хатшысы:
- Комиссия отырыстарын ұыймдастыруға дайындық жұмыстарын жүргізеді.;
- Комиссия отырысының хаттамасын рәсімдейді;
- Комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
- Қажет жағдайда Комиссия отырысының нңтижесі жөнінде облыс әкімінің сәйкес шешімін дайындайды.