Об упорядочении сборов и поступлений в местный бюджет налогов на имущество, транспортные средства и земельного налога с физических лиц Күшін жойған
Басқа 0
Жеке тұлғалардан жергілікті бюджетке мүлік салығы, көлік құралдарына салынатын салық және жер салығы жөніндегі алымдар мен түсімдерді ретке келтіру туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 16.08.2004 № 29 шешімімен
"Салық және бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуірдегі № 2235, "Бюджет жүйесі туралы" 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1, "2000 жылғы республикалық бюджет туралы" 1999 жылғы 11 қарашадағы № 473-1 Заңдарды орындау үшін және жеке тұлғалардан салық есептеу, жинау мен салық есебін жүргізу жүйесін тәртіпке келтіру, оларды жергілікті бюджетке уақытылы және толық түсіру мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Жылжымайтын мүлік жөніндегі Солтүстік Қазақстан орталығына (Сәрсембаев Н.Р.) азаматтардың жеке пайдаланымдарындағы жылжымайтын мүліктерін толық түгендеу және бағалау жөніндегі жұмысты жүргізу міндеттелінсін, үстіміздегі жылғы сәуірдің 1-не дейін мәліметтер облыстық салық органдарына берілсін. Әр тоқсан сайын, есеп тоқсанынан кейінгі айдың 5-не дейінгі мерзімде салық базасын түзету үшін жылжымайтын мүлік иесінің ауысуы туралы мәліметтер облыстық органдарға берілсін.
Тармақ 2
2. Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетке (Құнанбаев С.К.), аудан, Петропавл қаласы, селолық округтердің әкімдері жерді түгендеу және бағалау жұмыстары жүргізілсін және аталмыш мәліметтер үстіміздегі жылғы сәуірдің 1-не дейін облыстық салық органдарына берілсін.
Тармақ 3
3. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жол полициясының басқармасына (Райтенбах Е.А.) көлік құралдарына салынатын салық бойынша салық төлеушілерді толық және уақытында есепке алу үшін автокөлік құралдардың иесі, шығарылған жылы, маркасы, двигатель көлемі және көлік салығын дұрыс есептеу мен жеңілдіктер беру үшін керекті мәліметтер көрсетілген деректер базасы құрылсын, үстіміздегі жылғы мамырдың 1-не дейінгі мерзімде мәліметтер электронды тасымалдауыштар арқылы облыстық салық органдарына берілсінсін. Әр тоқсан сайын, есеп тоқсанынан кейінгі айдың 5-не дейін автокөлік құралдарды есепке алу және есептен шығару, иелерінің ауысу есебімен мәліметтер берілсінсін. Көлік салығының төленуіне үнемі бақылау жүргізілсін.
Тармақ 4
4. Облыстық сәулет бөліміне (Дворников Ю.Я.) үстіміздегі жылғы сәуірдің 1-не дейінгі мерзімде азаматтардың кәсіпкерлік қызметте пайдаланатын мүліктері жөнінде салық органдарына мәліметтер берілсін. Алдағы уақытта оларды тоқсан сайын 5-ші күнге дейін берілсін.
Тармақ 5
5. Статистика жөніндегі басқармаға (Оразалинов И.А.) сұранысқа сәйкес, бюджетке төлемдердің түсуіне сапалық талдау жүргізу және салықты есептеу үшін барлық қажетті деректер салық органдарына берілсін.
Тармақ 6
6. Облыстық әскери комиссариатқа (Қуатов Н.М.), Солтүстік Қазақстан облысы ІІБ-на (Кильмашкин Н.Ф.) үстіміздегі жылғы сәуірдің 1-не дейінгі мерзімде салық органдарына салық салу кездерінде жеңілдіктерді дұрыс қолдануға қажетті, Қазақстан Республикасының қарулы күштері және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскері қатарында шұғыл қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілер туралы мәліметтер берілсін.
Тармақ 7
7. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитетіне (Ашуов Қ.З.) жергілікті бюджетке төлемдердің түсуін жинау және есепке алу, халықтың жекелеген санаттарына жеңілдіктерді дұрыс қолдануды, жеке тұлғалардан салықты уақытылы және дұрыс есептеу қамтамасыз етілсін.
Тармақ 8
8. Аудандар мен Петропавл қаласының әкімдері әкімшілік-аумақтық бірлігі масштабында төлеушілерді есепке алу жөнінде тиісті шешімдер қабылдасын.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Ф.Ф.Сутуловқа жүктелсін.