О внесении дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1498 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
Тармақ 3
«3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген бөлімде:
Тармақ 1
«1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген кіші бөлімде: «Ұсынылатын ақпараттың сапасын арттыру» деген 1-стратегиялық бағытта: «Статистикалық ақпаратты таратуды жетілдіру» деген 1.3-мақсатта: «Пайдаланушылардың статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етілуін жақсарту» деген 1.3.1-міндетте: тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шараларда: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-жолмен толықтырылсын: « 10 Ұлт­тық ком­па­ни­я­лар­дың қар­жы-ша­ру­а­шы­лық қыз­ме­ті ту­ра­лы ста­ти­сти­ка­лық ақ­па­рат­ты қа­лып­та­сты­ру X X X X X »;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 94 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
Тармақ 3
«3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар және іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері» деген бөлімде: «3.1 Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар және іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері» деген кіші бөлімде: «Мемлекеттік қаражат тұрақтылығы» деген 1-стратегиялық бағытта: «Республикалық бюджеттің теңгерімділігі, Ұлттық қор активтерін 2020 жылда ЖІӨ-ге шаққанда кемінде 30 % деңгейге жеткізу және қолайлы деңгейде үкіметтің борыш көлемін қолдау» деген 1.1 -мақсатта: «Республикалық бюджеттің тапшылығын азайту, мемлекеттік шығыстар құрылымының тиімділігін арттыру және үкіметтік борышты қолайлы деңгейде ұстап тұру» деген 1.1.1-міндетте: тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шараларда: «Үкімет борышы мониторингі х х х х х» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: « Үкі­мет­тік және мем­ле­кет ке­піл­дік бер­ген бо­ры­штың тәу­е­кел­де­рін ба­ға­лау X X X X X Үкі­мет­тік бо­ры­штың қа­уіп­сіз дең­гей­ін қол­дау ке­зін­де та­быс ауыт­қы­ма­сын құ­ру үшін қор на­ры­ғын­да ти­іс­ті бағ­дар бел­гі­леу үшін қа­жет­ті Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі шы­ға­ра­тын МБҚ-нің жет­кі­лік­ті кө­ле­мін қол­дау X X X X X »; мынадай мазмұндағы 1.1.1-1-міндетпен толықтырылсын: « Ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­ға қол жет­кі­зу жол­да­ры, құ­рал­да­ры мен әді­сте­рі: 1.1.1-1 мін­дет. Ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор­дың сырт­қы бо­ры­шы­ның мо­ни­то­рин­гі Ті­ке­лей нәти­же­лер көр­сет­кіш­те­рі Ақ­па­рат кө­зі Өл­шем бір­лі­гі Есеп­ті ке­зең Жос­пар­лы ке­зең 2009 жыл (есеп) 2010 жыл (ағым­да­ғы жос­пар) 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл Мо­ни­то­ринг­пен қам­ты­л­ған ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор ұй­ым­да­ры­ның үле­сі Мо­ни­то­ринг­пен қам­ты­л­ған ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор ұй­ым­да­ры­ның са­ны/ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор ұй­ым­да­ры­ның жал­пы са­ны * 100 % - - 50 100 100 100 100 Ті­ке­лей нәти­же­лер­дің көр­сет­кіш­те­ріне қол жет­кізу­ге ар­нал­ған іс-ша­ра­лар іс­ке асы­ру мер­зі­мі 2011 2012 2013 2014 2015 Ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор субъ­ек­ті­ле­рі­нің сырт­қы бо­ры­шы­ның қа­лып­та­су, өзге­ру және оған қыз­мет көр­се­ту үде­рі­сін есеп­ке алу­ды ұй­ым­да­сты­ру X X X X X Ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор субъ­ек­ті­ле­рі­нің сырт­қы бо­ры­шы­ның қа­лып­та­су, өзге­ру және оған қыз­мет көр­се­ту үде­рі­сін тал­дау X X X X X Ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор субъ­ек­ті­ле­рі­нің сырт­қы бо­ры­шы жай-күй­і­нің ше­шу­ші көр­сет­кіш­те­рін және тәу­е­кел­дер дең­гей­ін ба­ға­лау, ден қою ша­ра­ла­рын қол­да­ну X X X X X »;
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 504 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
Тармақ 2
«2. Ұйымдастыру іс-шараларын жүргізу» деген бөлімде: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-1-жолмен толықтырылсын: « 7-1 Бо­ры­штың жай-күйі, бо­рыш­қа қыз­мет көр­се­ту ту­ра­лы, сон­дай-ақ ұлт­тық бас­қа­ру­шы хол­динг­тер­дің, ұлт­тық хол­динг­тер­дің және олар­дың ен­ші­лес ком­па­ни­я­ла­ры­ның жос­пар­лан­ған қарыз алуы ту­ра­лы ақ­па­рат Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкі­ме­тіне ақ­па­рат Қар­жы­ми­ні Жы­лы­на екі рет, жар­ты­жыл­дық­тың қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша 25 ақ­пан­ға және 25 та­мыз­ға ».
Тармақ 2
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 351 қаулысы;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 351 және 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 286 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1482 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов