Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Азербайджанской Республики об обмене правовой информацией Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы құқықтық ақпаратпен алмасу туралы келiсiмдi бекiту туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1997 жылғы 10 маусымда Алматы қаласында қол қойылған Қазақстан
Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасы Үкiметiнiң
арасындағы құқықтық ақпаратпен алмасу туралы келiсiм бекiтiлсiн.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Әзiрбайжан
Республикасы Үкiметiнiң арасындағы құқықтық
ақпаратпен алмасу туралы
КЕЛIСIМ
Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Әзiрбайжан
Республикасы Үкiметiнiң арасындағы құқықтық
ақпаратпен алмасу туралы
КЕЛIСIМ
(ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 1999 ж., N 4, 70-құжат)
(1998 жылғы 20 мамырда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,
Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 68 бет)
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Үкiметi
мен Әзiрбайжан Республикасы Үкiметi
достық пен өзара түсiнiстiк қатынастарын нығайтуға тiлек
бiлдiре отырып,
құқықтық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтыла отырып,
екi мемлекеттiң заңдары туралы өзара ақпаратты жақсарту жөнiндегi қатынастарды дамыту қажеттiгiн түсiне отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
Бап 1. 1-бап
1-бап
Тараптар жариялануға ашық халықаралық ауыстыруға жататын нормативтiк құқықтық актiлер Тiзiмiнде көрсетiлген мәселелер бойынша екi жақты құқықтық ақпарат ауыстырудың қажеттiгiн таниды (қоса берiлiп отыр).
Жоғарыда аталған тiзiм Тараптардың өзара келiсiмi бойынша
өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн.
Бап 2. 2-бап
2-бап
Тараптардың әрқайсысы басқа Тарапқа нормативтiк құқықтық
актiлер туралы сауал қоюшы ақпаратты ұсынуға мiндеттенедi.
Ынтымақтастық барысында Тараптардың бiрiмен алынатын ақпарат
Тараптардың мүдделерi залалдарына пайдаланылмайды.
Бап 3. 3-бап
3-бап
Тараптар ұлттық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып,
құқықтық ақпаратты ауыстыру үшiн мәлiметтердiң жеке эталондық
базаларын ұйымдастырады.
Бап 4. 4-бап
4-бап
Тараптар құқықтық ақпарат ауыстыру жүйесiн құру жөнiндегi
келiсiлген шараларды жүзеге асыра отырып,
субъектiлер тiзiмiн - ақпарат пайдаланушыларды;
ақпараттың құқықтық тәртiбiн - ашықтық, құжаттау тәртiбiн,
кiруге мүмкiндiк, сақтау, ақпаратты тарату және қорғау дәрежесiн
айқындайтын нормативтiк белгiленген ережелердi сәйкес айқындайды.
Бап 5. 5-бап
5-бап
Тараптар Әдiлет министрлiгiнiң құқықтық ақпаратты құру жүйесi
және ауыстыру жөнiнде жұмыс координаторларын айқындайды.
Бап 6. 6-бап
6-бап
Тараптар бiрлесiп пайдалану үшiн айқындалған (мәлiметтердiң эталондық базаларына) құқықтық ақпараттық ұлттық ресурстарына мүмкiндiктi қамтамасыз етедi, оларды бақылау жағдайында қолдайды және ақпараттық мәлiметтердi берудiң толықтығына, дұрыстығына және уақытылығына жауап бередi.
Бап 7. 7-бап
7-бап
Құқықтық ақпарат ережедегiдей, орыс тiлiнде және ақысыз ұсынылу керек. Шұғыл хабарлар мен материалдар беру үшiн электрондық, факсимильдi және өзге байланыс құралдары пайдаланылуы мүмкiн.
Бап 8. 8-бап
8-бап
Тараптар:
мәлiметтер базасын ауыстыру кезiнде бiр-бiрiне нормативтiк
құқықтық актiлер классификаторларын ұсынуды;
қолданылып жүрген ақпараттық-байланыс ресурстары жүйесiн,
сондай-ақ құпия байланыс жүйесiн пайдалана отырып, құқықтық ақпарат
ауыстыруын жүргiзудi қажет деп санайды.
Құқықтық ақпарат ауыстыру екi мемлекеттiң заңдарына сәйкес
жүзеге асырылады.
Бап 9. 9-бап
9-бап
Осы Келiсiм басқа халықаралық шарттар бойынша Тараптардың
құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды.
Бап 10. 10-бап
10-бап
Келiсiм Тараптардың келiсiмi бойынша өзгертiлуi және
толықтырылуы мүмкiн.
Барлық өзгертулер мен толықтырулар осы Келiсiмнiң ажырамас
бөлiгi болып табылатын хаттамалармен дайындалады.
Бап 11. 11-бап
11-бап
Тараптар арасындағы даулар мен келiспеушiлiктер екi жақты
келiссөздер мен кеңесулер жолымен шешiледi.
Бап 12. 12-бап
12-бап
Осы Келiсiм Тараптардың мемлекет iшiндегi жөн-жосықтарды орындауы туралы соңғы хабар алған күннен бастап күшiне енедi, егер Тараптардың бiрi Келiсiм күшiнiң мерзiмi аяқталғанша кемiнде алты айда басқа Тарапқа өзiнiң осы Келiсiм заңдылығын тоқтату туралы ойын хабарламаса, әрбiр келесi бес жыл үшiн мерзiмiн шұғыл ұзартумен бес
жыл iшiнде қолданылады.
1997 жылы 10 маусымда Алматы қаласында, әрқайсысы қазақ,
әзiрбайжан, және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалады,
барлық мәтiндер бiрдей күшке ие. Осы Келiсiмнiң ережелерiн
түсiндiруде келiспеушiлiктер болған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi
мәтiндi басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасының Әзiрбайжан Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Басқа 14. Мемлекетаралық алмасуға жататын нормативтiк
құқықтық актiлердiң
ТIЗБЕСI
Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасы
Үкiметiнiң арасындағы құқықтық ақпаратпен алмасу туралы
Келiсiмге
Қосымша
Мемлекетаралық алмасуға жататын нормативтiк
құқықтық актiлердiң
ТIЗБЕСI
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк құрылыс негiздерi
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк қауiпсiздiк
Тармақ 3
3. Қорғаныс
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк қызмет
Тармақ 5
5. Сыртқы саясат, халықаралық және сыртқы экономикалық
қатынастар
Тармақ 6
6. Әкiмшiлiк заң шығару
Тармақ 7
7. Әдiлет. Сот. Прокуратура
Тармақ 8
8. Қоғамдық тәртiптi сақтау
Тармақ 9
9. Қылмыстық заңдар
Тармақ 10
10. Қылмыстық iс жүргiзу заңдары
Тармақ 11
11. Қылмыстық атқару заңдары
(еңбек-түзету заңдары)
Тармақ 12
12. Азаматтық және отбасы құқығы
Тармақ 13
13. Азаматтық iс жүргiзу және шаруашылық заңдары
Тармақ 14
14. Еңбек және тұрғындардың жұмыс бастылығы
Тармақ 15
15. Әлеуметтiк сақтандыру және әлеуметтiк қамсыздандыру
Тармақ 16
16. Қаржы және несие
Тармақ 17
17. Кәсiпорындар мен кәсiпкерлiк қызмет
Тармақ 18
18. Өнеркәсiп
Тармақ 19
19. Құрылыс және сәулет кешендерi
Тармақ 20
20. Ауыл шаруашылығы
Тармақ 21
21. Сауда
Тармақ 22
22. Көлiк және байланыс
Тармақ 23
23. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және халыққа тұрмыстық
қызмет көрсету
Тармақ 24
24. Бiлiм, ғылым, мәдениет
Тармақ 25
25. Денсаулық сақтау
Тармақ 26
26. Жер туралы, жер қойнаулары, су, ауа кеңiстiгi, өсiмдiк,
жануарлар және табиғи байлықтар әлемi туралы заңдар
Тармақ 27
27. Қоршаған ортаны қорғау
Тармақ 28
28. Геодезия, картография, гидрометеорология
Тармақ 29
29. Халықаралық жеке құқық және процесс
Тармақ 30
30. Кеден iсi