Об образовании Бадамшинского сельского округа Каргалинского района Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округін құру туралы 📌 Ескерту. Шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша «Батамша поселкелік», «Батамша поселкесі» сөздері «Бадамша ауылдық», «Бадамша ауылы» сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 11.12.2015 № 452 қаулысымен және Ақтөбе облыстың мәслихатының 11.12.2015 № 359 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 Заңы 11 бабының 3 тармағына сәйкес жасалған Қарғалы ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсынысы негiзiнде облыстық мәслихат пен облыс әкiмi Шешім етті:
Тармақ 1
1. Әкiмшiлiк орталығы Бадамша ауылы Бадамша ауылдық округi құрылсын, сызба-картаға сәйкес оның құрамына елдi мекендер мен жалпы көлемi 1557 га аумақ кiргiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Қайтадан құрылған Бадамша ауылдық округiн ұстау шығыны 2000 жылғы аудан әкiмi аппаратының аудан орталығын дамыту бөлiмiн ұстауға қаралған лимит көлемiнде жүргiзiлсiн.
Тармақ 3
3. Облыстық статистика басқармасы (А. Д. Мұқаев) облыстықәкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң есептiк мәлiметтерiне тиiстi өзгерiстер енгiзсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет (М. Н. Жекеев) ауданның әкiмшiлiк-аумақтық құрылымына енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес жер-кадастр құжаттарын тәртiпке келтiрсiн.