О ходе выполнения Закона Республики Казахстан «О языках в Республике Казахстан» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының орындалу барысы туралы Ақтөбе облыстық Мәслихаты облыс әкімінің орынбасары А. Қ. Есіркеповтің Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының орындалу барысы туралы баяндамасын тыңдап және талқылап, облыста тіл Заңын жүзеге асыру мақсатында соңғы жылдары келелі жұмыстардың атқарылғандығын атап өтеді. Тіл туралы Заңды жүзеге асыру мақсатында облыста бағдарламалар жасалып, іске қосылуда. Облыс әкімінің шешімдеріне сәйкес тілдерді қолдану мен дамытудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасында қалада, аудандарда, мекемелерде, селолық әкімшіліктерде іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу кестесі бекітілді. 1999 жылдың 1 шілдесіне дейін мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшу- жөніндегі кестеге орай облыс әкімшілігінен бастап қала, аудан әкімшіліктері, 35 басқармалар мен комитеттер, бөлімдер, 86 селолық округгер өз іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуде. 1990 жылмен салыстырғанда Ақтөбе қаласында қазақ тілінде білім беретін мектептер 20-ға, аралас мектептер 26-ға жетті. Қала бойынша 17862 оқушы қазақ тілінде білім беретін мектептерде оқиды. Облыстағы 117594 ұлты қазақ окушышың 94600 ана тілінде білім алуда. Облыс аумағындагы тұрғындарға қызмет ететін барлық салаларда тіл туралы Заңға сәйкес мемлекеттік және басқа да ұлттық тілдерді үйрену мен дамытуға жағдай жасалған. Басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді үйренуіне ықпал ететін байқаулар, тілдер айлығы, халықтар достығы апталығы өткізілуде. Облыста жер-су, елді мекен, қалалар мен ауылдардың тарихи атауларын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ономастикалық комиссия Ақтөбе және басқа қалаларда, поселкелер мен ауылдарда тарихи жағдаймен байланыстырып, көшелердің атауларын өзгертуде. Дегенмен, сессияга дайындық кезінде анықталғандай, әртүрлі себептермен, негізінен алғанда, кейбір мекемелер мен лауазымды адамдардың тікелей кінәсінен тіл туралы Заң талаптарының орындалуы тиісті деңгейде емес. Облыстағы ірі кәсіпорындар - «Казаэронавигация», «Сласти Ақтөбе», «Темірбанк», «Қазкоммерцбанк», «Тұран Әлем банк» акционерлік қоғамдарында, Қазақстан темір жолы мемлекеттік кәсіпорнына қарасты Ақтөбе теміржол бөлімшесінде, «Рифма» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде және де көптеген мемлекеттік емес коммерңиялық құрылымдарда тіл Заңының бұрмалануы орын алуда. Көптеген мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдарда іс қағаздары мемлекеттік тілде жүргізілмейді. Аудармашылық жұмыс кеңінен өрістемей отыр. Тіл үйрету үйірмелерінің жұмысында науқаншылық, тұрақсыздық жағдай байқалуда. Есеп-статистикалық, қаржылық және техникалық құжаттар мемлекеттік тілде жүргізілмейді. Қазақ тіліндегі техникалық құралдар, компьютерлер, машинкалар жеткіліксіз. Заңның 9-бабында мемлекеттік органдар актілерінің мемлекеттік тілде әзірленіп, қабылдануы белгіленген. Бұл талаптарды Алға, Мәртөк, Қарғалы, Қобда, Хромтау, аудандарының әкімдері орындамай отыр. Көпшілік аудандардың, әсіресе, Алға, Хромтау аудандарының қаржы бөлімдері, Мәртөк ауданының сот, ішкі істер бөлімі іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізбей отыр. Бірқатар аудандардың шағын бастауыш мектептерінде 1-4 сынып оқушылары базистік оқу жоспарында белгіленген тиісті білім көлемін ала алмай отыр. Әйтеке би, Қарғалы аудандарындағы мектептерде қазақ тілінің сабағын маман емес мұғалімдер оқытып жүр. Әйтеке би ауданының орталығындағы қазақ мектебінің өзінде ана тілін оқыту қысқартылған. Ақтөбе қалалық оқу бөліміне қарасты орыс лицейлері мен арнаулы мектептерде мемлекеттік тілді оқытуда кемшілік орын алуда. Облыстағы көптеген жиналыстар мен кеңестерді міндетті түрде мемлекеттік тілде өткізу қолға алынбай отыр. Республика, облыс аумағында өндірілетін тауарлар мен шетелдік тауарлардың арнайы мәліметтер көрсетілген тауарлық жапсырмалары, таңбаламалары, нқсқаулықтары талапқа сай емес. Облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің орынбасары А. Есіркеповтың «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының Ақтөбе облысында орындалуы туралы» баяндамасы еске алынсын.
Тармақ 2
2. Облыс әкімінің «Ақтөбе облысында Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығын жүзеге асыру шаралары туралы» шешімі басшылыққа алынсын.
Тармақ 3
3. Облыстың барлық деңгейдегі әкімдері мемлекеттік тілді еркін және тегін игеру үшін барлық қажетті ұйымдық, материалдық-техникалық жағдайлар жасап, тіл туралы Заңның мінсіз орындалуын қадағалап, нақты шаралар алатын болсын. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасын жасау қолға алынсын.
Тармақ 4
4. Ақтөбе қаласының, Қарғалы, Мәртөк, Алға, Хромтау аудандарының әкімдеріне облыста тіл Заңын түбегейлі жүзеге асыру мақсатында мекемелерде мемлекеттік тілде іс жүргізу барысын бақылап отыратын, нақтылы көмек көрсететін тіл секторын, бөлімдерін құру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. «Казақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының нақтылы орындалуына бақылау жасау облыстық прокуратура, облыстық сот, әділет басқармаларына ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Облыста мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы құрылсын. Орталықта аудармашылар мен тіл үйретуші мамандардың кәсіби шеберліктерін арттыру курстары, семинарлар, кеңестер ұйымдастырылсын. Әдістемелік құрал-жабдықтар шығарылып, үлгілі іс тәжірибелер көпке таратылсын.
Тармақ 7
7. Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім (Ж. Куанышәлі), мәдениет (Е.Құрманбеков), білім (А.Құдайбергенов) басқармалары тіл мен мәдениетті дамыту, ұлттық сананы қалыптастыру, тарихи - танымдық жұмыстарын бірлесе атқара отырып, арнайы бағдарлама бойынша түрлі байқаулар, конференциялар, ұлттық-мәдени шаралар ұйымдастьгру міндеттелсін.
Тармақ 8
8. Әр айдың үшінші сәрсенбісі мемлекеттік тіл күні болып белгіленсін. Бұл күні мекемелер мен кәсіпорындарда, оқу орындарында іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу жұмыстары тексеріліп, тіл танымдық мақсаттағы жұмыстар ұйымдастырылып, түрлі кездесулер, шығармашылық кештер, тақырыптық әңгімелер өткізілсін.
Тармақ 9
9. Облыстық білім басқармасы (А. Құдайбергенов) облыс мектептерінде ана тілін оқыту мәселесін тікелей бақылауға алып, мектептерді сауатты, тәжірибелі тіл мамандарымен қамтамасыз ететін болсын. Жаңадан ашылған орта мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтып, аралас мектептердегі қазақ сыныптарының жағдайлары ерекше бақылауға- алынсын. Облыс халқының демографиялық өзгерісіне байланысты алдағы уақытта қазақ мектептерінің санын арттырып, олардағы оқу-тәрбие жұмыстарын тұрақты түрде жақсартып отыру тапсырылсын.
Тармақ 10
10. Облыстағы жоғары және арнаулы оку орындарында мемлекеттік тілді оқып үйрену, оларда сынақтар ұйымдастыруды қолға алып, профессор - оқытушы құрамында мемлекеттік тілде дәріс берушілердің санын арттыру, оларды тілді үйрету, ұлттық тарихи тақырыптарды терең меңгеру, топонимикалық атауларды, өлке тарихын жаңғырту, тілді өндірісте қолдану саласында ғылыми - зерттеу және терминологиялық сөздіктер жасау жұмыстарына тарту кең қолдау тапсын.
Тармақ 11
11. Облыстық ономастика комиссиясы жоспарлы жұмыстарын жалғастыра отырып, жаңа атаулар беруге барынша. мұқият қарайтын болсын, кеңестік-тоталитарлық жүйе зорлап таңған атауларды өзгертуге баса мән берсін, жалпы, ономастика жұмыстарының ғылыми негізде жүргізілуіне айрықша көңіл бөлсін.
Тармақ 12
12. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық басқармасы (К. Төлеубай) қалалық, аудандық және біріккен комитеттер, сондай-ақ бастауыш ұйымдармен тіл Заңының орындалуына ықпал ететін жұмыстарды жалғастырсын, «Тіл және отбасы» меселесіне назар аудара отырып, тұрғындар арасында тілдік ортаны қалыптастыру жолында ұлттық салт дәстүрлерін насихаттау және тарихи-танымдық шараларды өткізу ұсынылсын.
Тармақ 13
13. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау облыстық Мәслихаттың әлуметтік-мәдени мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ж. А. Досқалиев) жүктелсін.