О переименовании некоторых сел и школ в Мугалжарском районе Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Мұғалжар аудандық кейбiр ауылдар мен мектептердiң атауларын өзгерту туралы
📌 Ескерту. Шешімнің тақырыбында және мәтінінде «селолар», «селосы» сөздері «ауылдар», «ауылы» сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің
11.12.2015 № 452 қаулысымен және Ақтөбе облыстың мәслихатының 11.12.2015
№ 359 шешімімен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабының 4 тармағына сәйкес облыстық мәслихат және облыс әкiмi Шешім етеді:
Тармақ 1
1. Мұғалжар ауданы мәслихаты мен әкiмiнiң және облыстық ономастикалық комиссияның ұсыныстары қабылдансын және Мұғалжар ауданындағы:
Шевченко ауылы Көтiбар батыр ауылы;
Золотонош ауылы Елек ауылы;
Восток ауылы Көктөбе ауылы.
Мектеп атаулары:
Шевченко орталау мектебi Көтiбар батыр орталау мектебi;
Золотонош орталау мектебi Елек орталау мектебi;
Восток орталау мектебi Көктөбе орталау мектебi болып атаулары өзгертiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы мемлекеттiк ономастикалық комиссияның қарауына ұсынылсын.