Об утверждении Положения об организациях, оказывающих ревматологическую помощь населению Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының халқына ревматологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ережені бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының халқына ревматологиялық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқына (ересек адамдар мен балаларға) ревматологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша) осы бұйрықты басшылыққа алсын және мыналарды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының халқына (ересек адамдар мен балаларға) ревматологиялық көмек ұйымдастыруды және көрсетуді;
Тармақша 2
2) медициналық ұйымдар жанынан ревматолог кабинеті мен ревматология бөлімшесін ашуды;
Тармақша 3
3) балалар мен ересектердің ревматикалық патологиясын уақтылы диагностикалауды;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас ревматологы (Ғ.А. Тоғызбаев) осы бұйрықтың орындалу барысы туралы ақпаратты жыл сайын, есепті жылдың желтоқсан айының 25-не дейін ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының халқына ревматологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2011 жылғы 14 наурыздағы
№ 132 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының халқына ревматологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ереже
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының халқына ревматологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының халқына ревматологиялық көмек көрсететін ұйымдардың міндеттерін, функцияларын, құқықтық және ұйымдық негіздерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Бұл ережеде мынадай анықтамалар пайдаланылады:
профилактика – аурулардың пайда болуының, олардың ерте сатыда өршуінің алдын алуға және орын алған асқынуларды, ағзалар мен тіндердің бүлінулерін бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені;
ревматикалық аурулар - дәнекер тінінің басым түрде жүйелі немесе жергілікті зақымдануынан болатын аурулар тобы. Оларға буындардың басымдықпен зақымдануынан болатын аурулар; васкулиттер және дәнекер тінінің диффузиялы аурулары; шынайы ревматизм;
гендік-инженерлік терапия - ауруларды емдеу мақсатында адамның соматикалық жасушаларының генетикалық аппаратына өзгерістер енгізуге бағытталған гендік-инженерлік (биотехнологиялық) және медициналық әдістердің жиынтығы;
Тармақ 3
3. Халыққа (ересек адамдар мен балаларға) ревматологиялық көмек көрсететін ұйымдар (бұдан әрі - Ұйымдар) ревматологиялық науқастарды анықтауға, емдеуге және медициналық оңалтуға бағытталған іс-шараларды уақтылы жүргізу мақсатында құрылады.
Тармақ 4
4. Ұйымдардың жұмысын (республиканың, облыстың, қаланың) штаттан тыс бас ревматолог маманы үйлестіреді.
Тармақ 5
5. Ревматологиялық көмек ревматологиялық науқастарды уақтылы анықтауды, емдеуді және медициналық оңалтуды қамтиды.
Тармақ 6
6. Халыққа (ересек адамдар мен балаларға) ревматологиялық көмек консультациялық-диагностикалық және/немесе стационарлық медициналық көмек нысанында көрсетіледі.
Тармақ 2. 2. Ревматологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері мен функциялары
2. Ревматологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері мен функциялары
Тармақ 7
7. Халыққа ревматологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) балалар мен ересектер арасында ревматикалық аурулардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 2
2) диагностиканың қазіргі заманғы әдістерін қолдана отырып, ревматикалық ауруларды ерте диагностикалау;
Тармақша 3
3) ревматологиялық аурулармен ауыратын науқастарды ревматологиялық көмек көрсету хаттамаларына сәйкес емдеу;
Тармақша 4
4) ревматикалық аурулары бар балалар мен ересектерді оңалту;
Тармақша 5
5) бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарымен, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарымен және ревматологтардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, ревматикалық аурулардың бастапқы профилактикасы бойынша іс-шаралар өткізу болып табылады.
Тармақ 8
8. Ревматикалық ауруларға күдіктенгенде немесе анықталған жағдайда немесе олардың асқынған жағдайында учаскелік терапевт-дәрігерлер, педиатр дәрігерлер, жалпы практика дәрігерлері (отбасылық дәрігерлер) және басқа мамандық дәрігерлері науқастарды ревматолог-дәрігердің кабинетіне немесе ревматология бөлімшесіне консультацияға және емдеуге жібереді.
Тармақ 3. 3. Ревматологиялық көмек көрсететін ұйымның құрылымы
3. Ревматологиялық көмек көрсететін ұйымның құрылымы
Тармақ 9
9. Мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін (облыстың, қаланың) денсаулық сақтау ұйымының базасында ревматолог-дәрігердің кабинеттері құрылады.
Тармақ 10
10. Мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған стационарлық немесе стационарды алмастыратын көмек көрсететін (облыстың, қаланың) денсаулық сақтау ұйымының базасында ревматология бөлімшелері құрылады.
Тармақ 1. § 1. Ревматолог кабинеті
§ 1. Ревматолог кабинеті
Тармақ 11
11. Ревматолог кабинеті мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін (облыстың, қаланың) денсаулық сақтау ұйымының базасында балалар мен ересектерге ревматологиялық көмек көрсету үшін құрылады.
Тармақ 12
12. Ревматолог кабинетінің медицина қызметкерлері мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ревматикалық аурулар (ересек адамдар мен балаларға) кезінде консультациялық-диагностикалық және емдік көмек;
Тармақша 2
2) ревматикалық аурулары бар науқастарды (ересек адамдар мен балаларды) стационарлық емдеуге іріктеу және жіберу;
Тармақша 3
3) ревматикалық аурулары бар науқастарды жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге іріктеу және жіберу;
Тармақша 4
4) мынадай ревматикалық аурулардан зардап шегетін науқастарды (ересек адамдар мен балаларды) амбулаториялық деңгейде қарау және диспансерлік бақылау: жіті ревматикалық қызба, жүректің ревматикалық ақаулары, еңбекке қабілетті жастағы адамдарда тізе және сан, жамбас буындарының зақымдануынан болатын остеоартроз, остеопороз, ревматоидты артрит, ювенилді ревматоидты артрит, серонегативті спондилоартриттер (анкилоздаушы спондилит, псориаздық және энтероколиттік спондилоартриттер, реактивті артриттер, Рейтер ауруын қоса алғанда), дәнекер тінінің жүйелі аурулары (жүйелі қызылжегі, антифосфолипидтік синдром, жүйелі склеродермия, дерматополимиозит, Шегрен ауруы, эозинофильді фасциит, дәнекер тінінің аралас аурулары, ревматикалық полимиалгия), жүйелі васкулиттер, подагра, Лайм-артриті;
Тармақша 5
5) буынішілік және буын айналасына диагностикалық және емдік манипуляцияларды жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) ревматикалық аурулары бар науқастарды оңалтуға және санаторийлік-курорттық емдеуге жіберу;
Тармақша 7
7) уақытша еңбекке және оқуға жарамсыздық сараптамасын жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) ревматикалық аурулары бар науқастарды (ересек адамдар мен балаларды) медициналық-әлеуметтік сараптамаға уақтылы жіберу;
Тармақша 9
9) ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек және ревматолог-дәрігердің өңір халқын (ересек адамдар мен балаларды) диспансерлеуге қатысу;
Тармақша 10
10) ревматикалық аурулармен ауыратын науқастар (остеоартроз, остеопороз, ревматоидты артрит, анкилоз спондилоартриті, жүйелі қызылжегі және дәнекер тіннің басқа да жүйелі зақымданулары, подагра) мектептерін ұйымдастыру және жұмыстарына қатысу;
Тармақша 11
11) ревматологиялық аурулармен ауыратын науқастардың (ересек адамдар мен балалардың) профилактикасының, диагностикасының, емдеу мен оңалтудың жаңа әдістерін практикаға енгізу;
Тармақша 12
12) ревматолог дәрігерлердің (ересек адамдар мен балалардың), учаскелік терапевтер мен педиатрлардың, жалпы практика дәрігерлерінің және отбасы дәрігерлерінің, сондай-ақ орта медицина қызметкерлерінің ревматология бойынша біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларға қатысу;
Тармақша 13
13) есепке алу және есеп беру құжаттарын жүргізу, қызметі туралы есептерді ұсыну.
Тармақ 13
13. Ревматолог-дәрігердің кабинеті осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес жабдықтардың минимал тізбесімен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 2. § 2. Ревматология бөлімшесі
§ 2. Ревматология бөлімшесі
Тармақ 14
14. Ревматологиялық көмек көрсету (республиканың, облыстың, қаланың, ауданның) халыққа (ересек адамдар мен балаларға) көп бейінді мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған стационарлық немесе стационарды алмастыратын көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Ревматолог-дәрігердің кабинетінде тиімді медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде сараланған диагностика, қажетті мамандандырылған емнің тәсілдерін әзірлеу және жүргізу үшін науқастар медициналық ұйымның ревматология бөлімшесіне жіберіледі.
Тармақ 16
16. Ревматология бөлімшесін құрамында күндізгі бөлімше құрылған медициналық ұйымның басшысы тағайындайтын меңгеруші басқарады.
Тармақ 17
17. Ревматология (ересек адамдар мен балалар) бөлімшесінің медицина қызметкерлері мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ревматикалық аурулары бар науқастарға ревматологиялық көмек көрсету хаттамаларына сәйкес диагностикалық, емдік және профилактикалық көмек көрсету;
Тармақша 2
2) басқа аурулары бар науқастарға зертханалық және аспаптық диагностика және сараланған диагностика жүргізу;
Тармақша 3
3) буындарына хирургиялық операция жасалған пациенттерді қосқанда, ревматологиялық науқастарды оңалтудың госпиталдық кезеңін жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) ревматикалық аурулары бар науқастарды жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге іріктеу және жіберу;
Тармақша 5
5) уақытша еңбекке және оқуға жарамсыздық сараптамасына қатысу;
Тармақша 6
6) ревматикалық ауруларды диагностикалаудың, емдеудің, диспансерлеу мен профилактиканың жаңа әдістерін енгізу және жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және өткізу;
Тармақша 7
7) ревматикалық аурулардың алдын алу мақсатында науқастарға оқыту-үйрету бағдарламаларын енгізу және жүргізу;
Тармақша 8
8) ревматикалық аурулар саласында диагностика және медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша көп бейінді стационар қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру үдерісіне қатысу;
Тармақша 9
9) ревматикалық аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселелерінде стационардың басқа бөлімшелері дәрігерлеріне консультациялық көмек көрсету;
Тармақша 10
10) ревматикалық ауруларды диагностикалаудың, емдеудің, оңалтудың және алдын алудың жаңа әдістерін меңгеру және практикаға енгізу;
Тармақша 11
11) есепке алу және есеп беру құжаттамасын жүргізу, қызметі туралы есепті заңнамада белгіленген тәртіппен беру, жүргізілуі заңнамада көзделген тіркелімдер үшін деректер жинау.
Тармақ 18
18. Ревматологиялық бөлімше орта, жоғары және қосымша кәсіптік білім беру ұйымдарының, сондай-ақ ғылыми ұйымдардың клиникалық базасы ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Тармақ 19
19. Ревматологиялық бөлімше жанынан осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес буынішілік манипуляцияларға арналған емшара кабинеті құрылады.
Тармақ 20
20. Халыққа (ересек адамдар мен балаларға) көп профилді мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының (республиканың, облыстың, қаланың, ауданның) жанынан биологиялық препараттармен гендік-инженерлік терапия жүргізуге арналған гендік-инженерлік терапия кабинеті құрылады.
Тармақ 21
21. Биологиялық препараттармен гендік-инженерлік емдеу кабинеті консультациялық қабылдауға арналған үй-жайды; осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес медициналық жабдықтармен жарақтандырылған, биологиялық препараттарды көктамыр ішіне ұзақ уақыт бойы енгізуге арналған емшара кабинетін қамтиды.
Тармақ 22
22. Биологиялық препараттармен гендік-инженерлік емдеу кабинетінің медицина қызметкерлері мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) медициналық айғақтары бойынша науқастарды биологиялық препараттармен гендік-инженерлік емдеуді жүргізу;
Тармақша 2
2) биологиялық препараттармен гендік-инженерлік емдеудің тиімділігі мен төзімділігін талдау;
Тармақша 3
3) биологиялық препараттармен гендік-инженерлік емдеудің әртүрлі аспектілері бойынша мамандар мен пациенттерді ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) биологиялық препараттармен гендік-инженерлік емдеу мәселелері бойынша консультациялық қызметті жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) ревматикалық ауруларда биологиялық препараттармен гендік-инженерлік емдеудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу;
Тармақша 6
6) халықтың денсаулығын сақтау бойынша өңірлік бағдарламалар мен өзге де құжаттарды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
Тармақша 7
7) биологиялық препараттармен гендік-инженерлік емдеу мәселелері бойынша медициналық ұйымдарға ұйымдастыру-әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
Тармақша 8
8) есепке алу және есеп беру құжаттамасын жүргізу, қызметі туралы есеп беру, жүргізілуі заңнамада көзделген тіркелімдер үшін деректер жинау.
Тармақ 23
23. Эндопротездеуді қажет ететін науқастар медициналық айғақтары бойынша науқасты одан әрі қарау тәсілін анықтау үшін травматолог-ортопед дәрігерге консультацияға жіберіледі.
Тармақ 24
24. Кардиохирургилық операцияны қажет ететін, жүректің жүре пайда болған ревматикалық ақаулары бар науқастар науқасты одан әрі қарау тәсілін анықтау үшін кардиохирург дәрігерге консультацияға жіберіледі.
Тармақ 25
25. Егер ревматикалық аурулармен ауыратын науқастарға (ересек адамдар мен балаларға) көмек көрсетумен байланысты медициналық манипуляциялар жүргізу пациентте ауырсыну сезімдерін тудырған жағдайда, мұндай манипуляциялар ауырсынуды басу арқылы жүргізіледі.
Басқа 1. Ревматологиялық кабинетке арналған жабдықтардың минимал тізбесі
Қазақстан Республикасының
халқына ревматологиялық
көмек көрсететін ұйымдар
туралы ережеге 1-қосымша
Ревматологиялық кабинетке арналған жабдықтардың минимал тізбесі
р/с
№
Жабдықтар атауы
Саны (дана/жинақ)
Ревматологиялық кабинет
1
Бактерияға қарсы ультракүлгін сәулелендіргіш (үй-жайларға арналған)
1
2
Баспалдақ, саты
1
3
Емшараға арналған кушетка
1
4
Керек-жарақтары бар манипуляциялық шағын үстел
1
5
Принтері бар компьютер
1
6
Стерильдік қорап пен бикске арналған тұғыр
1
7
Медициналық шкаф
1
8
Алғашқы көмек дәрі қобдишасы
1
9
Зертханалық штатив
1
10
Қалдықтар жинауға арналған сыйымдылық
1
11
Жастық
4
Басқа 2. Буынішілік манипуляцияларға арналған емшара кабинеті үшін жабдықтардың минимал тізбесі
Қазақстан Республикасының
халқына ревматологиялық
көмек көрсететін ұйымдар
туралы ережеге 2-қосымша
Буынішілік манипуляцияларға арналған емшара кабинеті үшін жабдықтардың минимал тізбесі
р/с
№
Жабдықтар атауы
Саны (дана/жинақ)
Буынішілік манипуляцияларға арналған емшара кабинеті
1
Бактерицидтік шам
1
2
Биіктігі 75-85 см үстел (кушетка) пациенттің аяқтарына манипуляция жасау үшін)
1
3
Үстелге арналған саты (пациентке арналған)
1
4
Шағын үстел (пациенттік қолдарына манипуляция жасау үшін)
1
5
Стерильденген материалы бар бикске арналған шағын үстел
1
6
Жедел жәрдем дәрі қобдишасы бар шкаф
1
7
Медициналық препараттарға, аспаптарға арналған шкаф
1
8
Синовиалды сұйықтыққа арналған пробиркалары бар штатив
1
Басқа 3. Биологиялық препараттармен гендік-инженерлік емдеу кабинетіне арналған жабдықтардың минимал тізбесі
Қазақстан Республикасының
халқына ревматологиялық
көмек көрсететін ұйымдар
туралы ережеге 3-қосымша
Биологиялық препараттармен гендік-инженерлік емдеу кабинетіне арналған жабдықтардың минимал тізбесі
р/с
№
Жабдықтар атауы
Саны (дана/жинақ)
Биологиялық препараттармен гендік-инженерлік емдеу кабинеті
1
Бактерицидті шам
1
2
Емшара кушеткасы
2
3
Ревматолог-дәрігердің жұмыс орны
1
4
Мейірбикенің жұмыс орны
1
5
Дәрі-дәрмектерге арналған үстел
1
6
Ұзақ инфузиялық құюға арналған штатив
2
7
Дәрі-дәрмектерге арналған шкаф
1
8
Медициналық тоңазытқыш
1
9
Алғашқы жәрдемге арналған дәрі қобдишасы
1
10
Кардиологиялық монитор (ЭКГ)
2
11
Инфузиялық сорғы-дозатор (инфузиялық реттеуші)
2
12
Көп арналы электрокардиограф
1
13
Дефибриллятор
1
14
Трахеостомияға арналған жиынтық
1
15
Қолмен басқарылатын тыныс алу аппараты
1
16
Медициналық санды (электрондық) термометр
1
17
Фонендоскоп
1
18
Манометриялық мембраналық артериялық қысым өлшегіш
1
19
Ультракүлгін ауа сәулелендіргіш-рециркулятор
1
20
Медициналық таразы
1