Об изменениях в административно-территориальном устройстве Иргизского района Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Ырғыз ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымындағы өзгерiстер туралы
📌 Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтінінде «селолық», «селосы» сөздері «ауылдық», «ауылы» сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің
11.12.2015 № 452 қаулысымен және Ақтөбе облыстың мәслихатының 11.12.2015
№ 359 шешімімен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 Заңы 11 бабының 2, 3 тармақтарына сәйкес жасалған Ырғыз ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсынысы негiзiнде облыстық мәслихат пен облыс әкiмi ШЕШIМ ЕТТI:
Тармақ 1
1. Аманкөл ауылдық округiнiң құрамынан жалпы көлемi 210000 га аумақты шығара отырып сызба-картаға сәйкес шекарасы өзгертiлсiн.
Тармақ 2
2. Әкiмшiлiк орталығы Ырғыз ауылы Ырғыз ауылдық округi құрылсын, сызба-картаға сәйкес оның құрамына елдi мекендер мен жалпы көлемi 577839 га аумақ кiргiзiлсiн.
Тармақ 3
3. Қайтадан құрылған Ырғыз ауылдық округiн ұстау шығыны 2000 жылғы аудан әкiмi аппаратының аудан орталығын дамыту бөлiмiн ұстауға қаралған лимит көлемiнде жүргiзiлсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық статистика басқармасы (А. Д. Мұқаев) облыстық әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктердiң есептiк мәлiметтерiне тиiстi өзгерiстер енгiзсiн.
Тармақ 5
5. Облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет (М. Н. Жекеев) ауданның әкiмшiлiк-аумақтық құрылымына енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес жер-кадастр құжаттарын тәртiпке келтiрсiн.