О проведении приписки граждан к призывным участкам Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтарды облыстық шақыру учаскелерiне тiркеудi өткiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкімінің 13.06.2001 № 174 шешімімен. "Жалпыға бiрдей Әскери мiндеттiлiк және Әскери Қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес:
Тармақ 1
1. 1983 жылы туылған жiгiттердi 2000 жылғы қаңтар-наурыз айларында шақыру учаскелерiне тiркеу жүргiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандар Әкiмдерi меншiк нысанына және бағыныштылығына қарамастан, тұрғын үй-пайдалану ұйымдары, кәсiпорындар мен мекемелер, 1999 жылғы 20 желтоқсанға дейiн тиiстi қалалық, аудандық әскери комиссариаттарға шақырылуға жататын жастардың тiзiмдерiн шақыру учаскелерiне тапсырсын; - әскери комиссариаттардың талабы бойынша, әскери мiндеттiлер мен шақырушылардың әскери комиссариаттарға шақырылғандығын хабарлауды және олардың әскери комиссариаттарға келулерiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Меншiк нысанына қарамастан кәсiпорын, ұйымдар мен мекемелер басшылары, жастардың негiзгi жұмыс орындары бойынша жалақысын (стипендиясын) сақтай отырып, шақыруға дейiнгi жастарды әскери есепке алуға байланысты мiндеттерiн орындау үшiн тұрақты жұмыс iстеп жүрген орындарынан (оқуларынан) босатсын.
Тармақ 4
4. Облыс Әкiмшiлiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы (Момынов М.) қалалық және аудандық Әкiмшiлiктердiң тапсырыстары бойынша медициналық комиссияларды мамандар және дәрiгерлермен құрастырсын, қажеттi дәрi-дәрмек және дәрiгерлiк құрал-жабдықтар бөлсiн. Жiгiттердi тiркеу барысында медициналық куәлендірудің сапалығын бақылау ұйымдастырылсын; - медициналық мекемелердiң басшыларына шақырылуға тиiстi жастардың дер кезiнде тексерiлуiн және емделуiн қамтамасыз ету мiндеттелсiн.
Тармақ 5
5. Облыс Әкiмшiлiгiнiң бiлiм департаментi (Бәшенов Ұ.) әскери комиссариаттарға облыстық оқу орындарындағы жастарды тiркеудi ұйымшылдықпен өткiзуге ықпал жасасын.
Тармақ 6
6. Облыс Әкiмшiлiгiнiң спорт, дене тәрбиесi және саяхат департаментi (Қырықбаев П.) тiркеу барысында "Денсаулық" бағдарламасы бойынша жастардың дене шынықтыру деңгейiнiң нормативтiк талаптарға сәйкестiлiгiн тексерудi ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Облыстық әскери комиссариат жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне дайындау мақсатында әскери-техникалық оқу үшiн талапкерлердi анықтасын.
Тармақ 8
8. Облыстық iшкi iстер бас басқармасы (Өзбекалиев Р.), салық полициясының басқармасы (Жақышев Е.), облыстық сот (Нұрбеков М.) әскери комиссариаттарға 1982 жылы туылған алдын ала тергеу жұмыстарын қылмысты іске тартылған жiгiттер туралы ақаратпен қамтамасыз етсiн. Iшкi iстер органдары шақырылғандардың әскери есепке алу құжаттарында, әскери комиссариаттардың есепке тұрғызған немесе есептен шығарған белгiлерi болған жағдайда ғана оларды жергiлiктi жерлерде тiркеуге алуды немесе тiркеуден шығаруды жасасын.
Тармақ 9
9. Мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорыны "Шымкентэнерго" (Анесов И.) есепке алу кезiнде жастарды медициналық қараудан сапалы өткiзу үшiн шақыру пункттерiн электр қуатымен қамтамасыз етiп тұрсын.
Тармақ 10
10. Қала мен аудан әкiмдерiне: - "Жалпыға бiрдей мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңның 12 бабына сәйкес 1983 жылғы туылған жiгiттердi шақыру пункттерiне тiркеу туралы шешiм қабылдансын; - 2000 жылғы қаңтар-наурызда 1983 жылы туылған жiгiттердi шақыру пункттерiне сапалы және толық тiркеудi өткiзуге қажеттi шараларды дайындап жасасын және өткiзсiн; - тiркеудi ұйымдастыру және өткiзу үшiн, әскери комиссариаттар белгiленген жұмыстарды атқаруға жарамды жабдықталған үй-жайлармен, дәрi-дәрмектермен, құрал-саймандармен, медициналық және шаруашылық мүлiктермен - кезекшi автокөлiктер мен байланыс құралдарымен және қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етсiн; Қажеттi мөлшерде медициналық және техникалық қызмет көрсетушi қызметкерлермен, сондай-ақ азаматтарды медициналық қараудан өткiзу үшiн емдеу мекемелерiнен орындар бөлiнсiн. Шақыру пункттерiнде тiркелуге тиiстi жастардың толық қамтылуына шаралар қабылдансын; - есепке алу кезеңінде кестелер мен қолына алған повесткаларына сәйкес шақырылғандардың аудандық әскери комиссариаттарына келуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 11
11. Меншiк нысанына және бағыныштылықтарына қарамастан кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар мен оқу орындарының басшылары жастарды iссапардан (еңбек демалысынан) керi шақырып, олардың шақыру учаскелерiне дер кезiнде келулерiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 12
12. Тiркеудiң қорытындылары 2000 жылғы сәуiрде, қала мен аудан әкiмдерiнiң қатысуымен облыс әкiмшiлiгiнде өтетiн мәжiлiсте қаралсын.
Тармақ 13
13. Облыстық әскери комиссариат (Нұров Т.) тiркеу қорытындылары туралы ақпаратты облыс әкiмшiлiгiне 2000 жылғы 15 сәуiрге дейiн тапсырсын.
Тармақ 14
14. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары - шақыру комиссиясының төрағасы Д. Мыңбайға жүктелсiн.