Шералы Беркінбаевқа көше атын беру туралы Қолданыста
Басқа 0
Шералы Беркінбаевқа көше атын беру туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының
14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2011 жылғы 31 қаңтардағы жалпы жиналысының хаттамасы негізінде, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Құмкент ауылы, Қызылкөл елді мекеніндегі атауы жоқ көшесіне Шералы Беркінбаевтың аты берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.