О представлении информации при выпуске международных облигаций Күшін жойған
Басқа 0
Халықаралық облигациялар шығару кезінде ақпарат беру туралы
"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі заңының 33-бабы 6-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Халықаралық облигациялар шығаруға ниеттенген акционерлік қоғамның бұл туралы мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) еркін нысанда жасалған және мазмұнында жобаланған шығарылым елі, шығарылым валютасы және шығарылым сомасы туралы мәліметтер бар жазбаша ескертпені;
Тармақша 2
2) халықаралық облигациялар шығару туралы шешімімен бірге акционерлер жалпы жиналысының "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі заңының 60-бабына сәйкес ресімделген хаттамасының көшірмесін беру арқылы Ұлттық комиссияны жазбаша ескертуге міндетті екендігі белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы Қаулының 1-тармағында аталған құжаттардың халықаралық облигацияларды шығару туралы шешім қабылданған күннен бастап 15 күннің ішінде Ұлттық комиссияға беруге жататындығы белгіленсін.
Тармақ 3
3. Жазбаша ескертпенің назарға алынғандығын растау ретінде Ұлттық комиссия осы Қаулының 1-тармағында аталған құжаттардың соңғысы алынған күннен бастап 7 күн ішінде акционерлік қоғамға Ұлттық комиссияның Төрағасы қол қоюға жататын хат жіберетіндігі белгіленсін.
Тармақ 4
4. Халықаралық облигацияларды орналастыру аяқталғаннан кейін 15 күні ішінде акционерлік қоғамның Ұлттық комиссияға осы бағалы қағаздардың эмиссия проспектісін ("циркулярын") және еркін нысанда жасалған және шығарылым елі, шығарылым валютасы, шығарылым сомасы және халықаралық облигациялардың орналастыру сәтіне бағасы туралы мәліметтер енгізілген бағалы қағаздарды шығарудың және орналастырудың қорытындылары туралы есеп беруге міндетті екендігі белгіленсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 25 мамырда 535-нөмірмен тіркелген "Халықаралық облигациялар шығару кезінде ақпараттар беру туралы" Ұлттық комиссия Директоратының 1998 жылғы 15 көкектегі N 60 қаулысының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін.
Тармақ 7
7. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) "Қазақстанның қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей отырып), "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін.
Тармақ 8
8. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы осы Қаулыны бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметін жүзеге асыратын және "Қазақстанның қор биржасы" ЖАҚ-ның және бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымдарының мүшелері болып табылмайтын ұйымдардың назарына жеткізсін.
Тармақ 9
9. Осы Қаулының орындалысына бақылау жасау Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтік қаржылар басқармасына жүктелсін.