Об образовании Кобдинского сельского округа Хобдинского района Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Хобда ауданының Қобда ауылдық округiн құру туралы 📌 Ескерту. Шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша орыс тілінде "аульного", "аульный", "аул" сөздері "сельского", "сельский", "село" сөздермен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.05.2017 № 185 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 Заңы 11 бабының 3) тармақшасына сәйкес жасалған Хобда ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсынысы негiзiнде облыстық мәслихат пен облыс әкiмi ШЕШIМ ЕТТI: Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.05.2017 № 185 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 1
1. Әкiмшiлiк орталығы Қобда ауылы Қобда ауылдық округi құрылсын, сызба-картаға сәйкес оның құрамына елдi мекендер мен жалпы көлемi 6783 гектар аумақ кiргiзiлсiн. 📌 Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.05.2017 № 185 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 2
2. Қайтадан құрылған Қобда ауылдық округiн ұстау шығыны 2000 жылғы аудан әкiмi аппаратының аудан орталығын дамыту бөлiмiн ұстауға қаралған лимит көлемiнде жүргiзiлсiн.
Тармақ 3
3. Облыстық статистика басқармасы (А. Д. Мұқаев) облыстық әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктердiң есептiк мәлiметтерiне тиiстi өзгерiстер енгiзсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет (М. Н. Жекеев) ауданның әкiмшiлiк-аумақтық құрылымына енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес жер-кадастр құжаттарын тәртiпке келтiрсiн.