Об изменениях в административно-территориальном устройстве Хромтауского района Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Хромтау ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымындағы өзгерiстер туралы 📌 Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтіні бойынша «селосы», «селолық» сөздері «ауылы» «ауылдық» сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 11.12.2015 № 452 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2015 № 359 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы туралы " Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 Заңы 11 бабының 2, 3 тармақтарына сәйкес Хромтау ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсынысы негiзiнде облыстық мәслихат пен облыс әкiмi ШЕШIМ ЕТТI:
Тармақ 1
1. Новоресей ауылдық округiнiң құрамынан жалпы көлемi 80056 га аумақты шығара отырып сызба-картаға сәйкес шекарасы өзгертiлсiн.
Тармақ 2
2. Әкiмшiлiк орталығы Табантал ауылы Табантал ауылдық округi құрылсын, сызба-картаға сәйкес оның құрамына елдi мекендер мен жалпыкөлемi 80056 га аумақ кiргiзiлсiн.
Тармақ 3
3. Жаңадан құрылған Табантал ауылдық округiн ұстау шығыны 2000 жылғы аудандық басқару органдарын ұстауға қаралған лимит көлемiнде жүргiзiлсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық статистика басқармасы (А. Д. Мұқаев) облыстық әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктердiң есептiк мәлiметтерiне тиiстi өзгерiстер енгiзсiн.
Тармақ 5
5. Облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет (М. Н. Жекеев) ауданның әкiмшiлiк - аумақтық құрылымына енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес жер-кадастр құжаттарын тәртiпке келтiрсiн.