О создании противопожарной службы в районах Актюбинской области Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.03.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысының аудандарында өртке қарсы қызметтерін құру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысының Әділет департаментінің 15.02.2007 № 4-19/1525 хаты. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің Мемлекеттік өртке қарсы қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 22 сәуірдегі № 430 қаулысын, "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабын жүзеге асыру және мемлекеттік өртке қарсы қызметінің құрылымын жетілдіру мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің Ақтөбе облыстық мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы (Ж. С. Еспаев):
Тармақша 1
1) 2000 жылғы 1-сәуірге дейін аудандық кәсіби өрт сөндіру бөлімдерін Ақтөбе облыстық мемлекеттік өртке қарсы әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімдері етіп қайта құрсын.
Тармақша 2
2) аудандардағы әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімдерін жеке құрамамен жасақтасын және аудандық буындардағы өрт сөндіру бөлімдерін қосымшаға сәйкес нөмірлесін.
Тармақ 2
2. Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері Ақтөбе облыстық мемлекеттік өртке қарсы қызметімен бірлесе отырып, 2000 жылдың 1-сәуіріне дейін:
Тармақша 1
1) елді мекендерді өрт қауіпсіздігінен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық бағдарламаларды;
Тармақша 2
2) әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімдерінің басқа ведомостволардың авариялық-құтқару бөлімшелерімен өзара іс-әрекетінің жоспарын жасасын және бекітсін.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы (Б. Е. Жантеміров) 2001 жылы бір өрт сөндіру автомобилін сатып алуға қаржы қарастырсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары В. В. Супрунға жүктелсін.
Басқа 9
Облыс Әкімінің 2000 жылғы 9 наурыздағы № 34 шешіміне қосымша Аудандардағы құрылған өрт бөлімдерінің НӨМІРІ № 6 өрт сөндіру бөлімі (Алға қаласы) - № 6 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімі № 7 өрт сөндіру бөлімі (Бөгеткөл, Қарабұлақ поселкелері) - № 7 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімі № 8 өрт сөндіру бөлімі (Байғанин поселкесі) - № 8 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімі № 9 өрт сөндіру бөлімі (Ырғыз поселкесі) - № 9 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімі № 10 өрт сөндіру бөлімі (Батамша, Қарғалы поселкесі) - № 10 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімі № 11 өрт сөндіру бөлімі (Мәртөк поселкесі) - № 11 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімі № 12 өрт сөндіру бөлімі (Қандыағаш, Ембі қалалары) - № 12 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімі № 13 өрт сөндіру бөлімі (Темір, Ембі қаласы, Шұбақұдық қала үлгісіндегі поселкесі) - № 13 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімі № 14 өрт сөндіру бөлімі (Ойыл поселкесі) - № 14 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімі № 15 өрт сөндіру бөлімі (Қобда поселкесі) - № 15 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімі № 16 өрт сөндіру бөлімі (Хромтау қаласы) - № 16 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімі № 17 өрт сөндіру бөлімі (Шалқар қаласы) - № 17 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімі