Об оказании социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Талгарского района Қолданыста
Басқа 0
Талғар ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы
Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15-тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Талғар ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына аудандық бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу үшін бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек берілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Бүркітов Орынтай Шәріпұлына) әлеуметтік көмектің төленуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрғындарды жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық, тіл, мәдениет және спорт жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Талғар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 01 маусымдағы N 32-197 "Талғар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 2010 жылға әлеуметтік көмек беру туралы" (2010 жылы 15 маусымда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 2-18-108 нөмірімен тіркелді, 2010 жылы 26 маусымда N 29 (3903) аудандық "Талғар" газетінде жарияланған) шешімнің күші жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
Бүркітов Орынтай Шәріпұлы
08 сәуір 2011 жыл