О льготном проезде на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) обучающихся и воспитанников очной формы обучения Қолданыста
Басқа 0
Күндiзгi білім беру нысандарында оқитындарға және тәрбиеленушілерге қала ішіндегі қоғамдық көлiктерде (таксиден басқа) жол жүрулеріне жеңiлдiк беру туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi "Бiлiм туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Заңының 6 бабы 4) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес келтіру мақсатында, Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
Тармақ 1
1. Теміртау қаласының жеңілдік санаттағы күндізгі білім беру нысандарында оқитындарға және тәрбиеленушілерге (жазғы каникулдарды есептемегенде) 2011 жылы қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) құқығын растайтын құжаттар бар болғанда жүрулеріне жеңілдік белгіленсін:
Тармақша 1
1) Теміртау қаласының жалпы бiлiм беретiн оқу орындарының бiрiншi сыныптан сегiзiншi сыныпқа дейiнгi сынып оқушыларына тегін жол жүру;
Тармақша 2
2) жалпы бiлiм беретiн оқу орындарының, кәсібі лицейлердің тоғызыншы сыныптан он бiрiншi сыныпқа дейiнгi сынып оқушыларына, колледждер оқушыларына (тоғызыншы сынып базасында оқитындарға, бірінші және екінші курс оқушыларына) тиісті тарифтің 50 % төлеу;
Тармақша 3
3) кәсіби лицейлерде, колледждерде (он бiрiншi сынып базасында оқитын) және меншіктің барлық түріндегі жоғарғы оқу орындарының күндiз оқитын тұлғаларына тиісті тарифтің 50 % төлеу.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрағасы Владимир Павлович Дмитриев).
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
КЕЛІСІЛДІ
"Теміртау қаласының білім беру,
дене шынықтыру және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б.Р. Рахимова
01 ақпандағы 2011 жылы