О реализации Указа Президента Республики Казахстан «О мерах по предупреждению и пресечению проявлений терроризма и экстремизма» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Терроризмнің және экстремизмнің пайда болуының алдын алу және болдырмау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын жүзеге асыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 13.12.2004 № 55 шешімімен. «Терроризмнің және экстремизмнің пайда болуының алдын алу және болдырмау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы 332 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Ішкі істер басқармасы (М.М.Оразәлиев): - терроризмнің және экстремизмнің алдын алу және болдырмау жөніндегі шұғыл іздестіру қызметінің белсенділігін арттырсын; - қару-жарақтың, оқ дәрілерінің және әскери техниканың сақталуына, пайдаланылуына және әкелінілуіне, сыртқа шығарылуына бақылау жасауды күшейтсін; - Қазақстан Республикасының аумағына шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың келу ережелерін сақтауына қатаң бақылау жасауды қамтамасыз етсін; - билік және басқару органдарының әкімшілік ғимараттарының, өмір сүруді қамтамасыз ететін объектілердің, сондай-ақ маңызды қоғамдық саяси шаралар өткізетін жерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасына (Ж.Қ. Мақанов) облыста жұмыс істейтін діни бірлестіктер қызметінің мониторингін жүргізу және облыс аумағында таратылатын әдебиеттердің діни танымдылығының сараптамасын жүргізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне жүктелсін.