Об изменении границы села Баяндай Ташкенсазского сельского округа Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Еңбекшіқазақ ауданының Ташкенсаз селолық округіндегі Баяндай ауылының шекарасын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20-маусымдағы N 442 Жер Кодексінің 108-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8-желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабы 3-тармағына сәйкес және аудан әкімінің 2011 жылғы 16-наурыздағы N 09-01/568 хатының, Ташкенсаз селолық округі әкімінің 2010 жылғы 29-желтоқсандағы N 318 хатының негізінде, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ташкенсаз селолық округіндегі Баяндай ауылының жанындағы босалқы 11 га жер телімі Баяндай ауылына қосылып, Баяндай ауылының шекарасы 11 га өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен шешімнің орындалуы "Еңбекшіқазақ аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Сейіт Оразғұлұлы Құлынбаевқа және "Еңбекшіқазақ ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Семейғазы Қажибайұлы Молдақасымовқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мақсат Тоқбергенұлы Бекетаевқа және аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.