Об оказании единовременной материальной помощи остронуждающимся гражданам г.Алматы Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласындағы мұқтаж азаматтарға бiр жолғы ақшалай көмек беру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық Әкімінің 23.04.2003 N 529 қаулысымен. II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты III сессиясының шешiмiне сәйкес және тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтiк қолдау мақсатында қала Әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. "Алматы қаласындағы өте мұқтаж азаматтарға бiр жолғы ақшалай көмек беру туралы" Ереже (N 1 қосымша) бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қалалық қаржы басқармасы (Қ. Тәжiбаев) бiр жолғы ақшалай көмек беруге байланысты шығындар бойынша уақытылы қаржыландыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Алматы қалалық Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы (Н. Сүлейменов) Ережеге сәйкес бiр жолғы ақшалай көмек берiлуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары А.Қ. Бижановқа жүктелсiн.
Басқа 5
Алматы қаласы Әкiмiнiң 2000 жылғы 24 наурыздағы N 301 шешiмiне N 1 қосымша Алматы қаласындағы өте мұқтаж азаматтарға бiр жолғы ақшалай көмек беру туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 6. І. Жалпы ережелер
І. Жалпы ережелер Өмiрдегi ауыр жағдайға тап болған (өрт, су тасқыны, табиғи апат, ауыр науқасқа шалдығу және т.б. жағдайлар), Алматы қаласында тұратын, өте мұқтаж, тұрмысы төмен азаматтарға бiр жолғы ақшалай көмек берiледi. Бiр жолғы ақшалай көмектi Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi (әрi қарай - Департамент) бередi. Әрбiр адамға бiр жолғы ақшалай көмек жылына бiр-ақ рет берiледi.
Тарау 7. ІІ. Қаржыландыру көзi
ІІ. Қаржыландыру көзi Бiр ақшалай көмек беруге арналған ақша қаражаттары қалалық бюджеттi қарастырылады.
Тарау 8. ІІІ. Бiр жолғы ақшалай көмектi берудiң тәртiбi
ІІІ. Бiр жолғы ақшалай көмектi берудiң тәртiбi Бiр жолғы ақшалай көмектi беру азаматтың Департаментке ұсынған жазбаша өтiнiшi негiзiнде жүзеге асырылады. Өтiнiш иесiнiң материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеу актiсiн ескере отырып, оған ақшалай көмек беру қажеттiгi туралы мәселе шешiледi (қосымша). Өтiнiштi қараудың нәтижесi бiр айлық мерзiмнен кешiктiрiлмей хабарланады.
Тармақ iv
Тарау iv. IV. Берiлетiн ақшалай көмектiң»мөлшерi
IV. Берiлетiн ақшалай көмектiң»мөлшерi Бiр жолғы ақшалай көмек Департамент бастығының бұйрығымен 5 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде берiледi.
Тармақ v
Тарау v. V. Есеп және есеп берушiлiктiң тәртiбi
V. Есеп және есеп берушiлiктiң тәртiбi Бiр жолғы ақшалай көмек Департаменттiң кассасынан берiледi. Ақшалай көмек беру шығындарының есебiн алу Департаменттiң шығындарды»есебiн жүргiзу кiтабы арқылы жүзеге асырылады. Мерзiмдiк және жылдық есепте шығындар есебiнiң кiтабы бойынша талдау есебiнiң мәлiметтерi негiзiнде жылдың басынан бергi уақыттағы өсе түскен қорытындысы бар, бiр жолғы ақшалай көмек беруге төленген шығындар көрсетiледi. Департамент қатаң есеп жүргiзедi және ұсынған мәлiметтердiң дұрыс болуы үшiн оған жауапкершiлiк жүктеледi.
Тармақ vi
Тарау vi. VI. Қаржыландыру тәртiбi
VI. Қаржыландыру тәртiбi Департамент өткен кезеңдегi ақша қаражаттарының пайдаланылуы туралы есеппен бiрге айына екi рет (1-iнде және 15-iнде) қаржыландыруға арналған өтiнiмдi ұсынады. Қаржыландыруға арналған өтiнiм осы мақсатқа арналған және бекiтiлген сомалар көлемiнде ұсынылады. Қаржы басқармасы ұсынылған мәлiметтердiң толық, дұрыс екенiн тексерген соң, үш күн iшiнде несие қаржысын берудi жүзеге асырады. Жоспарлы қаржыландырудан өтiнiм асқан жағдайда қаржыландыруға арналған өтiнiм қайтарылады және қаржыландыру үшiн қабылданбайды.
Басқа 15. Азаматтың материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеу АКТІСІ
"Алматы қаласындағы өте мұқтаж азаматтарға бiр жолғы ақшалай көмек беру туралы" Ережеге N 2 қосымша Азаматтың материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеу АКТІСІ 2000 жылғы "____" _____________ ___________________________________________________ (тегi, есiмi, әкесiнiң есiмi) ___________________________________________________ (мекен-жайы, телефоны) ___________________________________________________ (азаматтың материалдық-тұрмыстық жағдайлары зерттелдi) ___________________________________________________ (тегi, есiмi, әкесiнiң есiмi) ___________________________________________________ (туылған жылы, мүгедектiгiнiң дәрежесi және тобы, ___________________________________________________ жеке басы куәлiгiнiң N, зейнетақы куәлiгiнiң N) ___________________________________________________ (алатын зейнетақысының, жәрдемақысының түрi және __________ зейнетақы, жәрдемақы алатыны анықталды. мөлшерi) Онымен бiрге_______________________________________ (туыстығының түрi, тегi, есiмi, әкесiнiң есiмi, ___________________________________________________ туылған жылы, барлығының да тегiн, ақшалай ____________________________________тұрады. табыстарының мөлшерiн көрсету қажет) Азаматтың тұрмыс жағдайы __________________________ (тұрғын үй көлемi көрсетiлiп, ___________________________________________________ тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларына сипаттама берiледi) Ақшалай көмекке ___________________________________ (мұқтаж, мұқтаж емес) Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау орталығы бастығының қолы