О переименовании аула Рисполе Аукаттинского аульного округа Кордайского района Жамбылской области в аул Байтерек Қолданыста
Басқа 0
Жамбыл облысы Қордай ауданы Ауқатты ауылдық округінің Рисполе ауылын Бәйтерек ауылы деп атауын өзгерту туралы
Қордай ауданы әкімдігі және Қордай аудандық мәслихатының ұсыныстарын қарай келе және тиісті аумақтың тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жамбыл облысы Қордай ауданы Ауқатты ауылдық округінің Рисполе ауылы Бәйтерек ауылы деп атауы өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы нормативтік құқықтық акті Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.