О переименовании Ленинского аульного округа Т.Рыскуловского района Жамбылской области в Акбулакский аульный округ Қолданыста
Басқа 0
Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының Ленин ауылдық округін Ақбұлақ ауылдық округі деп атауын өзгерту туралы
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі және Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының ұсыныстарын қарай келе және тиісті аумақтың тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңын басшылыққа ала отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының Ленин ауылдық округі Ақбұлақ ауылдық округі деп атауы өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы нормативтік құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.