О предоставлении имени Кемелбека Макулбекова улице без названия в ауле Шеген Кодаманова Қолданыста
Басқа 0
Шеген Қодаманов ауылындағы атауы жоқ көшеге Кемелбек Мақұлбековтің есімін беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы және өзін - өзі басқару туралы" N 148 Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа алып және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармағына, аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2010 жылдың 26 қарашадағы N 6 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Шеген Қодаманов ауылындағы атауы жоқ көшеге елге еңбегі сіңген, соғыс ардагері Кемелбек Мақұлбековтің есімі берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.