Об утверждении Правил передачи в доверительное управление предприятий и государственных пакетов акций акционерных обществ Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.03.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кәсіпорындарды және акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін сенімді басқаруға беру Ережелерін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 26 сәуірдегі № 445 қаулысымен. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  Қаулысына  және "Кәсiпорындарды және акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн сенiмдi басқаруға беру ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментiнiң 1998 жылғы 22 қазандағы N 618  Қаулысына  сәйкес ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған коммуналдық меншiкке жататын Кәсiпорындарды және акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн сенiмдi басқаруға беру ережелерi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiк басқармасы (Ж.Қ. Егiзбаев) Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет басқармасында "Кәсiпорындарды және акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн сенiмдi басқаруға беру ережелерiн" тiркесiн.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары М.Қ. Татаевқа жүктелсiн.
Басқа 4. Коммуналдық меншiкке жататын кәсiпорындарды және акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн сенiмдi басқаруға беру
Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң 2000 жылғы 9 наурыз N 819 шешiмiмен БЕКIТIЛДI Коммуналдық меншiкке жататын кәсiпорындарды және акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн сенiмдi басқаруға беру ЕРЕЖЕЛЕРI
Тармақ 1. 1. Негiзгi ұғымдар
1. Негiзгi ұғымдар Осы Ережелерде келесi ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) Басқарма - Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiгiне қатысты мемлекеттiң мүддесiн бiлдiруге өкiлеттiк берiлген Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiк басқармасы;
Тармақша 2
2) Қатысушы - қажеттi материалдарды табыс еткен және ұсынылған шарттар негiзiнде контракт жасасуға келiсiм берген жеке тұлға немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға;
Тармақша 3
3) Объект - мемлекеттiк кәсiпорын, мүлiктiк кешен, коммуналдық меншiкке жататын және сенiмдi басқаруға берiлетiн акционерлiк қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетi;
Тармақша 4
4) Өтiнiм - қажеттi құжаттардың белгiлi жиынтығы, сондай-ақ Басқарма ұсынған контракт шарттарын орындауға және контракт жасасуға Қатысушының келiсiмi;
Тармақша 5
5) Тендерлiк комиссия - Объектiнi басқаруға контракт жасасу жөнiндегi тендердi ұйымдастыру үшiн құрылған орган;
Тармақша 6
6) Басқарушы - Басқармамен контракт жасасқан тендер жеңiмпазы.
Тармақ 2. 2. Жалпы ережелер
2. Жалпы ережелер Осы Ережелер "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Заң күшi бар  Жарлығына  сәйкес әзiрлендi және Басқармамен Объектiнi сенiмдi басқаруға кейiн сатып алу құқығымен (құқығысыз) беруге контрактiлердi жасасу (бұдан әрi - контракт) тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ Басқарушымен контрактiнiң шарттарын орындалуын бақылау механизмдерiн белгiлейдi. Контракт жасасу мемлекеттiң объектiнi иелену, пайдалану және басқару (билiк ету құқығысыз) тендердi жеңген қатысушыға Объектiге қатысты тиiстi түрде ресiмделген белгiлi шарттарды орындау талап етiлген кезде тапсыруды ресiмдеу болып табылады.
Тармақ 3. 3. Тендерлiк комиссияны қалыптастыру
3. Тендерлiк комиссияны қалыптастыру Басқарма тендерлiк комиссияны қалыптастырады, оның құрамына:
Тармақша 1
1) Басқарманың;
Тармақша 2
2) Облыстық салалық басқарманың;
Тармақша 3
3) Облыстық қаржы басқармасының;
Тармақша 4
4) ШҚО салық комитетiнiң;
Тармақша 5
5) Облыстық экономика комитетiнiң;
Тармақша 6
6) Тиiстi аудан Әкiмшiлiктерiнiң өкiлдерi енгiзiледi. Жоғарыда көрсетiлген өкiлдер тендерлiк комиссияның жұмысына тиiстi түрде ресiмделген сенiмхат негiзiнде қатысуға тиiс. Басқарманың өкiлi тендерлiк комиссияның төрағасы болып табылады. Тендерлiк комиссия:
Тармақша 1
1) белгiленген тәртiпте басқаруға берiлетiн Объектiлер туралы ақпараттық хабарлама жариялауды ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) өз жұмысының регламентiн әзiрлейдi және бекiтедi;
Тармақша 3
3) қажеттi болған жағдайда өз жұмысына консультативтiк фирмаларды тартады;
Тармақша 4
4) тендерлiк комиссияға тапсыруға қажеттi N 1 қосымшадағы нысанға сәйкес ресiмделген құжаттарды қабылдайды және жедел түрде тiркейдi. Тапсырылған құжаттардағы кемшiлiктердi жою үшiн қысқа мерзiмде тиiстi шаралар қолдану қажеттiлiгi туралы Қатысушыларға хабарлайды. Басқа қалада тұратын Қатысушылар үшiн өтiнiм жiберген күннiң пошта белгiсi тiркеу күнi болып саналады;
Тармақша 5
5) Қатысушыларға осы Ережелердi танысу үшiн табыс етедi;
Тармақша 6
6) өтiнiш берушi тендер Қатысушысы болып танылғаны туралы N 2 қосымшадағы нысанға сәйкес немесе себебiн көрсетiп тендерге қатысушы деп тануға бас тартқандығы туралы оған хабарлайды;
Тармақша 7
7) тендердiң жеңiмпазын анықтайды;
Тармақша 8
8) тендер қорытындысы туралы хаттамаға қол қояды.
Тармақ 4. 4. Объектiнi тендерге дайындау
4. Объектiнi тендерге дайындау Басқарма Объектiнi сенiмдi басқаруға беру туралы шешiм қабылдаған соң салалық басқармалар және Әкiмшiлiк комитеттерi соңғы 2 (екi) жыл iшiндегi шаруашылық және қаржы ахуалы туралы ақпаратты тендерлiк комиссияға тендердi өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап санағанда 15 күнтiзбелiк күн iшiнде тапсырады.
Тармақ 5. 5. Тендердi өткiзу туралы хабарлама
5. Тендердi өткiзу туралы хабарлама Тендерлiк комиссия Объектiлер туралы хабарламаны баспасөзде жариялау арқылы жеткiзедi. Тендердi өткiзу туралы хабарлама оны өткiзуге 30 күннен кем емес уақыт қалғанда жергiлiкті баспасөзде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялануға тиiс. Хабарламаның нәтижесiн жақсарту мақсатында ол қосымша республикалық басылымдарда жариялануы мүмкiн. Хабарлама жарияланғаннан кейiн Басқарма барлық өтiнiш бiлдiрушiлерге басқаруға берiлетiн объект туралы ақпаратпен еркiн танысуға жол бередi.
Тармақ 6. 6. Қатысушыларға қойылатын талаптар
6. Қатысушыларға қойылатын талаптар Тендерге өтiнiм мен басқа құжаттарды уақытылы тапсырған жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар қатыса алады. Одан басқа, өтiнiш берген жеке тұлғаның тиiстi бiлiмi және сол немесе тектес салада тәжiрибесi болуға тиiс, ал заңды тұлғаның объектiнi басқару үшiн жоғарыда көрсетiлген талаптарға сәйкес өкiлi болуға тиiс. Тендерге қатысу үшiн тендерлiк комиссияға табыс етiлетiн құжаттар:
Тармақша 1
1) тендерге қатысуға өтiнiм, N 1 қосымшаға сәйкес;
Тармақша 2
2) инвестициялық жобалар негiздемесiнiң әдiстемесiне сәйкес экономикалық және коммерциялық есеп айырысуымен техникалық-экономикалық негiздеме;
Тармақша 3
3) бизнес-жоспар;
Тармақша 4
4) жеке конвертке салынған тендер шарттары туралы жазбаша түрдегi ұсыныстар;
Тармақша 5
5) қатысушының қаржылық тұрақтылығын растайтын құжаттар;
Тармақша 6
6) осы Ережелермен танысқаны туралы тиiстi түрде ресiмделген қолхат. Заңды тұлғалар сонымен қоса нотариуспен куәландырылған құрылтайшы құжаттарды, сондай-ақ тиiстi органдарда мемлекеттiк тiркеуден өткенiн растайтын құжаттарды тапсырады. Өтiнiмдердi қабылдау тендердi өткiзетiн күннен 1 күн бұрын сағат 18-де аяқталады. Белгiленген мерзiм өткен соң өтiнiмдердi және құжаттарды қабылдау тоқтатылады. Тендерлiк комиссия құжаттарды алған соң өтiнiм бiлдiрушiге өтiнiм тiркеген күндi көрсетiп, оның тендерге қатысуы туралы хабарлама жiбередi. Өтiнiмдерi қарауға қабылданбаған немесе керi қайтарылған өтiнiм бiлдiрушiлер 7 күн iшiнде себептерi көрсетiп хабарландырылады. Тендерге қатысуға өтiнiм берген қатысушылар туралы мәлiметтер жарияланбайды. Тендерге қатысушы өз өтiнiмiн тендердi өткiзуге белгiленген мерзiмге дейiн өз ұсынысын керi қайтара алады, бұл туралы ол тендер басталғанға дейiн 3 күннен кем емес уақыт қалғанда хабарлайды. Тендерге қатысушылардың кепiлдiк жарнасы тендердi ұйымдастыруға шыққан шығындардың орнын толтыруға жұмсалады, соның iшiнде:
Тармақша 1
1) консалтингтiк фирмалардың жеке жобалар әзiрлеу бойынша қызметi;
Тармақша 2
2) даулы мәселелер бойынша орындарға бару және мемлекеттiк заңды тұлғаларды немесе мемлекет қатысуы бар заңды тұлғаларды құру туралы шешiм қабылдау, оларды қайта ұйымдастыру, тарату, объектiлерге оңалту процедурасын жүргiзу үшiн кепiлдiкке, жалға, арендаға, сенiмдi басқаруға, жекешелендiруге беру контрактiлерiне (шарттарға, келiсiмдерге) қол қою жолымен мәселелердi шешу үшiн шығатын iссапар шығындары.
Тармақша 3
3) қалааралық телефон сөйлесулерiн төлеу;
Тармақша 4
4) объектiнi күзетуге төлеу;
Тармақша 5
5) көлiкке төлеу;
Тармақша 6
6) жарнамалық және ақпараттық қамтамасыз ету шығындары;
Тармақша 7
7) қағаз, бланкiлер, кеңсе жабдықтарын, компьютерге қосалқы бөлшектер сатып алу, құжаттарды түптеу, жабдықтарды, техниканы жөндеу;
Тармақша 8
8) тендердi өткiзуге тiкелей қатысқан және жұмыс уақытынан тыс жұмыс iстеген жұмысшыларды материалдық көтермелеу. Тендердi ұйымдастыруға және өткiзуге шығатын шығын орнын толтыру үшiн тендердiң жеңiмпазы болмаған қатысушының кепiлдiк жарнасынан 10 пайыз сома ұсталынып қайтарылады. Кепiлақының (кепiлдiктiң) қалған сомасы тендердiң жеңiмпазы анықталған күннен бастап санағанда 20 банк күнi iшiнде Қатысушыларға қайтарылады. Тендердi жеңген Қатысушыға кепiлдiк жарна қайтарылмайды.
Тармақ 7. 7. Тендердi өткiзу тәртiбi
7. Тендердi өткiзу тәртiбi Тендерлiк комиссия Қатысушылардың ұсыныстарын жеңiмпазды анықтау критерийiне орай қарайды. Тендерлiк комиссия бизнес-жоспардың тәуелсiз сараптамасын өткiзуге құқылы. Сараптама Әкiмшiлiктiң салалық басқармасының басшылығымен құрылады және оның құрамына облыстық қаржы басқармасының және басқа да мүдделi комитеттер мен басқармалардың өкiлдерi кiредi. Сараптама жүргiзу мерзiмi 15 күнмен шектеледi. Тендерлiк комиссияның шешiмi дауыстардың қарапайым көпшiлiгiмен қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда тендерлiк комиссия Қатысушыларды келiссөзге шақырып олардың келiсiмiмен жеңiмпазды анықтау үшiн қосымша тендер өткiзуге құқылы. Бұл жағдайда объект жұмысын жақсартуға бағытталған қосымша ұсыныс жасаған Қатысушы жеңiмпаз болып танылады. Тендерлiк комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделедi, оған тендерлiк комиссияның мүшелерi және тендердiң жеңiмпазы қол қояды. Комиссия мүшесi өзiнiң ерекше пiкiрiн жазбаша түрде бiлдiрiп оны хаттамаға қоса беруге құқылы, бұл туралы соңғысында белгi жасалады. Тендерге қатысушылар жеңiмпаз жарияланған соң 30 күнтiзбелiк күн iшiнде тендердiң қорытындысына өзiнiң наразылығын бiлдiре алады. Тендердiң қорытындыларын Басқарма 5 күнтiзбелiк күн iшiнде бекiтедi. Тендерге қатысуға өтiнiм түспеген жағдайда немесе тендерлiк комиссия жеңiмпаз жоқ деп шешiм қабылдаған жағдайда Басқарма тиiстi комиссияға тендер шартын өзгерту туралы ұсыныс жасап жаңа тендер жариялауға құқылы.
Тармақ 8. 8. Контракт жасасу
8. Контракт жасасу Басқарма тендер қорытындыларын бекiткеннен кейiн тараптар объектiнi басқару контрактiсiне 10 күннен кешiктiрмей қол қоюға тиiс. Басқарма және тендер жеңiмпазы арасында жасасылған контракт N 3 қосымшаға сәйкес жасалады. Тараптар қол қойған Объектiнi басқару құқығын қабылдау-тапсыру актiсi контрактiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
Тармақ 9. 9. Контракт шарттары
9. Контракт шарттары Контрактiнiң негiзгi шарттары:
Тармақша 1
1) өндiрiстiң бағытын, көлемiн белгiлi деңгейде сақтау немесе оны кейiн көбейту;
Тармақша 2
2) Объектiнiң мүлiктiк кешенiне кiретiн әлеуметтiк сала объектiлерiн қаржыландыру және ұстау;
Тармақша 3
3) барлық немесе контрактiде белгiленген жұмыс орындарын сақтау;
Тармақша 4
4) әлеуметтiк кепiлдiктердi қамтамасыз ету, Объектiдегi жұмысшылар өмiрiн және денсаулығын өндiрiстiк жарақаттанудан сақтандыру;
Тармақша 5
5) Объектiнiң мүлкiн өрттен, жарылыстардан, апаттардан, табиғи апаттардан сақтандыру;
Тармақша 6
6) өнiмнiң сапасын және бәсекеге жарамдылығын көтеру, өндiрiс шығынын төмендету;
Тармақша 7
7) қабылдау-тапсыру актiсiне қол қойылған сәттегi барлық қарыздарын жою (өтеу);
Тармақша 8
8) жер қойнауы, қоршаған орта және еңбектi қорғау нормалары мен ережелерiн сақтау;
Тармақша 9
9) қаржы қаражат тарту жөнiндегi мiндеттемелер: несие-тауарлық құралдарға, айналымдағы қаражатқа, инвестициялық;
Тармақша 10
10) монополияға қарсы реттеуге жататын шығаратын өнiм (тауар, қызмет) бағасының деңгейi жөнiнде мiндеттемелер;
Тармақша 11
11) отандық тауар өндiрушiлер үшiн өзара тиiмдi баға бойынша iшкi рынок қажеттiлiгiн қанағаттандыру жөнiндегi мiндеттемелер;
Тармақша 12
12) басқарушы фирмалардың ортақ және ұзақ мерзiмге инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттемелерi мен құқықтары, аймақтар мен салалардың мемлекеттiк инвестициялық стратегиясына сәйкес келу;
Тармақша 13
13) басқарушы фирмалардың қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ететiн объектiнi қайта құрылымдау толық бағдарламасы бойынша ұсыныс;
Тармақша 14
14) объектiнi жұмылдыру қуатын қолдау;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге өнiмдердi орташа нарық бағасы деңгейiнен төмен емес бағаға өткiзу;
Тармақша 16
16) Тиелiнетiн өнiмге алдын ала төлегенде шегерiм пайызы әлемдiк стандарттарға сәйкестiгi жөнiндегi мiндеттемелер; тау-металлургия кешенi үшiн, сондай-ақ:
Тармақша 1
1) тау-кен кешенiнiң объектiлерiн дамытудың Бас сызбасына сәйкес тау жұмыстарын жүргiзу;
Тармақша 2
2) алуға дайындалған немесе дайын ашылған запастардың нормативтерiн сақтау, сондай-ақ пайдалы компоненттерді алу және өңдеу толықтығын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) дәстүрлi, әсiресе ұлттық шикiзат материалдар берушiлерiмен және тұтынушыларымен шарттық қатынасты нығайту. Объектiнiң ерекшелiгiне байланысты әр бiр жеке жағдайда талаптарды өзгертiлуi және толықтырылуы мүмкiн. Сонымен бiрге тендерлiк комиссия өнеркәсiптiк сектордың құрылымдық-салалық қажеттiлiгiне байланысты контрактiнi сенiмдi басқаруға:
Тармақша 1
1) акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетi және серiктестiктерге қатысудың мемлекеттiк үлесi;
Тармақша 2
2) коммуналдық меншiктiң кәсiпорындары мен жеке объектiлерi берiлетiндiгiн ескередi.
Тармақ 10. 10. Контракт мерзiмi
10. Контракт мерзiмi Басқарма мен Басқарушы арасындағы контракт оған қол қойылған күннен бастап күшiне енедi. Мерзiмдi санау Басқарма Басқарушыға объектiнi тапсырған күннен бастап саналады. Өнеркәсiптiк сектордың құрылымдық-салалық маңызына қарай контракт 10 жылға дейiнгi мерзiмге жасасылады.
Тармақ 11. 11. Ерекше шарттар
11. Ерекше шарттар Контракт шарттарын тиiстi түрде орындағаны үшiн Басқарушыға Объектiнi сатып алуға басымды құқық берiлуi мүмкiн. Объектiнi сатып алу мерзiмiн және оның бағасының мөлшерiн Басқарма белгiлейдi, олар контрактiде көзделедi.
Тармақ 12. 12. Тараптардың жауапкершiлiгi
12. Тараптардың жауапкершiлiгi Контракт бойынша мiндеттемелердi орындамаған және\немесе тиiстi түрде орындамаған жағдайда тараптар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершiлiкке тартылады. Контрактiнiң талаптары мен шарттарын бұзатын тiкелей немесе жасырын нысанда жасалған мәмiлелер жарамсыз деп танылады, ал олардың жасалуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершiлiкке тартылады. Жауапкершiлiкке тартылу кiнәлi тұлғаларды келтiрiлген залалдың орнын толтырудан босатпайды. Осы Ережеде көрсетiлген негiздер бойынша контракт бұзылған жағдайда, кiнәлi тарап екiншi тараптан осындай бұзу салдарынан болған материалдық залалдарды қосқанда барлық тiкелей залалдарды өтеу туралы талап қоюға құқылы.
Тармақ 13. 13. Форс-мажор
13. Форс-мажор Тежеусiз күш жағдайының (форс-мажор) салдарынан тараптар мiндеттерiн толық немесе iшiнара орындамаған жағдайда, сондай-ақ жасасылған контракт бойынша оларды орындауда кiдiрiс болған жағдайда, олар жауапкершiлiктен босатылады. Тежеусiз күш жағдайларына тараптарды бақылау шегiнен шығатын кез-келген оқиғалар жатады, нақты айтқанда: әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, зiл-залалар (тасқын, жер сiлкiну т.б.). Форс-мажорлық жағдайлар пайда болған жағдайда зәбiрленушi тарап дереу, жазбаша түрде оқиғаның басталған күнiн көрсетiп бұл туралы екiншi тарапқа хабарлама беруге және форс-мажорлық жағдайды растауды табыс етуге тиiс. Жасасылған контракт жағдайлары бойынша мiндеттемелердi орындау форс-мажорлық жағдай әрекет еткен мерзiмге шегерiледi.
Тармақ 14. 14. Контракт шарттарының орындалуын бақылау
14. Контракт шарттарының орындалуын бақылау Контракт шарттарын орындауға бақылау жасауды Басқарма жүзеге асырады. Осы мақсатпен Басқарма Басқарушы фирмаларының мiндеттемелерiн ескерiп жасасылған контрактiге сәйкес өз жұмысын ұйымдастыратын жұмыс тобын құрады. Басқарушы фирма жұмыс тобының қарауына құжаттарды (есептердi) белгiленген мерзiмде және бекiтiлген нысандар бойынша табыс етедi.
Тармақ 15. 15. Контрактiнiң қолдануын тоқтату шарттары
15. Контрактiнiң қолдануын тоқтату шарттары Контракт өз қолдануын келесi себептердiң бiрi бойынша тоқтатады:
Тармақша 1
1) контрактiнiң қолдану мерзiмi аяқталған жағдайда, егер оның қолдануы тараптардың келiсуi бойынша ұзартылмаса;
Тармақша 2
2) тараптардың бiреуi контракт шарттарын орындамайды немесе бұзады, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес тежеусiз күш оқиғаларымен байланысты жағдайларда, осы Ереженi "форс-мажор" бөлiмiнiң 1 тармағына сәйкес жағдайлардан басқасы;
Тармақша 3
3) тараптардың бiреуi өз мүддесiнiң бөлiгiн үшiншi тарапқа екiншi тараптың келiсiмiсiз қайта табыстаған жағдайда;
Тармақша 4
4) соттың тиiстi шешiмiнiң негiзiнде. Басқарушы контрактiде белгiленген мерзiмде объектiнiң жұмысын қамтамасыз ету бойынша мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда Басқарма оған 15 күн бұрын ескертiп, бiр жақты түрде бұзуға құқылы.
Тармақ 16. 16. Дауларды шешу
16. Дауларды шешу Осы Ережелерде реттелмеген мәселелер бойынша тараптар Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады. Объектiнi және\немесе акциялардың мемлекеттiк пакетiн басқару құқығын беру кезiнде пайда болған дауларды тараптар өзара келiсiп қарайды, немесе сот тәртiбi бойынша тараптар 60 (алпыс) күн iшiнде оларды шешуге мүмкiндiк болмаған жағдайда, олар түпкiлiктi шешуiн табу үшiн тиiстi сот органына берiледi. Осы органның шешiмi екi тарап үшiн түпкiлiктi болып табылады. Облыстық коммуналдық меншiк басқармасының бастығы Ж. Егізбаев
Басқа 80. Тендерге қатысуға өтiнiм
N 1 қосымша Тендерлiк комиссияның төрағасы _____________________________ Тендерге қатысуға өтiнiм (жеке немесе заңды тұлғамен толтырылады)
Тармақ 1
1. Акцияларының мемлекеттiк пакетi сенiмдi басқаруға берiлетiн ___________________________________________________________ (объектiнiң толық атауы) туралы  ______________________________________________________ (басылым атауы, N және шыққан күнi) жарияланған ақпараттық хабарламаны және оны сенiмдi басқаруға беру шарттарын зерделеп, мен (бiз) контрактiге қол қоюға өкiлеттi төменде қол қоюшы(лар) ______________________ ұсынылған шарттар негiзiнде және осы өтiнiмге қоса берiлген менiң (бiздiң) ұсыныстарым(ызғ)а сәйкес объектiнi сенiмдi басқаруға контракт жасасуға келiсемiн(мiз).
Тармақ 2
2. Менiң (бiздiң) ұсыныстарым(ыз) қабылданған жағдайда тендердiң қорытындысы жарияланған сәттен кейiн 10 күннен кешiктiрмей контракт жасасуға мiндеттенемiн(мiз).
Тармақ 3
3. Менiң (бiздiң) ұсыныстарым(ыз) қабылданғаны туралы Сiздiң жазбаша хабарламаңыз және өтiнiм контрактiге қол қойылғанға дейiн өзара шарт күшi бар деп саналатын болады.
Тармақ 4
4. Шешiмдi және тендер қорытындыларын мына мекен-жайға жiберуiңiздi сұраймын(мыз): ______________________________________________ Осы өтiнiмге келесi құжаттар қоса берiледi: ___________________________________________________________ (Ереженiң "Қатысушыға қойылатын талаптар" тарауының 2 тармағына сәйкес) ____________________________________________________ атынан (заңды тұлғаның атауы) ____________________________________________________ (өкiлеттi тұлғалардың лауазымы, аты-жөнi) Қолы  ____________________    2000 ж. "__"______ ҚАБЫЛДАНДЫ: 2000 жыл "___"____________    Қолы _____________ (құжаттарды  қабылдауға өкiлеттi тендерлiк комиссия  мүшесiнiң)
Басқа 85. _________________________________________________
N 2 қосымша _________________________________________________ _________________________________________________ (тендерге қатысушының толық атауы мен мекен-жайы) Тендерге қатысуға рұқсат берілгені туралы тендерлік комиссияның хабарламасы _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ (объектінің толық атауы мен орналасқан жері) сенімді басқаруға келісім-шарт жасасу құқығына тендер 2000 жылдың "__" _________________ сағат ______________ мына мекен-жай бойынша өтеді: _________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ Тендерлік комиссияның төрағасы ______________________________ (аты-жөні, қолы) 2000 жыл "___" _______________
Басқа 86. Мемлекеттiк кәсiпорынды немесе "______________________" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн кейiн сатып алу құқығымен (құқығысыз) сенiмдi басқаруға беру туралы
N 3 қосымша Мемлекеттiк кәсiпорынды немесе "______________________" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн кейiн сатып алу құқығымен (құқығысыз) сенiмдi басқаруға беру туралы Келiсiм-шарт Өскемен қаласы 2000 жыл "___"_________ "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 заң күшi бар  Жарлығына  сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң 1999 жылғы 7 қыркүйектегi N 742 шешiмiмен бекiтiлген "Облыстық коммуналдық меншiк басқармасы" мемлекеттiк мекемесi туралы" Ереженiң негiзiнде әрекет ететiн, бұдан әрi "Меншiк иесi" деп аталатын Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiк басқармасы атынан оның бастығы Егiзбаев Жұмағали Құмалбекұлы бiр тараптан және Жарғы негiзiнде әрекет ететiн, бұдан әрi "Басқарушы" деп аталатын _______________________________ атынан________________________________ екiншi тараптан осы Келiсiм-шартты жасасты. Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң өкiлеттi уәкiлiнiң функцияларын жүзеге асыра отырып Меншiк иесi бұдан әрi "Объект" деп аталатын ___________________________ мемлекеттiк кәсiпорнын (акционерлiк қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн) кейiн сатып алу құқығымен (құқығысыз) сенiмдi басқаруға бередi. 2000 жылдың "__"____________ аяқталған Объектiнi кейiн сатып алу құқығымен (құқығысыз) сенiмдi басқаруға беру тендерiнiң қорытындылары бойынша Басқарушы жеңiмпаз болып танылды. Тендердiң хаттамасы осы Келiсiм-шартқа қоса берiлдi. Тараптар сенiмдi басқару деп басқарушы өз есебiнен, сондай-ақ заем қаражаттарынан немесе басқа жолмен шоғырландырылған, оның iшiнде қайта инвестицияланған және осы Келiсiм-шарт шарттары негiзiнде салынатын, Объектiнi қаржы-экономикалық сауықтыруға, дамытуға, қайта жаңартуға, технико-технологиялық қайта қаруландыруға; Объектiнiң тұрақты және шығынсыз ағымдағы өндiрiстiк қызметiн қамтамасыз ететiн, даму болашағы бар ұйымдастыру-техникалық және әлеуметтiк-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру үшiн қолайлы қаржы жағдайын туғызуға бағытталған қаражат есебiнен Басқарушымен белгiленетiн және жүзеге асырылатын iс-әрекеттер және шаралар кешенiн жүзеге асыру мақсатымен Объектiнi пайдалануға берудi түсiнедi. Осы Келiсiм-шарттың тараптары төмендегi туралы келiстi:
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақша 1
1) Объект _________________ қаласының Әдiлет басқармасында 19___ жылдың "__"__________ тiркелдi, N___, мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк осы Келiсiм-шартқа қоса берiлдi.
Тармақша 2
2) Меншiк иесi Объектiге кепiлдiкке рұқсат берiлмегенiн, сатуға қойылмағанын және үшiншi тұлғалардың басқа құқықтары жүктелмегенiн растайды.
Тармақша 3
3) Осы Келiсiм-шартқа сәйкес Басқарушы функцияларын ______________ заңды тұлғасы атқарады.
Тармақша 4
4) Объектiнiң шаруашылық қызметiнiң мемлекеттiк қатысушысы уәкiлiнiң құқықтары мен мiндеттерiн Меншiк иесi тапсырады, ал Басқарушы қабылдап алады. Келiсiм-шартта көрсетiлген жағдайлардан басқа жағдайларда Объектiге меншiк құқығы өзгермейдi.
Тармақша 5
5) Осы Келiсiм-шарттың шарттары және Келiсiм-шартқа қоса берiлiп отырған Басқарушының Бизнес-жоспары негiзiнде Басқарушыға Объектiнi сенiмдi басқаруға берумен байланысты мемлекеттiк қатысушының өкiлеттiгi берiлдi. Басқарушыға басқару құқығын беру оған Объектiнi кейiн сатып алу құқығымен (құқығысыз) Объектiнi сенiмдi басқаруға беру жолымен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiп бойынша және шарттар негiзiнде жүзеге асырылады. Осы Келiсiм-шарт және Меншiк иесiнiң сенiмхаты Объектiнi сенiмдi басқаруды жүзеге асыру құқығын куәландыратын негiз болып табылады.
Тармақ 2. 2. Тараптардың құқықтары
2. Тараптардың құқықтары
Тармақ 2.1
2.1. Меншiк иесiнiң құқықтары:
Тармақша 1
1) Басқарушымен жүргiзiлетiн тiкелей келiссөздерде Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң мүддесiн бiлдiру;
Тармақша 2
2) осы Келiсiм-шартқа Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң атынан қол қою;
Тармақша 3
3) әр толық қаржы жылы аяқталғаннан кейiн Объектiнiң құжаттарына жоспарлы тексеру жүргiзу;
Тармақша 4
4) осы Келiсiм-шарт бойынша барлық мiндеттемелердiң және Келiсiм-шартты дамыту мақсатында қабылданған барлық қосымша келiсiмдердiң орындалуына бақылау жасау.
Тармақ 2.2
2.2. Басқарушының құқықтары:
Тармақша 1
1) Осы Келiсiм-шартта көрсетiлген шарттар негiзiнде Объектiнi пайдалану;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Келiсiм-шартпен белгiленген құқықтар шегiнде кез келген заңды әрекет жасау;
Тармақша 3
3) заңнама талаптарына жауап бермейтiн немесе Объектiнiң қызметiне қайшы келетiн шарттарға, келiсiмдерге және келiсiм-шарттарға тексеру жүргiзу, қайта қарау немесе бұзуды тiкелей Басқарушымен жүргiзу;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Объектiнiң қаржы-шаруашылық әрекетiн жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) осы Келiсiм-шарттың қолдану мерзiмi кезiнде барлық шарттар орындалса Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiпте және шарттарда және меншiк иесiнiң келiсiмiмен Объектiнi мерзiмiне дейiн сатып алу (кейiн сатып алу құқығы көзделген жағдайда).
Тармақ 3. 3. Тараптардың мiндеттерi
3. Тараптардың мiндеттерi
Тармақ 3.1
3.1. Меншiк иесiнiң мiндеттерi:
Тармақша 1
1) Басқарушыға сенiмдi басқаруға, яғни пайдалануға кейiн сатып алу құқығымен (құқығысыз) Объектiнiң мүлкiн беру;
Тармақша 2
2) осы Келiсiм-шарт бойынша берiлген Объектiнi Келiсiм-шарт қолдануы аяқталғанша Басқарушыға толық көлемде қалдыру;
Тармақша 3
3) осы Келiсiм-шарттың толық қолдану мерзiмi iшiнде жоғарыда көрсетiлген Басқарушы құқықтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған берiлген құқықтардың бұзылмауына кепiлдiк беру.
Тармақ 3.2
3.2. Басқарушының мiндеттерi:
Тармақша 1
1) Объектiнiң жұмыс бағытын сақтау;
Тармақша 2
2) 3 жылдан кем емес мерзiмге арналған Объектiнi дамытудың Индикативтiк жоспарын әзiрлеу және ол туралы Меншiк иесiмен келiсу;
Тармақша 3
3) жұмыстарды жүргiзген кезде үздiк технологияларды қолдану және жұмысқа бiлiктi мамандарды тарту, iшкi рынокты қызметпен және тауарлармен толық қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) өнiмнiң сапасын және оның бәсекелестiкке жарамдылығын жоғарлату, өндiрiс шығындарын төмендету үшiн қажеттi iс-әрекеттер жасау;
Тармақша 5
5) осы Келiсiм-шартқа қоса берiлген Бизнес-жоспарға сәйкес сауда, техникалық және әлеуметтiк-экономикалық бағдарламалар кешенiн жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) үнемi әр тоқсан өткен сайын қаржы-шаруашылық және сауда-өндiрiстiк қызметi бойынша осы Келiсiм-шарттың шарттарының орындалу барысы туралы ақпарат беру, Объектiнiң сауда-өндiрiстiк қызметiне байланысты барлық шығыстардың және шығындардың толық және нақты бухгалтерлiк есебiн жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) Меншiк иесiнiң, сондай-ақ қаржы және салық органдарының алғашқы талабы бойынша Объектiнiң қаржысын қалыптастыруға және жұмсауға қатысты барлық есептердi табыс ету;
Тармақша 8
8) осы Келiсiм-шарттың қолдану мерзiмi iшiнде мейлiнше мүмкiн жұмыс орнын сақтау, жұмыс орындарын қысқарту туралы 2 ай бұрын мемлекеттiк жұмыспен қамту органын хабардар ету, Объект қызметкерлерiн әлеуметтiк кепiлдiкпен қамтамасыз ету, олардың өмiрiн және денсаулығын өндiрiстiк жарақаттардан және өндiрiстегi бақытсыз оқиғалардан сақтандыру;
Тармақша 9
9) осы Келiсiм-шарттың толық қолдану мерзiмi iшiнде Объектi көрсететiн қызмет және тауар айналымы көлемiн Объектiнi басқаруға беру сәтiне дейiн оның статистикалық және бухгалтерлiк есебiнде көрсетiлген мәлiметтерден кем емес көлемде сақтау;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетке салық және басқа аударымдарды уақытылы төлеудi жүргiзу;
Тармақша 11
11) Объектiнiң айналымдағы қаражатын бизнес-жоспарда белгiленген қажеттi деңгейге дейiн ____________________ мөлшерде толықтыру;
Тармақша 12
12) Келiсiм-шарттың қолдану мерзiмi iшiнде осы Келiсiм-шартқа қоса берiлген бизнес-жоспарға сәйкес Объектiнiң инвестициялық бағдарламаларын қаржыландыру;
Тармақша 13
13) Объектi акцияларының мемлекеттiк пакетiн сенiмдi басқаруға беру сәтiндегi барлық деңгейдегi бюджеттер алдындағы кредиторлық берешектердi, соның iшiнде еңбек ақы бойынша, осы Келiсiм-шартқа қол қойылған күннен бастап 90 күн iшiнде, басқа кредиторлық берешектердi Меншiк иесiмен келiсiлген және осы Келiсiм-шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын берешектердi өтеу кестесiне сәйкес өтеу;
Тармақша 14
14) төлеу мерзiмi өткен дебиторлық берешектердi қайтару үшiн қажеттi әрекеттер жасау;
Тармақша 15
15) Басқарушының жедел шаруашылық қызметiмен шарттасылған активтердiң өзгеруiн ескере отырып Объектi мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 16
16) статистикалық және қаржылық есеп салық органдарымен қабылданып, бекiтiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетiлген тәртiпте акционерлердiң жиналысы арқылы сенiмдi басқаруға берiлген акциялардың мемлекеттiк пакетiне дивидендтердiң мiндеттi түрде және уақытылы есептелуiн және олардың бюджетке аударылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 17
17) Объектiнiң мүлiктiк кешенiне енетiн әлеуметтiк сала объектiлерiн қаржыландыру және ұстау;
Тармақша 18
18) Объектiнiң мүлкiн өрттерден, жарылыстардан, зiл-залалардан, табиғи апаттардан сақтандыру;
Тармақша 19
19) жер қойнауларын, қоршаған ортаны қорғау нормаларын және ережелерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 20
20) шығарылатын өнiмге (тауар, қызмет) монополияға қарсы реттеуге сәйкес баға деңгейiн белгiлеудi қамтамасыз ету;
Тармақша 21
21) Объектiнi жұмылдыру қуатына қолдау көрсетудi қамтамасыз ету;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасынан шет жерлерге өнiмдердi орта рыноктық баға деңгейiнен төмен емес бағаға өткiзу;
Тармақша 23
23) тиелiнетiн өнiм құны алдын ала төленген жағдайда әлемдiк стандарттарға сәйкес шегерiм пайызын қамтамасыз ету;
Тармақша 24
24) осы Келiсiм-шарт бойынша өз мiндеттерiн жүзеге асыру кезiнде Басқарушы кiнәсiмен Объектiге тiкелей шығын келтiрiлген жағдайда, ондай шығынды өз есебiнен өтеу;
Тармақша 25
25) Басқарушыдағы активтердi, акциялардың пакетiн кепiлдiкке беру туралы Меншiк иесiмен келiсу;
Тармақша 26
26) Басқару кезiнде Меншiк иесiнiң алдын ала берген жазбаша келiсiмiсiз объектiнiң мүлiктерiн, оның акцияларын, соның iшiнде басқа заңды тұлғаларға салынған салым түрiндегiлердi иелiктен шығару;
Тармақша 27
27) Контракт күшiне енгеннен кейiн 2 (екi) ай iшiнде Меншiк иесi Басқарушыға акциялардың мемлекеттiк пакетiн берген күнге баланс активтерi мен пассивтерiне түгендеу жүргiзудi қамтамасыз ету;
Тармақша 28
28) Осы Келiсiм-шарт жасасылғаннан кейiн Объектiнiң қаржы шаруашылық жағдайын бағалау үшiн тәуелсiз аудитор тағайындау. Аудиторлық тексерудiң қорытындылары Меншiк иесiне мәлiмет үшiн табыс етiледi және осы Келiсiм-шартқа қосымша шарттарды және\немесе оның шарттарын өзгерту туралы келiсуге негiз болады.
Тармақ 4. 4. Объектiнi сату
4. Объектiнi сату Объектiнi сату туралы шешiм Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте Меншiк иесiмен қабылданады.
Тармақ 5. 5. Тараптардың жауапкершiлiгi
5. Тараптардың жауапкершiлiгi
Тармақша 1
1) Осы Келiсiм-шарт шарттары орындалмағанда немесе тиiстi түрде орындалмаған жағдайда тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
Тармақша 2
2) Осы Келiсiм-шарт немесе заңнаманың талаптарын және шарттарын тiкелей немесе жасырын түрде бұзатын мәмiлелер жарамсыз деп танылады, ал олардың жасалуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртiптiк, материалдық және қылмыстық жауапкершiлiкке тартылады.
Тармақша 3
3) Осы Келiсiм-шартта көрсетiлген жағдайлардан басқа жағдайларда Басқарушы осы Келiсiм-шарт бойынша өз құқықтарына енгенге дейiнгi Объектiнiң бухгалтерлiк, қаржы-шаруашылық, сауда-өндiрiстiк және басқа қызметiнiң нәтижелерi үшiн жауап бермейдi.
Тармақша 4
4) Осы Келiсiм-шарт жасасылғанға және Басқарушы активтердi немесе акцияларды басқару құқығына енгенге дейiн Объект атынан жасасылған немесе жүргiзiлген барлық жолдаулар, мәмiлелер, келiсiм-шарттар және басқа құжаттар Басқарушының келiсiмiмен ғана күшi бар деп табылады.
Тармақ 6. 6. Форс-мажор
6. Форс-мажор
Тармақша 1
1) Тежеусiз күш жағдайларының (форс-мажор) салдарынан тараптар мiндеттерiн толық немесе iшiнара орындамаған жағдайда, сондай-ақ осы Келiсiм-шарт бойынша оларды орындауда кiдiрiс болған жағдайда, олар жауапкершiлiктен босатылады.
Тармақша 2
2) Тежеусiз күш жағдайларына осы Келiсiм-шарт тараптарының бақылау немесе ықпал ету шегiнен шығатын және тараптардың жағдайын нашарлататын кез-келген оқиғалар жатады, сондай-ақ әскери қақтығыстар, табиғат апаттары, зiл-залалар (тасқын, жер сiлкiнуi және т.б.).
Тармақша 3
3) Форс-мажорлық жағдайлар пайда болған жағдайда зәбiрленушi тарап дереу жазбаша түрде оқиғаның басталған күнiн көрсетiп және форс-мажорлық оқиғаны сипаттап бұл туралы екiншi тарапқа хабарлама бередi. Тараптар бiрлесiп осы жағдайлардың салдарын мейлiнше жеңiлдету үшiн барлық қолдан келетiн шараларды қолданады.
Тармақша 4
4) Осы Келiсiм-шарт бойынша мiндеттемелердi орындау мерзiмi форс-мажорлық жағдайлар болған мерзiмге шегерiледi.
Тармақша 5
5) Егер көрсетiлген жағдайлар 6 айдан аса мерзiмге созылса, әр тарап осы Келiсiм-шарт бойынша келешекте мiндеттемелерiн орындаудан бас тартуға құқылы, және осы жағдайда тараптардың ешқайсысының екiншi тараптан келтiрiлген шығын орнын өтеудi, айып төлеудi талап етуге құқығы жоқ.
Тармақ 7. 7. Құпиялық
7. Құпиялық
Тармақша 1
1) Тараптар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құпия сақтауға қатысты барлық құжаттар, ақпараттық есептер бойынша құпия сақтау мерзiмiн және шектерiн белгiлейдi.
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық келісiмдерiнде белгiленген жағдайлардан басқа тараптардың ешқайсысы екiншi тараптың жазбаша келiсiмiсiз құпиялықтың қолдану мерзiмi iшiнде үшiншi тарапқа осы Келiсiм-шарттың мазмұнын немесе құпиялы деп саналатын басқа ақпаратты жариялауға құқығы жоқ.
Тармақша 3
3) Осы Келiсiм-шарт тараптары екiншi тараптың келiсiмiсiз Келiсiм-шартты орындауға байланысты бiр-бiрiнен алған ақпаратты үшiншi тарапқа жарияламауға мiндеттенедi. Басқарушы басқа ақпарат көзiнен алған жалпыға ортақ ақпаратқа, сондай-ақ заң бойынша жариялануға тиiс немесе құзыреттi органдар мен ұйымдарға берiлуге тиiс ақпаратқа бұл ереженiң қатысы жоқ. Жоғарыда көрсетiлген мiндеттемелердiң осы Келiсiм-шарттың қолдануы тоқтатылғаннан кейiн 3 жыл iшiнде күшi бар және олар Тараптар қызметкерлерi мен кеңесшiлерiне де қатысты.
Тармақ 8. 8. Дауларды шешу
8. Дауларды шешу
Тармақша 1
1) Осы Келiсiм-шартпен реттелмеген басқа мәселелер бойынша тараптар Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын және Қазақстан Республикасының аумағында қолданып жүрген құқылы мәртебесi бар халықаралық келiсiмдер нормасын басшылыққа алады.
Тармақша 2
2) Келiсiм-шарт бойынша Объектi акцияларының мемлекеттiк пакетiн басқару құқығын беру кезiнде туған даулар тараптардың өзара келiсiмi бойынша шешiледi. Заңда белгiленген мерзiм iшiнде дауларды шешу мүмкiн болмаған жағдайда құжаттар соттың қарауына берiледi.
Тармақ 9. 9. Келiсiм-шарттың қолдану мерзiмi
9. Келiсiм-шарттың қолдану мерзiмi
Тармақша 1
1) Осы Келiсiм-шарттың қолдану мерзiмi _____ жыл.
Тармақша 2
2) Келiсiм-шарт қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi және 2000 жылдың "__"_____________ аяқталады.
Тармақша 3
3) Келiсiм-шарт жазбаша түрде кез-келген мерзiмге ұзартылуы мүмкiн, егер тараптар осындай ұзартуды қажет деп санаса және ол туралы өзара келiссе.
Тармақша 4
4) Осы Келiсiм-шарт қолдануы аяқталған соң ол бойынша iс жүзiндегi қатынас тараптардың барлық мүлiктiк мiндеттемелерi реттелгеннен кейiн тоқтатылады, осы туралы олар тиiстi актiге қол қояды.
Тармақ 10. 10. Келiсiм-шарт қолдануын тоқтату шарттары
10. Келiсiм-шарт қолдануын тоқтату шарттары
Тармақ 10.1
10.1. Осы Келiсiм-шарт келесi себептердiң бiрi бойынша қолдануын тоқтатады:
Тармақша 1
1) оның қолдануы тараптардың келiсiмiмен ұзартылмаса қолдану мерзiмi өткен жағдайда;
Тармақша 2
2) тараптардың бiреуi Келiсiм-шарт шарттарын орындамаған немесе дөрекi бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес тежеусiз күш жағдайлары (форс-мажор) оқиғаларымен байланысты жағдайлардан басқа;
Тармақша 3
3) Басқарушы инвестициялық бағдарламаны орындамаған немесе бұзған жағдайда;
Тармақша 4
4) Басқарушы Қазақстан Республикасының экономикасына залал келтiретiн саясатты жүзеге асырған жағдайда;
Тармақша 5
5) тараптардың бiреуi екiншi тараптың келiсiмiсiз өз мүддесiнiң кез келген бөлiгiн үшiншi тарапқа табыс етедi;
Тармақша 6
6) Соттың тиiстi шешiмi негiзiнде.
Тармақ 10.2
10.2. Басқарушы өз мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда Меншiк иесi белгiленген мерзiм iшiнде, бiрақ 20 күнтiзбелiк күннен артық емес анықталған бұзушылықтарды жою қажеттiлiгi туралы хабарлама жiбередi. Осы жағдайда Меншiк иесi Келiсiм-шартты бiр жақты түрде бұзуға құқылы.
Тармақ 10.3
10.3. Осы Келiсiм-шарттың 10.2. тармағында көзделмеген негiздерде Келiсiм-шарт мерзiмiне дейiн бұзылған жағдайда кiнәлi тарап екiншi тараптан барлық расталған тiкелей шығындардың, соның iшiнде келiсiм-шартты бұзу салдарынан болған материалдық шығындарды өтеудi талап етуге құқылы.
Тармақ 10.4
10.4. Талаптардың барлық мүлiктiк талап-арыздарды реттелiп ол туралы тараптар Акт жасағаннан кейiн осы Келiсiм-шарт бойынша қатынастар тоқтатылады.
Тармақ 10.5
10.5. Тараптар осы Келiсiм-шартты өзара келiсiмi бойынша бұзуға құқылы.
Тармақ 11. 11. Ерекше шарттар
11. Ерекше шарттар
Тармақша 1
1) Меншiк иесi және Басқарушы өзара келiсiп, қолданып жүрген тәртiпке сәйкес осы Келiсiм-шартқа өзгертулер мен толықтырулар енгiзуге, сондай-ақ осы Келiсiм-шартты жүзеге асырумен байланысты қажеттi келiсiмдер жасасуға құқылы.
Тармақша 2
2) Осы Келiсiм-шартқа қосымшалар мен толықтыруларға тараптардың өкiлеттi уәкiлдерi қол қоюға тиiс. Осы Келiсiм-шарт мәтiндерiнiң мағынасы мен құрамы бiр-бiрiне сәйкес келмеген жағдайда соңғы күнмен белгiленген құжаттың заңды күшi бар.
Тармақша 3
3) Осы Келiсiм-шартқа кез келген өзгертулер мен толықтырулар жазбаша түрде жасалып, оған өкiлеттi лауазымды тұлғалар қол қойған жағдайда ғана жарамды.
Тармақша 4
4) Келiсiм-шарт 3 данада жасалады, оның екеуi орыс тiлiнде және бiреуi мемлекеттiк тiлде, олардың бiрдей заң күшi бар, екеуi Меншiк иесiнде және бiреуi Басқарушыда сақталады.
Тармақша 5
5) Осы Келiсiм-шартқа қоса берiлген құжаттар Келiсiм-шарттың толық қолдану кезеңi өткенше сақталады.
Тармақ 12. 12. Тараптардың орналасқан жерi және деректемелерi
12. Тараптардың орналасқан жерi және деректемелерi Меншiк иесi:                                    Басқарушы: Шығыс Қазақстан облысының Коммуналдық меншiк басқармасы 492000 Өскемен қаласы, М.Горький көшесi,61 РНН 181600062858, е/ш.121132201, к/ш 000161903 МФО 190901003 ШҚ облыстық Қазынашылық басқармасында
Тармақ 13. 13. Тараптардың қолдары
13. Тараптардың қолдары Коммуналдық меншiк басқармасының бастығы _____________ Ж.Егiзбаев 2000 жыл "__"__________          _________________