О совершенствовании органов внешнего государственного финансового контроля в регионах Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыстардың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаттарына тексеру комиссиялары мен олардың аппараттарын тарату ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері:
Тармақша 1
1) мәслихаттардың таратылатын тексеру комиссияларының штат санын ескере отырып, осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді - тексеру комиссияларын құруды жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарымен бірлесіп, осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Мыналар:
Тармақша 1
1) құрылатын тексеру комиссияларының негізгі міндеті жергілікті бюджеттердің атқарылуын сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) барлық деңгейдегі мәслихаттардың тексеру комиссияларының жұмыс жоспарына бақылау объектілерін енгізуге ұсыныстар енгізу құқығы;
Тармақша 3
3) құрылатын тексеру комиссиялары жыл сайын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің мәслихаттарына жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп ұсынады;
Тармақша 4
4) құрылатын тексеру комиссияларының төрағалары мен мүшелерін 5 жыл мерзімге қызметке тағайындауды және босатуды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленетін біліктілік талаптарын ескере отырып, облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті құрылатын тексеру комиссияларының қызметін үйлестіреді (әдіснама, біліктілігін арттыру, қайта даярлау) деп белгіленсін.
Тармақ 4
4. Қоса беріліп отырған астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссиялары штат санының лимиттері бекітілсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен бірлесіп:
Тармақша 1
1) осы Жарлықты іске асыруға және сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары арасындағы өзара іс-қимыл тетігі мен өкілеттіктердің аражігін ажыратуға бағытталған заң жобасын бір ай мерзімде әзірлесін және Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін;
Тармақша 2
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 2
Тармақша 3
3) «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 599-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2009 ж., № 12, 69-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат): аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімінде: «D санаттарының тобы» деген бөлімде: тақырыбы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссиялары»; D-1 және D-2 санаттары мынадай редакцияда жазылсын: «D-1 санаты Облыс мәслихатының аппарат жетекшісі D-2 санаты Облыс әкімінің аппараты жетекшісінің орынбасары Облыс мәслихатының аппараты жетекшісінің орынбасары».
Тармақ 7
7. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы Жарлық қажетті заңнамалық базаның қабылдануына қарай, бірақ 2011 жылғы 30 маусымнан кешіктірілмей қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 1, 2 және 6-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 21. Құрылатын мемлекеттік мекемелердің ТІЗБЕСІ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 Жарлығына ҚОСЫМША Құрылатын мемлекеттік мекемелердің ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. «Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 4
4. «Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 5
5. «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 6
6. «Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 7
7. «Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 8
8. «Ақтебе облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 9
9. «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. «Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. «Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 12
12. «Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 13
13. «Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 14
14. «Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 15
15. «Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 16
16. «Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 17
17. «Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі. 18. «Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі. 19. «Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі. 20. «Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
Басқа 39. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссиялары штат санының лимиттері
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссиялары штат санының лимиттері Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар Штат санының лимиттері (оның ішінде тексеру комиссиясының төрағасы және төрт мүшесі) Астана қаласы 31 Абай 31 Ақмола 45 Ақтөбе 39 Ал­ма­ты 35 Атырау 30 Шы­ғыс Қа­зақ­стан 35 Жамбыл 39 Же­ті­су 29 Батыс Қазақстан 31 Қа­ра­ған­ды 37 Қостанай 46 Қызылорда 33 Маңғыстау 22 Павлодар 35 Солтүстік Қазақстан 39 Түркістан 51 Ұлы­тау 22 Алматы қаласы 38 Шымкент қаласы 31 ЖИЫ­НЫ: 699