Құжат мәтініне өту

Об оказании единовременной социальной помощи отдельным категориям граждан

Қаулы · № 1072 · қабылданған 20.04.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-58666/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об оказании единовременной социальной помощи отдельным категориям граждан Күшін жойған Қаулы ·№ 1072 ·20.04.2011
27.04.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании единовременной социальной помощи отдельным категориям граждан

Күшін жойған Қаулы ·№ 1072 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании единовременной социальной помощи отдельным категориям граждан
Атауы (қаз.)
Жекелеген санаттағы азаматтарға біржолғы әлеуметтік төлем беру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1072
Қабылданған күні
20.04.2011
Көрсетілген редакция
27.04.2012 58666_207979.kaz
Соңғы өзгеріс
27.04.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11LA000176
ЭКБ идентификаторы
58666
Редакция идентификаторы
58666_207979
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:32

0 Жекелеген санаттағы азаматтарға біржолғы әлеуметтік төлем беру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 баптың 1 тармағының 14) тармақшасы, 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 5, 6 баптары, 9 баптың 1, 2, 3 тармақтарына және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі N 365 "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Заңының 4 бабының 8, 8-1 тармақшаларына сәйкес жекелеген санаттағы азаматтарға біржолғы әлеуметтік төлем беру мақсатында Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қайтыс болған (хабар-ошарсыз кеткен) соғысқа қатысушылардың қайталап некеге отырмаған зайыбына (жұбайына) және концлагердің бұрынғы жасы кәмелетке толмаған тұтқындарына, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталған адамдарға, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға үйлерін газдандыруға біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.

2 2. Жекелеген санаттағы азаматтарға біржолғы әлеуметтік төлем 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде берілсін.

3 3. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бастығы П.Сыздықов) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Н.Жәлиевке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы