О состоянии подготовки в области к весенне-полевым работам Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.03.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың көктемгі- далалық жұмыстарына әзірлік жағдайы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 02.07.2004 № 9-4 шешімімен. Облыстық ауыл шаруашылығ департаментi бастығының орынбасары С.Ғ.Нұрғалиевтiң «Облыстың көктемгi – далалық жұмыстарға әзірлігі туралы» хабарламасын тыңдап, облыстық мәслихаттың сессиясы облысымызда көктемгi - далалық жұмыстарына әзiрлiгi жөнiнде бiрнеше жұмыстар атқарылғанын атап өттi. 1999 жылдың қуаңшылығына қарамастан ауыл тауар өндiрiсшiлерi 9,7 мың тонна дәндi- дақылдар тұқымын құйып, күзден берi 114 мың га. сүдiгер әзiрлеп, 6,6 мың га. қысқы дәндi- дақыл сеуiп, 5802 (70%) трактор, (68%) сепкiш, 1178 (76%) қопсытқыштар, 34100 (80%) тырмаларды жөндеуден өткiздi. Қазiргi кезде Қазақстанның басқа да облыстарынан дәндә- дақылдар тұқымын әкелу мәселесi шешiлуде. Дей тұрғанмен жергiлiктi орындарда ауыл тауар өндiрiсшiлерi тұқым мен жану- жағармаймен қамтамасыз ету ынтасы байқалмай отыр. Облыс бойынша жащдық дақыл тұқымдарымен қамтамасыз ету 19, соның iшiнде: Зеленов –15%, Тасқала- 9%, Теректi- 13%, Шыңғырлау- 27% құрап отыр. Облыста 48 машина- технологиялық станциялары құрылғанына қарамастан ауылшаруашылық техникасын жөндеу қарқыны төмен деңгейде болып келедi, әсiресе: Ақжайық, Зеленов, Сырым аудандарында. Облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Облыста көктемгi- далалық жұмысқа әзiрлiк жөнiндегi облыстық ауылшаруашылық департаментi бастығының орынбасары С.Ғ. Нұрғалиевтiң хабарламасы қатерге алынсын.
Тармақ 2
2. Шаруашылық субъектiлерi мен арнайы жер қорында шегiрткемен күрес шараларын жүргiзуде жану- жағармайларын алу үшiн жергiлiктi бюджет арқылы облыс әкiмшiлiгiнен 8,5 млн. тенге қаржы бөлінуi қаралсын. Келісілген: Келісілген: Облыс әкімінің орынбасары Облыс ауылшаруашылық Департаменті бастығының орынбасары В. Алексеев С. Нұрғалиев