Вопросы Агентства Республики Казахстан по поддержке малого бизнеса Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.04.1999 № 475 қаулысымен. "Қазақстан Республикасының Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 27 сәуiрдегi N 3926 Жарлығының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған: Қазақстан Республикасының Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi туралы ереже; Қазақстан Республикасы Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң құрылымы; Қазақстан Республикасы Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Мыналар: Қазақстан Республикасы Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң штат кестесi Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi орталық аппаратының тиiстi адам санын қысқарту есебiнен 22 адам болып; қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi 2 болып белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасының бiр орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң аппаратын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте мемлекеттiк органдарды ұстауға көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi ағымдағы жылға арналған республикалық бюджеттiң мемлекеттiк органдарды ұстауға арналған шығыстарында қажеттi өзгерiстер енгiзсiн.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесе отырып Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын шыққан актiлерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстар енгiзсiн.
Басқа 7. Қазақстан Республикасының Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 13 мамырдағы N 433 Қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi туралы ЕРЕЖЕ Миссиясы: шағын бизнестi мемлекеттiк қолдауды күшейту, кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiнiң кепiлдiгiн нығайту.
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) - Қазақстан Республикасының шағын кәсiпкерлiктi қолдауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органы, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Агенттiктiң аппаратын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте орталық атқарушы органдарды ұстау үшiн көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Агенттiктiң құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Тармақ 5
5. Агенттiк заңды тұлға болып табылады, оның банкте шоттары, өз атауы мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазылған бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi болады.
Тарау ii. II. Агенттiктiң басымдықтары
II. Агенттiктiң басымдықтары
Тармақ 6
6. Агенттiктiң басымдықтары мыналар болып табылады: шағын кәсiпкерлiктiң елдiң экономикалық өсуiндегi маңызы мен рөлiн күшейту; шағын бизнес саласында қалың жұртшылықты тарту; шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi қызметiнiң еркiндiгiне кепiлдiктердi күшейту.
Тарау iii. III. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi
III. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi 7. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: шағын кәсiпкерлiктi дамыту үшiн қолайлы жағдай жасау жөнiнде, оның iшiнде оған қаржылық, техникалық көмек және өзге де көмек түрлерiн көрсету мәселелерi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу және шаралар қабылдау; орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi iс-қимылын үйлестiру; шағын кәсiпкерлiктiң Қазақстан Республикасындағы және аймақтардағы даму теңдесулерiнiң талдау, шағын кәсiпкерлiктiң дамуына кедергi келтiретiн факторларды анықтау; шағын кәсiпкерлiктi қорғауға бағытталған заңдардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру; несие, инвестициялық және сауда саясатын, сондай-ақ шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне қатысты жекешелендiру саясатын қалыптастыруға қатысу.
Тарау iv. IV. Агенттiктiң функциялары
IV. Агенттiктiң функциялары
Тармақ 8
8. Агенттiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес: шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларының орындалуын ұйымдастырады және үйлестiредi; шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытуды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және Үкiметке ұсынады; мүдделi орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн әртүрлi мемлекеттiк тапсырыстар мен бағдарламалардың орындалуына тартудың тәртiбiн белгiлеуге қатысады; шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мемлекеттiк қаржылық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-техникалық әзiрлемелер мен технологияларды пайдалануының жеңiлдiктi шарттарын жасау туралы ұсыныстар әзiрлейдi; шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бюджеттен тыс қорлардың, заемдық және басқа да қаражаттың есебiнен жүзеге асырылатын инвестициялық және инновациялық қызметтерiн реттеу жөнiнде ұсыныс әзiрлейдi; шағын кәсiпкерлiк саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн дамытуды қамтамасыз етедi; республиканың аймақтарында шағын кәсiпкерлiк инфрақұрылымдарын қалыптастыруға және дамытуға ықпал етедi; шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi қоғамдық ұйымдарының (одақтардың, ассоциациялардың, конгрестердiң) қызметiн ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге қолдау көрсетедi; шағын кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi шараларды әзiрлеуге және iске асыруда жергiлiктi атқарушы органдарға жәрдем көрсетедi; орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне байланысты проблемаларды шешудегi өзара iс-қимылын ұйымдастырады; шағын кәсiпкерлiктiң жай-күйi мен оны мемлекеттiк қолдаудың тиiмдiлiгiне талдау жасайды; шағын кәсiпкерлiктi дамыту тенденцияларын анықтау және шағын кәсiпкерлiктi дамыту және қолдау бағдарламаларының тиiмдiлiгiн айқындау үшiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн анкеталауды ұйымдастырады, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қажеттi сұраныстарын анықтайды; орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың шағын кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау жөнiндегi заңдарды сақтауына бақылау жасауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiне шағын кәсiпкерлiктi қолдау жүйесiндегi кемшiлiктердi жою жөнiнде қабылданған шаралар; шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi құқықтарының бұзылуы; Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң шағын кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау жөнiндегi актiлерiн iске асыру барысы туралы хабарлайды, сондай-ақ олардың дұрыс орындалмауына кiнәлi лауазымды тұлғаларды республиканың заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту туралы ұсыныс енгiзедi; мемлекеттiк органдардың қарауы үшiн анықталған тәртiп бұзушылықтарды, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шағын кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау туралы актiлерiнiң орындалмауына немесе дұрыс орындалмауына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс енгiзедi; мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың және азаматтардың өтiнiштерiн қарайды, шағын кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау мәселелерi бойынша қорытынды ұсынады; Үкiметке және тиiстi мемлекеттiк органдарға шағын кәсiпкерлiктi қолдауды қамтамасыз ету мақсатында салық салу жүйесiн жетiлдiру, қаржы және несие саясатын өзгерту жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне қатысты жекешелендiру саясатын қалыптастыруға және iске асыруға қатысады; шағын кәсiпкерлiктi қолдауға және дамытуға бағытталған қаржы қаражаттарының пайдаланылуы тиiмдiлiгiне бақылау жасауды жүзеге асырады; шағын кәсiпкерлiктi дамытудың аймақтық бағдарламаларын зерделеудi және талдауды жүзеге асырады; шағын кәсiпкерлiктi, оның сыртқы экономикалық қызметiн қаржылық, техникалық және инвестициялық қолдауды үйлестiрудi жүзеге асырады, шағын кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесушi шетелдiк әрiптестерiмен ғылыми-техникалық және өндiрiстiк-коммерциялық байланыстар орнатуға ықпал етедi; қолданылып жүрген заңдарға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Тарау v. V. Агенттiктiң құқықтары
V. Агенттiктiң құқықтары
Тармақ 9
9. Агенттiктiң өзiне жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыруы және мiндеттердi орындауы кезiнде: заңдарда белгiленген тәртiппен және Агенттiк белгiлейтiн мерзiмдерде мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан шағын кәсiпкерлiктi дамытуға қатысты мәселелер бойынша қажеттi құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға; мемлекеттiк органдар өткiзетiн, Агенттiктiң құзыретiне қатысты мәжiлiстерге, жиналыстарға және кеңестерге қатысуға; өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiк органдар мен ұйымдарды тексерудi жүзеге асыруға, шағын кәсiпкерлiктi дамытуға қатысты мәселелер бойынша көрсетiлген органдар мен ұйымдардың лауазымды тұлғаларын тыңдауға; тексеру жүргiзу кезiнде тиiстi мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың басшыларынан, өзге де лауазымды тұлғаларынан ауызша және жазбаша түсiндiрме, құжаттар, анықтамалар және өзге де материалдар алуға; Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiне шағын кәсiпкерлiктi қорғау және мемлекеттiк қолдау мәселелерi бойынша анықталған заңдарды бұзушылықтарды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы хабарлауға; тиiстi мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың лауазымды тұлғаларының алдына олар қабылдаған шағын кәсiпкерлiктi дамытуға кедергi келтiретiн актiлердi тоқтату, өзгерту немесе олардың қолданылуын тоқтата тұру туралы мәселе қоюға; шағын кәсiпкерлiктi дамытуға бағытталған нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге және оларды Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң қарауына енгiзуге; заңдарда белгiленген тәртiппен сарапшыларды тартуға, коммерциялық емес ұйымдармен, уақытша шығармашылық ұжымдармен шағын кәсiпкерлiктiң проблемалары бойынша тауарлық шолулар мен болжамдар дайындау жөнiнде шарттар жасасуға құқығы бар.
Тарау vi. VI. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру
VI. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 10
10. Агенттiктi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметiнен босатылатын Төраға басқарады. Агенттiктiң төрағасы өз құзыретiнiң шегiнде: бұйрықтар мен өкiмдер шығарады; Агенттiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; Агенттiк қызметкерлерiнiң тапсырылған учаскедегi қызметтi жүзеге асыру үшiн жауапкершiлiгiнiң дәрежесiн белгiлейдi; азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн қарайды; қазақстандық және шетелдiк заңды тұлғалармен өзара қарым-қатынаста Агенттiктi ресми бiлдiредi; заңдарға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Белгiленген санының және қызметкерлерге еңбекақы төлеу қорының шегiнде Агенттiктiң штат кестесiн, сондай-ақ оның құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi Агенттiктiң төрағасы бекiтедi.
Тармақ 12
12. Агенттiк шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiмен өзiнiң қызметiн үйлестiру мақсатында өз жұмысына штаттан тыс кеңесшiлердi тартады.
Тармақ 13
13. Агенттiк кәсiпкерлiк құрылымдармен өзара iс-қимылдың және ынтымақтастықтың заңдарға қайшы келмейтiн өзге де нысандарын пайдалана алады.
Тармақ 14
14. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Тарау vii. VII. Жауаптылығы
VII. Жауаптылығы
Тармақ 15
15. Агенттiк өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыруы және өз функцияларын жүзеге асыруы кезiнде шағын кәсiпкерлiктi дамытуға кедергi келтiретiн факторларды уақтылы анықтауға, сондай-ақ шағын кәсiпкерлiктi қорғауға бағытталған заңдардың сақталуына тиiстi бақылауды жүзеге асыруға жауапты.
Тармақ 16
16. Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн Агенттiктiң төрағасы жеке жауаптылықта болады.
Басқа 30. Қазақстан Республикасы Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 12 мамырдағы N 433 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң ҚҰРЫЛЫМЫ Басшылық Шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың мемлекеттiк саясаты басқармасы Шағын бизнес субъектiлерiнiң кәсiпкерлiк қызметi еркiндiгiн қамтамасыз ету басқармасы
Басқа 31. Қазақстан Республикасы Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 13 мамырдағы N 433 Қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" ЖАҚ