О вопросах Министерства финансов Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің кейбір аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Көкшетау» кедені және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Қызылорда» кедені - мемлекеттік мекемелері құрылсын.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) 5-1-тармақтың 6) тармақшасындағы «аумақтық органдары -» деген сөздер алып тасталсын;
Тармақша 2
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде: 11-тармақтың 127) тармақшасы алып тасталсын;
Тармақша 3
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күйінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің кейбір қайта ұйымдастырылатын аумақтық органдарының - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 461 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің кейбір қайта ұйымдастырылатын аумақтық органдарының - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің «Астана - жаңа қала» кедені Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаментіне бірігу жолымен. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департамент Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментіне бірігу жолымен. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары бойынша Кедендік бақылау департаментіне бірігу жолымен.
Басқа 10. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 461 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
Тармақ 1. 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша)
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша)
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті. 8.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары бойынша Кедендік бақылау департаменті.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
Тармақ 2. 2. Кедендер
2. Кедендер
Тармақ 14
14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің «Байқоңыр» кедені.
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің «Достық» кедені.
Тармақ 16
16. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің «Қаржы-шаруашылық кедені».
Тармақ 17
17. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Көкшетау» кедені.
Тармақ 18
18. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Қызылорда» кедені».
Тармақ 3. 3. Мамандандырылған кеден мекемелері
3. Мамандандырылған кеден мекемелері
Тармақ 19
19. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің «Кинология орталығы».
Тармақ 20
20. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің «Орталық кеден зертханасы».
Тармақ 21
21. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Астана қаласындағы оқу-әдістемелік орталығы.
Тармақ 22
22. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Атырау қаласындағы оқу-әдістемелік орталығы.