О запрещении сбора (заготовки) лома и отходов цветных металлов Күшін жойған
Басқа 0
Түсті металлдардың сынықтары мен қалдықтарын қабылдауға тыйым салу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды -
Қостанай облысы әкімінің 24.12.2004 № 59 шешімімен.
Үстіміздегі жылы түсті металлдардың ұрлануы салдарынан облыс экономикасына айтарлықтай материалдық зиян келтірілді. «Оңтүстік электр желілері» ААҚ келтірілген зиянның сомасы 7 млн. теңгеден асып түсті, Қостанай облыстың телекоммуникациялар дирекциясына — 9,8 млн. теңге, «Қостанай электржелілер тарату компаниясы» ААҚ - 48,5 млн. теңге. Ішкі істер басқармасына ұрлық жасау фактілері бойынша 540-тан астам өтініштер жіберілген. Электр беретін желілерден сым ұрлау кезінде 11 адам қаза тапқан.
Жоғарыда келтірілгендердің негізінде облыстың электр қуатымен тұрақты түрде және үздіксіз қамтамасыз етілуіне және телекоммуникация жұмысына әсер етететін әлеуметтік маңызы бар объектілерін қорғау үшін ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. 1999 жылғы 15 желтоқсаннан бастап Қостанай облысының аумағында түсті металлдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға) тыйым салынсын.
Тармақ 2
2. Бұрынырақта экономика, индустрия және сауда департаментінің түсті металлдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау) бөлігіндегі рұқсат қағаздар алуға берген өтініштері қайтарылып алынсын.
Тармақ 3
3. Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 1 ақпандағы № 1-29ө өкімінің 1 тарауына өзгерту енгізілсін — «түсті және қара» сөзі «қарамен» алмастырылсын.
Тармақ 4
4. Қостанай облысының ішкі істер басқармасы (С.Ж. Жорабеков) түсті металлдардың сынықтары мен қалдықтарын жасырын түрде жинауды болдырмау жөніндегі жұмысты күшейтсін, ай сайын есеп беретін айдан кейін келетін айдың 5 жұлдызына дейін атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп отырсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыру облыс әкімінің орынбасары С.Ә. Дәрменбаевқа жүктелсін.