О переименовании улицы Новая в селе Кызыл-Кайрат Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызыл-Қайрат ауылындағы Новая көшесінің атауын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14–бабының 4-тармақшасына сәйкес және Талғар аудандық ономастика кеңесінің келісімі мен тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Алатау ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қызыл-Қайрат ауылындағы Новая көшесінің атауы Ахият Хамитов көшесі атауына өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды ауылдық округ әкімінің орынбасары Б.Т. Атейбековке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.