О внесении изменений в Закон Республики Казахстан "О национальной безопасности Республики Казахстан" Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 1998 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 11-12, 173-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-баптың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "қоғамдық қауіпсіздік - Қазақстан азаматтары өмірінің, денсаулығының және игілігінің, сондай-ақ Қазақстан қоғамы құндылықтарының оларға залал келтіре алатын ықтимал қауіптер мен қатерлерден саяси-құқықтық, рухани-адамгершілік, әлеуметтік қорғалуы;"; 19-баптың 4-тармағы алып тасталсын; 22-баптың 6-тармағы алып тасталсын.