Об утверждении Правил и условий присвоения статуса "Национальный" государственным организациям культуры, отдельным профессиональным художественным, творческим коллективам Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе берудің қағидасы мен шарттарын бекіту туралы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе берудің қағидасы мен шарттары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе берудің ҚАҒИДАСЫ МЕН ШАРТТАРЫ
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 2011 жы­л­ғы 10 ма­мыр­да­ғы № 76 Жар­лы­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе берудің ҚАҒИДАСЫ МЕН ШАРТТАРЫ
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе берудің қағидасы мен шарттары (бұдан әрі – Қағида) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе берудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Тармақ 2. 2. "Ұлттық" мәртебе алуға үміткер мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға қойылатын талаптар
2. "Ұлттық" мәртебе алуға үміткер мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға қойылатын талаптар
Тармақ 2
2. "Ұлттық" мәртебе қызметі мәдениет саласында ерекше мемлекеттік және қоғамдық мәнге ие және мынадай талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға беріледі:
Тармақша 1
1) мына: мәдениет саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен берілген "Академиялық" мәртебесі бар; елде және шетелде жылына кемінде алпыс концерт өткізетін концерттік ұйымдар, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдар; жаңа қойылымдарды қоса алғанда, жылына кемінде екі жүз спектакль көрсетуді жүзеге асыратын театрлар; жеке тұрған ғимараты бар театрлар, концерттік ұйымдар, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдар;
Тармақша 2
2) музейлер: кемінде жиырма бес жыл немесе астанада орналасқан республикалық меншіктегі музейлер – кемінде он жыл тұрақты және тиімді қызметті жүзеге асырады; кәсіпқойлықты, жұмыстың тиімділігі мен сапасын арттыру үшін өз қызметінде инновациялар енгізеді; жеке тұрған ғимараты болады; халықаралық бағдарламалар мен жобаларға қатысады; музей қорының құрамында ұлттық мәдени игілік болып табылатын мәдени құндылықтардың кемінде он пайызы болады;
Тармақша 2-1
2-1) кітапханалар: кемінде жиырма бес жыл тұрақты және тиімді қызметті жүзеге асырады; кәсіпқойлықты, жұмыстың тиімділігі мен сапасын арттыру үшін өз қызметінде инновациялар енгізеді; жеке тұрған ғимараты болады; халықаралық бағдарламалар мен жобаларға қатысады; кітапхана қорының құрамында сирек кездесетін қолжазбалар, көне кітаптар, құжаттар мен басылымдар коллекциялары болады, олардың кемінде он пайызы ұлттық мәдени игілік болып табылады.
Тармақ 3
3. Театрларға, концерттік ұйымдарға, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе беру "Академиялық" мәртебе берілген сәтінен бастап кемінде он жыл өткен соң жүргізіледі.
Тармақ 3. 3. "Ұлттық" мәртебе беру тәртібі
3. "Ұлттық" мәртебе беру тәртібі
Тармақ 4
4. Республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының жетекшілері, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының басшылары мәдениет саласындағы орталық уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) «Ұлттық» мәртебе беру туралы қолдаухат ұсынады. Қолдаухатқа мынадай құжаттар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мәдениет ұйымы, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжым қызметкерлерінің жалпы жиналысының "Ұлттық" мәртебе беруге ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мәдениет ұйымының, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымның қызметі туралы Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің дамуына қосқан үлесін көрсететін анықтама;
Тармақша 3
3) КСРО-ның және (немесе) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары бар мәдениет қызметкерлері, шығармашыл қызметкерлер туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) "Академиялық" мәртебе берілген құжаттың көшірмесі (театрлар, концерттік ұйымдар, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдар үшін);
Тармақша 5
5) қызметі туралы республикалық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында және шетелдің бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдардың (кемінде он жарияланым) көшірмелері;
Тармақша 6
6) мәдениет саласындағы іс-шараларға (республикалық және халықаралық маңызы бар конкурстарға, фестивальдарға, көрмелерге) қатысқаны және (немесе) жүлделі орындар алғаны туралы куәландыратын құжаттардың көшірмесі.
Тармақ 5
5. Осы Қағиданың 4-тармағында көрсетілген құжаттар театрдың, концерттік ұйымның, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымның "Академиялық" мәртебе берілген сәттен бастап сіңірген еңбегін көрсетуге тиіс.
Тармақ 6
6. Қолдаухаттар ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде уәкілетті органның мекенжайына жіберілуге тиіс. Көрсетілген мерзімді бұза отырып жіберілген қолдаухаттар қарауға қабылданбайды.
Тармақ 7
7. Уәкілетті органның жанынан құрылған арнайы комиссияның ұсынымы негізінде 10 қазанға дейін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе беру туралы ұсыныс енгізеді.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе беру туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын қарауға енгізеді.
Тармақ 9
9. "Ұлттық" мәртебені Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті береді.