О дополнительных мерах по материальной поддержке пенсионеров Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Зейнеткерлердi материалдық жағынан қолдау жөнiндегi қосымша шаралар туралы 📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 12.07.1996 № 899 қаулысымен. Негiзгi азық-түлiктiң бағасы үздiксiз өсiп отырған жағдайда зейнеткерлерге материалдық жағынан қосымша қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "1993 жылы зейнетақыны арттыру мен индекстеу туралы" 1993 жылғы 22 сәуiрдегi N 325 қаулысымен белгiленген зейнетақыларды одан әрi арттыру жүзеге асырылғанға дейiн 1993 жылғы 1 шiлдеден бастап, жұмыс iстемейтiн зейнеткерлердiң алатын зейнетақыларына ай сайын қосымша мынадай үстеме ақы жасау қамтамасыз етiлсiн: жасына байланысты толық еңбек зейнетақысын және мүгедектiгiне байланысты, еңбек сiңiргенi үшiн зейнетақы алатындарға, сондай-ақ мүгедектiгiне байланысты зейнетақы алатын мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерiне - 7000 сом; еңбек стажы толық емес жағдайда зейнетақы алатындарға; сондай-ақ асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алатындарға - 5600 сом; әлеуметтiк зейнетақы алатындарға - айына 4200 сом.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгi жергiлiктi әкiмдер көрсетiлген төлемдер жасауды уақтылы жүзеге асырсын.