Об определении перечня целевых групп населения Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халықтың нысаналы топтарының тізбесін анықтау туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7-баптарына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында, Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2011 жылға арналған Аманкелді ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарының тізбесі анықталсын.
Тармақ 2
2. "Аманкелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қарастырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.У. Хайруллинге жүктелсін. КЕЛІСІЛДІ: "Аманкелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ______________________ М.Тобағабулов
Басқа 5
Әкімдіктің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 97 қаулысына қосымша Аманкелді ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарының 2011 жылға ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. Табысы аз адамдар.
Тармақ 2
2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
Тармақ 3
3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.
Тармақ 4
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар.
Тармақ 6
6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).
Тармақ 7
7. Мүгедектер.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.
Тармақ 9
9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
Тармақ 10
10. Оралмандар.
Тармақ 11
11. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.
Тармақ 12
12. Жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар.
Тармақ 13
13. Алған мамандығы бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдардың түлектері.
Тармақ 14
14. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (бір жыл және одан да көп).
Тармақ 15
15. Елу жастан асқан адамдар.