О переименовании улицы Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Көшені қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңыңың 35 бабы 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңының 14 бабы 4 тармақшасы, 2011 жылғы 18 наурыздағы аулы тұрғындары жиналысының хаттамасына сәйкес Қарауылкелді ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ауыл орталығындағы Оңтүстік көшесі «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдар мен Құрмет Грамоталарымен марапатталған, «Қазақ ҚСР-іне еңбек сіңірген зоотехник» құрметті атағын алған, еліміздің экономикасының дамуына ерен еңбек жасап, өзінің үлкен үлесін қосқан Ержаев Мұхамбетқазы есімімен аталсын.
Тармақ 2
2. Ауылдың бас жобасына және ережеге сәйкес, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерімен келісе отырып көшедегі үй номерлерін белгілеу жүзеге асырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.