О переименовании улицы Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Көшені қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңыңың 35 бабы 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" заңының 14 бабы 4 тармақшасы, 2011 жылғы 18 наурыздағы ауылы тұрғындары жиналысының хаттамасына сәйкес Қарауылкелді ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ауыл орталығындағы Оңтүстік-1 көшесі жазушы, драматург, қазақ әдебиетінде, драматургиясында, кино саласында өзінің лайықты орны бар қаламгер Тәшенов Жұмабай есімімен аталсын.
Тармақ 2
2. Ауылдың бас жобасына және ережеге сәйкес, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерімен келісе отырып көшедегі үй номерлерін белгілеу жүзеге асырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.