Вопросы Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мәселелерi
"Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 31 наурыздағы N 329 P990329_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi туралы ереже;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару
жүйесi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiнiң жанындағы
Қылмыстық-атқару жүйесi департаментi туралы ереженi бекiту туралы"
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 7 тамыздағы N 1231
қаулысының ( Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 36, 340-құжат)
күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 6. Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiнiң
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2000 жылғы 5 мамырдағы
N 668 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiнiң
Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi құзыретiнiң шегiнде атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ қылмыстық жазаны атқару саласында салааралық үйлестiрудi қамтамасыз ететiн ведомство болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өзiнiң атауы жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитеттiң, егер оған заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 4
4. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен қылмыстық-атқару жүйесiнiң жұмысын ұйымдастыру мәселелерi жөнiнде бұйрықтар түрiндегi кесiмдер шығарады, нұсқаулар бередi.
Тармақ 5
5. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.
Тармақ 6
6. Комитеттiң облыстарда және Алматы қаласында өз құзыретiнiң шегiнде қылмыстық-атқару заңнамасының орындалуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы аумақтық органдары болады.
Тармақ 7
7. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Манас көшесi, 4.
Тармақ 8
8. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы ішкi iстер министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 9
9. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 10
10. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру мемлекеттiк бюджеттен және заң кесiмдерiнде көзделген көздерден жүзеге асырылады.
Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлермен Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтердi жүзеге асыруға құқық берiлсе, онда мұндай қызметтерден түскен кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
Тармақ 2. 2. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары
2. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары
Тармақ 11
11. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) жазаларды атқарушы мекемелер мен органдардың қылмыстық жазаларды атқару жөнiндегi жұмыстарын ұйымдастыру және жетiлдiру;
Тармақша 2
2) қылмыс жасады деп күдiк бiлдiрiлгендер мен айыпталғандарды, оларға қатысты заңды күшiне енбеген айыптау үкiмi шығарылған сотталғандарды қамауда ұстауды ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) жазаларды атқарушы мекемелер мен органдарда және тергеулiк оқшаулау орындарында құқық тәртiбi мен заңдылықты, олардың аумағындағы қызметкерлердiң, лауазымды адамдардың және азаматтардың, сондай-ақ онда ұсталатын сотталғандардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) Қылмыстық-атқару кодексiнде белгiленген сотталғандарды ұстау шарттары нормаларының орындалуын қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) сотталғандардың еңбегiн ұйымдастыру үшiн жағдайлар жасау;
Тармақша 6
6) сотталғандарға жалпы бiлiм беру мен кәсiптiк оқытуды ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) өз құзыретiнiң шегiнде қылмыстық-атқару жүйесiнiң тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету және оның шығыстарын бөлiнген қаржы мен лимиттердiң шегiнде қаржыландыруды ұйымдастыру, қылмыстық-атқару жүйесiнiң материалдық-техникалық базасы мен әлеуметтiк саласын дамыту және нығайту;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру және жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдарға қылмыстарды анықтауға, алдын алуға, жолын кесуге және ашуға жәрдемдесу болып табылады.
Тармақ 12
12. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамаларына және өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) соттардың үкiмдерiне, қаулыларына және айқындамаларына сәйкес сотталғандарды жазаларды атқарушы мекемелер мен органдарға, тергеулiк оқшаулау орындарына орналастыруды ұйымдастырады, сотталғандардың құқықтарының, оларды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудi және медициналық қызмет көрсету нормаларының сақталуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 2
2) сотталғандарға қатысты соттар үкiмдерiнiң, қаулыларының және айқындамаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады және ұйымдастырады, жазаны атқарушы мекемелер мен органдарда және тергеулiк оқшаулау орындарында режимдiк талаптардың орындалуын ұйымдастырады, сотталғандарды оқшаулауды және оларды қадағалауды қамтамасыз етедi;
Тармақша 3
3) сотталғандарды және қамауға алынғандарды жазаларды атқарушы мекемелер мен органдардан, сондай-ақ тергеулiк оқшаулау орындарынан басқаларына ауыстыруды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) өз құзыретiнiң шегiнде қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерi мен органдарын күзетудi және сотталғандар мен қызметшiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi, iшкi қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге, бас бостандығынан айыру орындарында ұйымдасқан қылмыскерлiктердi бейтараптандыруға және жолын кесуге байланысты мәселелердi шешедi;
Тармақша 5
5) қылмыстық-атқару жүйесiндегi жедел жағдайды тұрақты бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) рақымшылық және кешiрiм жасау кесiмдерiнiң орындалуын ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) сотталғандарды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды атқару, жазаның осы түрiн өтеуден жалтарушы сотталғандарға қатысты бастапқы iздестiру iс-шараларын уақтылы жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) сотталғандарды жазаларды атқарушы мамандандырылған мекемелерге жiбередi, алкоголизм мен нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеудi қамтамасыз ету бөлiгiнде соттар үкiмдерiнiң уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) сотталғандарды босатуға даярлау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды, жазалауды атқарушы мекемелер мен органдардың басқа да құқық қорғау органдарымен, атқарушы өкiмет және басқару органдарымен және қоғамдық ұйымдармен сотталғандарды түзеудiң нәтижелерiн бекiту, оларды еңбекке және тұрмыста орналастыру жөнiндегi өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi;
Тармақша 10
10) азық-түлiктi, заттай және интенданттық мүлiктi орталықтандырылған берудiң есебiнен бас бостандығынан айыру және алдын-ала күзетпен қамауда ұстау орындарында ұсталатын адамдарды тұрақты материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарымен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және өзге де ұйымдармен өзара iс-қимыл жасайды;
Тармақша 12
12) түзеу мекемелерi мен органдары жүйесiндегi азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы туралы шағымдар мен арыздарды қарайды;
Тармақша 13
13) қылмыстық-атқару жүйесiнде қызметiн жүзеге асыратын мекемелер мен органдарды да, мемлекеттiк кәсiпорындарды да құру және тарату туралы ұсыныстар дайындайды;
Тармақша 14
14) қылмыстық-атқару жүйесi аумақтық органдарының жұмысын үйлестiредi, оларға методикалық көмек көрсетедi;
Тармақша 15
15) қылмыстық-атқару жүйесiнiң аумақтық басқару органдарын, жазаларды атқарушы мекемелер мен органдарды, тергеулiк оқшаулау органдарын тексередi;
Тармақша 16
16) төтенше жағдайлар кезiнде қызметтiк және жауынгерлiк мiндеттердi орындау, қылмыстық-атқару жүйесiнiң қажеттi күштерi мен құралдарын тартуды және олардың басқа құқық қорғау органдары және күш қолдану құрылымдарымен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөнiндегi жедел iс-қимылдардың жоспарларын әзiрлейдi және iске асырады;
Тармақша 17
17) Комитеттiң кадрларын iрiктеу, орналастыру, оқыту және тәрбиелеу жөнiндегi жұмыстарды жетiлдiредi, қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерiн құқықтық және әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етедi, оларды кәсiби даярлауды ұйымдастырады;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерiмен бiрлесiп сотталғандарды тасымалдауды жоспарлайды және жүзеге асырады, Арнайы вагондардың жүру кестесiнiң жиынтығын әзiрлейдi және бекiтедi, әскери, арнайы тасымалдауларды жедел басқаруды жүзеге асырады;
Тармақша 19
19) жазаларды атқарушы мекемелер мен тергеулiк оқшаулау орындарында жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырады және ұйымдастырады, оны жетiлдiру жөнiнде шаралар қабылдайды, қылмыстарды анықтауда, алдын алуда, жолын кесуде және ашуда iшкi iстер органдарының жедел, тергеу және басқа да аумақтық бөлiмшелерiмен өзара iс-қимыл жасайды;
Тармақша 20
20) жазаларды атқарушы мекемелер мен органдарды, қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық басқару органдарын, тергеулiк оқшаулау орындарын заңнамаларда белгiленген тәртiппен бөлiнген қаржы мен лимиттердiң, сондай-ақ басқа да заңды көздерден алынған қаражаттардың шегiнде қаржыландыруды жүзеге асырады;
Тармақша 21
21) қылмыстық-атқару жүйесiнiң алдында тұрған мiндеттердi жүзеге асыру үшiн қаржы, материалдық-техникалық ресурстардың ұтымды бөлiнуiн қамтамасыз етедi, олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады, қылмыстық-атқару жүйесiнiң аумақтық басқару органдарымен бiрлесiп қылмыстық-атқару жүйесi мүлкiнiң тиiмдi пайдаланылуын және сақталуын бақылайды;
Тармақша 22
22) қылмыстық-атқару жүйесiн дамыту мен нығайтудың бағдарламаларын әзiрлейдi және iске асырады, олардың орындалуы жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 23
23) халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырады, жүзеге асырады және үйлестiредi;
Тармақша 24
24) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Комитетке жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Комитеттiң өз құзыретiнiң шегiнде негiзгi мiндеттерiн iске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңдарда белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) Өзiнiң аумақтық органдарына қатысты бақылау-билiк ету функцияларын орындауға;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардан қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң жобаларын дайындауға;
Тармақша 4. 3. Комитеттiң мүлкi
4) төтенше оқиғалар жағдайларына қызметтiк тексерулер жүргiзуге,
олардың себептерiн анықтауға және талдауға, мұндай жағдайларды болдырмау
жөнiнде шаралар қабылдауға;
5) жазаларды атқарушы мекемелер мен органдарда ерекше жағдай режимiн
енгiзуге;
6) өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мәжiлiстер,
семинарлар, конференциялар өткiзуге;
7) соттарда талапкер және жауапкер болуға;
8) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де құқықтарды
жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Комитеттiң мүлкi
14. Комитеттiң жедел басқару құқығында республикалық меншiкке жататын
оқшауланған мүлкi болады.
15. Комитеттiң мүлкі өзiне мемлекет берген мүлiктiң есебiнен
қалыптастырылады және негiзгi қорлар мен айналымдық қаражаттардан,
сондай-ақ құны дербес баланста көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
Тармақ 16. 4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
16. Комитеттiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқы жоқ. Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 17
17. Комитеттi Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Комитет төрағасының орынбасарлары болады.
Тармақ 18
18. Комитеттiң төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауаптылықта болады.
Тармақ 19
19. Комитеттiң төрағасы осы мақсатта:
Тармақша 1
1) өзiнiң орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкілеттiліктерiн айқындайды;
Тармақша 2
2) заңнамаға және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi бекiткен лауазымдардың номенклатураларына сәйкес кiшi басшы және қатардағы құрамның қызметкерлерiн, сондай-ақ Комитеттiң арнаулы шенi жоқ қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) заңнамаларда белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiн көтермелейді, тәртiптiк жаза қолданады;
Тармақша 4
4) Комитеттiң аумақтық органдары туралы ереженi бекiтедi;
Тармақша 5
5) мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
Тармақша 6
6) қолда бар қаржы ресурстары мен қылмыстық-атқару жүйесiнiң алдында тұрған мiндеттерiне сүйене отырып, жазаларды атқарушы мекемелер мен органдар үшiн шығыстардың сметаларын бекiтедi;
Тармақша 7
7) белгiленген тәртiппен республикалық бюджеттен қылмыстық атқару жүйесiне Комитеттi, жазаларды атқарушы мекемелер мен органдарды, қылмыстық атқару жүйесiнiң аумақтың органдарын ұстауға бөлiнген, сондай-ақ басқа да заңды көздерден алынған қаражатқа билiк етедi;
Тармақша 8
8) белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiн өзiнiң жазаларды атқарушы мекемелерi мен органдарына практикалық көмек көрсету үшiн және олардың қызметiне тексеру жүргiзу, басқа да қызметтiк мәселелердi шешу үшiн iссапарларға жiбередi;
Тармақша 9. 5. Комитетi қайта ұйымдастыру және тарату
9) Комитеттiң, сондай-ақ жазаларды атқарушы мекемелер мен органдардың
жеке құрамының арасында тәрбие жұмысын ұйымдастырады, олардың тәртiптi,
заңдылықты және құпиялық режимiн сақтауын, қызметтiк және жауынгерлiк
даярлығын қамтамасыз етедi;
10) азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады, шағымдар мен өтiнiштердi
қарайды, олар бойынша шешiм қабылдайды, тәртiп пен заңдылықты бұзу
фактiлерi бойынша қызметтiк тексеру жүргiзедi;
11) өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiм
қабылдайды;
12) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
5. Комитетi қайта ұйымдастыру және тарату
20. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 72. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің
қарауындағы ұйымдардың
Тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 5 мамырдағы
N 668 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің
қарауындағы ұйымдардың
Тізбесі
📌 Ескерту. Өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 27 қарашадағы
N 1761
; 2001 жылғы 3 шілдедегі N 907
қаулыларымен.
Тармақ 1
1. ЕЦ-166/4 мекемесі
Тармақ 2
2. ЕЦ-166/5 мекемесі
Тармақ 3
3. ЕЦ-166/10 мекемесі
Тармақ 4
4. ЕЦ-166/11 мекемесі
Тармақ 5
5. ЕЦ-166/13 мекемесі
Тармақ 6
6. ЕЦ-166/18 мекемесі
Тармақ 7
7. ЕЦ-166/20 мекемесі
Тармақ 8
8. ЕЦ-166/21 мекемесі
Тармақ 9
9. ЕЦ-166/22 мекемесі
Тармақ 10
10. ЕЦ-166/23 мекемесі
Тармақ 11
11. ЕЦ-166/24 мекемесі
Тармақ 12
12. ЕЦ-166/25 мекемесі
Тармақ 13
13. КА-168/1 мекемесі
Тармақ 14
14. КА-168/2 мекемесі
Тармақ 15
15. КА-168/3 мекемесі
Тармақ 16
16. КА-168/4 мекемесі
Тармақ 17
17. ЛА-155/1 мекемесі
Тармақ 18
18. ЛА-155/4 мекемесі
Тармақ 19
19. ЛА-155/6 мекемесі
Тармақ 20
20. ЛА-155/12 мекемесі
Тармақ 21
21. ЛА-155/13 мекемесі
Тармақ 22
22. ЛА-155/14 мекемесі
Тармақ 23
23. ЛА-155/16 мекемесі
Тармақ 24
24. ЛА-155/17 мекемесі
Тармақ 25
25. ІІБ ҚАЖБ-нің күзет бөлімі
Тармақ 26
26. УГ-157/1 мекемесі
Тармақ 27
27. УГ-157/9 мекемесі
Тармақ 28
28. УГ-157/10 мекемесі
Тармақ 29
29. ОВ-156/1 мекемесі
Тармақ 30
30. ОВ-156/2 мекемесі
Тармақ 31
31. ОВ-156/3 мекемесі
Тармақ 32
32. ОВ-156/6 мекемесі
Тармақ 33
33. ОВ-156/12 мекемесі
Тармақ 34
34. ОВ-156/13 мекемесі
Тармақ 35
35. ОВ-156/14 мекемесі
Тармақ 36
36. ОВ-156/15 мекемесі
Тармақ 37
37. ОВ-156/16 мекемесі
Тармақ 38
38. ОВ-156/17 мекемесі
Тармақ 39
39. ОВ-156/18 мекемесі
Тармақ 40
40. ОВ-156/19 мекемесі
Тармақ 41
41. ОВ-156/20 мекемесі
Тармақ 42
42. ЖД-158/1 мекемесі
Тармақ 43
43. ЖД-158/2 мекемесі
Тармақ 44
44. ЖД-158/5 мекемесі
Тармақ 45
45. РУ-170/1 мекемесі
Тармақ 46
46. РУ-170/2 мекемесі
Тармақ 47
47. РУ-170/3 мекемесі
Тармақ 48
48. АК-159/1 мекемесі
Тармақ 49
49. АК-159/5 мекемесі
Тармақ 50
50. АК-159/6 мекемесі
Тармақ 51
51. АК-159/7 мекемесі
Тармақ 52
52. АК-159/9 мекемесі
Тармақ 53
53. АК-159/11 мекемесі
Тармақ 54
54. АК-159/17 мекемесі
Тармақ 55
55. АК-159/18 мекемесі
Тармақ 56
56. АК-159/20 мекемесі
Тармақ 57
57. АК-159/21 мекемесі
Тармақ 58
58. АК-159/22 мекемесі
Тармақ 59
59. АК-159/24 мекемесі
Тармақ 60
60. ЗК-169/1 мекемесі
Тармақ 61
61. ЗК-169/4 мекемесі
Тармақ 62
62. УК-161/1 мекемесі
Тармақ 63
63. УК-161/2 мекемесі
Тармақ 64
64. УК-161/3 мекемесі
Тармақ 65
65. УК-161/4 мекемесі
Тармақ 66
66. УК-161/11 мекемесі
Тармақ 67
67. УК-161/12 мекемесі
Тармақ 68
68. ГМ-172/1 мекемесі
Тармақ 69
69. ГМ-172/6 мекемесі
Тармақ 70
70. ГМ-172/7 мекемесі
Тармақ 71
71. ГМ-172/8 мекемесі
Тармақ 72
72. АП-162/1 мекемесі
Тармақ 73
73. АП-162/2 мекемесі
Тармақ 74
74. АП-162/3 мекемесі
Тармақ 75
75. АП-162/4 мекемесі
Тармақ 76
76. АП-162/5 мекемесі
Тармақ 77
77. АП-162/10 мекемесі
Тармақ 78
78. ЕС-164/1 мекемесі
Тармақ 79
79. ЕС-164/3 мекемесі
Тармақ 80
80. ЕС-164/4 мекемесі
Тармақ 81
81. ЕС-164/6 мекемесі
Тармақ 82
82. ЕС-164/8 мекемесі
Тармақ 83
83. ЕС-164/9 мекемесі
Тармақ 84
84. ИЧ-167/1 мекемесі
Тармақ 85
85. ИЧ-167/2 мекемесі
Тармақ 86
86. ИЧ-167/3 мекемесі
Тармақ 87
87. ИЧ-167/9 мекемесі
Тармақ 88
88. ИЧ-167/10 мекемесі
Тармақ 89
89. ЕЦ-166/1 мекемесі
Тармақ 90
90. УЛ-154/4 мекемесі
Тармақ 91
91. ЛА-155/8 мекемесі
Тармақ 92
92. ЖД-158/4 мекемесі
Тармақ 94
94. ОВ -156/21 мекемесі
Тармақ 95
95. ОВ -156/22 мекемесі
Тармақ 96
96. ИЧ -167/11 мекемесі
Тармақ 97
97. ЛА -155/18 мекемесі
Тармақ 98
98. ЕЦ-166/26 мекемесі
Тармақ 99
99. ЖД-158/6 мекемесі
📌 ЕСКЕРТУ. Тізбе 94-97 жолдармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
2000.11.27. N 1775 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Тізбе 98-жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.07.03.
N 907 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Тізбе 99-жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.11.28.
N 1541 қаулысымен.