Об Агентстве Республики Казахстан по делам религий Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында және республикалық баспасөзде жариялануға тиіс Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігін (бұдан әрі – Агенттік) бөліп шығару жолымен, оған конфессияаралық келісім, азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Діни істер комитетін таратсын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің таратылатын Діни істер комитетінің штат санын Агенттікке беруді қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Агенттік Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің таратылатын Діни істер комитетінің міндеттемелері бойынша құқық мирасқоры болып белгіленсін.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін: 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі».
Тармақ 5
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті                                 Н. НАЗАРБАЕВ