О внесении изменений в некоторые акты Президента Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.05.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына актілеріне өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 421-құжат; 2007 ж., № 11, 119-құжат; № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 4, 43-құжат; № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 59, 510-құжат; 2010 ж., № 50, 454-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында: мына: «Саудабаев - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Қанат Бекмырзаұлы хатшысы - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, төраға» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Саудабаев - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Қанат Бекмырзаұлы хатшысы, төраға»;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы № 303 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 44-құжат; № 39, 396-құжат; 2003 ж., № 18, 180-құжат; 2004 ж., № 4, 50-құжат; № 51, 671-құжат; 2005 ж., № 44, 578-құжат; 2006 ж., № 7, 51-құжат; 2007 ж., № 5, 62-құжат; № 26, 299-құжат; № 35, 389-құжат; № 44, 515-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; № 49, 555-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; № 59, 510-құжат; 2010 ж., № 50, 454-құжат): аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің дербес құрамына мыналар енгізілсін: Бекназаров - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Бектас Әбдіханұлы Төрағасы, Қасымов Қалмұханбет - Қазақстан Республикасының Ішкі істер Нұрмұханбетұлы министрі, Дауылбаев - Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Асхат Қайзоллаұлы Кеңес төрағасының орынбасары; көрсетілген Кеңестің құрамынан: М.Т.Әлімбеков; С.Н.Баймағанбетов; Қ.Ә.Мәми; Е.І.Қайыржанов шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.